Нығматулиндермен айқасып, 21 жылға абақтыға жабылған кәсіпкер 10 жылдан соң ақталды

Нығматулиндер түрмеге жапты делінген кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мalim.kz-ке сілтеме жасап.

Нығматулиндермен болған кикілжіңдерден кейін 21 жыл арқалап абақтыға жабылған кәсіпкер Қуат Сұлтанбековке тағылған айыптар жалған болып шықты.  Жоғарғы Сот 10 жыл бойы түрмеде отырған балқаштық азаматқа    қатысты үкімнің күшін жойды.  Ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.

 

Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы сотының 2012 жылғы 25 мамырдағы үкімін, Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 10 шілдедегі қаулысын, облыстық сотқа қарайтын кассациялық сот алқасының Сұлтанбековке қатысты 2012 жылғы 28 тамыздағы қаулысының  күшін жойды.  

 

Сондай-ақ, сот алқасы Сұлтанбековке қатысты қылмыстық істі оның әрекеттерінде құқық бұзушылық болмауына байланысты тоқтатты. Қуат Мұратұлы Қылмыстық кодекстің 251-бабы, 1-бөлігі «атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша ұсталған болатын.

 

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, Сұлтанбековке істі  жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген моральдық шығын өтеледі.  Қаулыда Сұлтанбековтің 2012 жылғы 27 қаңтарда Алматы-Екатеринбург автожолының 1073-ші шақырымында ұсталғаны айтылған. Полицейлер оның жанынан атыс қаруын тапқанын айтқан. Ұсталған сәтте, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеу және басты сот талқылауы барысында Сұлтанбеков оқталған тапаншаны полиция қызметкерлері лақтырып жіберді деп мәлімдеді.      

 

Сондай-ақ қаулыда Сұлтанбековтың жеке тексеру хаттамасында ол ұстаған заттарды тексеру қара түсті тапаншаға ұқсас зат табылғаны және тәркіленгені  мәлім болды.  Мылтық ақ түсті картон қорапқа салынған, оған куәгерлер қол қойды, Сұлтанбеков қол қоюдан бас тартты. Тексеру барысында Panasonic бейнекамерасына жазба түсірілді. Іс материалдарынан тексеру хаттамасының бейнежазбасы жоқ, өйткені бейнекамера ақаулы күйде болған», - деп жазылған. 

 

Сотта куәгерлерден  жауап алынған. А.Н. Борисов пен А.М.Ахметов «Заттай дәлелдемелерді қарау кезінде іс жүргізу әрекеттері  бұзылғанын» жеткізді. «Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша, Сұлтанбековке қатысты бұрынғы сот актілерінің күші жойылады»,- деп түсіндірді Жоғарғы Сот.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қуат Сұлтанбеков жазасын 10 жылдан астам өтеген. Ол 2012 жылдың қаңтар айының соңында Қарағанды - Астана тас жолында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сақтады деген күдікпен ұсталып, абақтыға жабылған.

 

Өткен жылдың шілдесінде Жоғарғы соттың тергеу жүргізген.  Жәбірленушілер мен куәгерлер өздерінің дене жарақатын  басқа адамдар салғанын мәлімдеген. Яғни, Сұлтанбековке тағылған айыптар  жалған болып шықты. Сот оған қатысты істі тоқтатты. Тамыз айында Сұлтанбековтың өтініші бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

 

Айта кетейік, 2012 жылы Ерлан Нығматулинмен болған кикілжіңнен кейін балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков 21 жылға сотталып, 10 жылын отырып шыққан. БАҚ-та Нығматулиндердің Сұлтанбековқа тиесілі демалыс айлағын рейдерлікпен тартып алғандығы жөнінде ақпарат тараған еді.

 

«Бұл іс бойынша Сұлтанбеков жәбірленуші деп танылды. Мәселе Сұлтанбековке тиесілі демалыс аймағына қатысты. Кәсіпкердің адвокаты мен іскердің ресми өкілдерінің айтуынша, олар Нығматулиндер тарапынан рейдерлік басып алуға ұшыраған», - деген болатын елордалық адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев.

 

Қуат Сұлтанбеков пен Нығматулиндер арасындағы кикілжің 2011 жылы басталған. Сол уақытта Сұлтанбеков қаладағы жемқорлық мәселесін көтере бастаған. Кейіннен Балқаш прокуратурасы қаланы абаттандыруға жарияланған тендердің өрескел қателіктермен өткенін анықтаған. Ал Қарағанды облысының қаржы полициясы мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген қаржының талан-таражға түскенін анықтаған.

 

 Осыдан кейін Қуат Сұлтанбеков Балқаш – Астана тас жолында заңсыз қару алып жүру және сақтау айыбы бойынша ұсталып, кейіннен 3 жарым жылға сотталған. Жазасын өтеу кезінде Сұлтанбековтың үстінен тағы бес қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде 21 жылға бас бостандығынан айырылған. 10 жыл жазасын өтегеннен соң үш қылмыстық іс қайта қаралып, бостандыққа шыққан.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста