Нью-Йоркте ересектерге арналған балабақша ашылды
Жақында Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында басқаларға ұқсамайтын балабақша ашылды, оған тек кішкентай ұл-қыздар ғана емес, ересек адамдар да баруда, деп хабарлайды ТАСС.
Балабақшаның негізін құраушы әйелдің айтуынша, адамдар мұнда іштеріндегі балалықты уақытша сыртқа шығару үшін келеді. Кейбіреулері өмірге күрделі көзқараста болуды азайтқысы келсе, енді біреулері өзіне сенімділікті арттырғысы келеді. Ал кейбіреулері уақытты көңілді өткізу мақсатымен келіп тұрады.
Әзірге топта небірі алты адам бар, олардың арасында заңгер, программашы және жазушы бар. Аптасына бір рет өткізілетін сабақтар кезінде «балалар» сурет салып, ойнайды, ермексаздан мүсіндер жасайды, кейбір кездері экскурсияларға да шығады. «Балабақшада» дәстүрлі күндізгі ас пен ұйқы сағаты, сондай-ақ «балалар» таңдауы бойынша екі ересек адамды әкелуі тиіс ата-аналар жиналысы да бар.
«Балабақшаға» келу бағасының арзан емес екенін атап өту керек. Қаржылық мүмкіндіктеріне қарай тәрбиеленушілерге 333-999 доллар аралығындағы соманы төлеу ұсынылды.