Некеге тұрақсыздарға айыппұл салсақ қалай болады?

Некеге тұрақсыздарға айыппұл салсақ қалай болады?

Қазақстанда отбасын құрғандардың әрбір үшіншісі ажырасып кетеді екен. Және бұл статистикалық көрсеткіштің жыл өткен сайын оңалатын түрі көрінбейді. Үйленіп алып, үй болудың қиындығына шыдамай айырылысып жатқандарды тоқтату мүмкін болмауда. Сондықтан кейбір мамандар некеге тұрақсыздарға ірі көлемде айыппұл төлетуді ұсынып отыр. Әлемнің кейбір елдерінде бар мұндай тәжірибе бізге енгізілсе, ажырасуға асыққандарға аз да болса тұсау болары анық.
Қазақстанда тіркелген әрбір 100 неке­нің 34-і отбасы болып қалыптасып кете алмайды екен. Бұл жағдай елімізде жетім балалар мен жесір аналардың санын күрт көбейтіп жібергені белгілі. Мұны сот орын­даушыларының жұмысына қарап-ақ аңға­руға болады. Сот актілерін орындау де­пар­таменті бүгінде негізгі назарды али­мент төлеуден қашып жүрген әкелермен күреске аударғаны аңғарылады. Тек Сол­түстік Қазақстан облысының өзінде 6 мың­нан астам көкек әке туған балалары ал­дын­дағы қарызын, қарыз дейміз-ау, нақ­ты­рақ, әкелік парызын өтеуден қашып жүр. Әртүрлі шаралар жасалғанымен, қаш­қын әкелерді табу оңай іс емес сияқты.
Елена СКОКУНОВА, СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы:
– Солтүстік Қазақстан облысында али­мент бойынша 6 мыңнан астам сот ше­шімі орындалмай отыр. Сот орындау­шы­лары түрлі акциялар өткізеді. Рейдке шығып, борышкерлердің үйлеріне ба­ра­ды. Ескерту парақтарын таратады. Биыл үш рет акция өтті. Айта кету керек, сот орындаушылары көптеген қиын­дық­тарға тап болады. Алимент төлеушілер тұрғылықты мекенжайларын, қызмет іс­теп жүрген жұмыс орындарын жасыра­ды. Тіпті шет ел асуға әрекет жасайтындар да бар. Біз олардың мүлкіне қатысты қан­дай да бір заңды әрекет жасау құқы­ғына шектеу қоямыз. Қазақстан Респуб­ли­ка­сының аумағынан шығуға тыйым саламыз.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша баласына қарызы ең көп борышкердің тегі – Сидоренко. Ол баласына 3 миллион тең­ге берешек екен. Естеріңізге сала ке­те­йік, егер алимент төлеуші жұмыс істейтін бол­са, заңға сәйкес, бір бала үшін жала­қысының төрттен бірін беруі тиіс. Ажырас­қандардың ортасында екі бала болса, олар­ға табыстың 33 пайызы тиесілі. Ал үш не одан да көп балаға жалақының 50 па­йызы алимент ретінде төленеді.
Статистикаға көз жүгіртсек, ажырасып жатқандардың арасында жаңа үйленген жастардан гөрі оншақты жыл бірге тұр­ған­дардың саны басым екенін көреміз. Мы­салы, 2012 жылы ажырасқан 48,5 мың от­басының 24,9 пайызы 5-9 жыл бірге тұр­ғандар екен, ал 14,1 пайызы 20 жыл­дан астам уақыт өмірдің суығы мен жылы­сын бірге татқандар, тек 10,2 пайызы ғана бір жылға жетпей ажырасқандар болып шыққан. Солтүстік Қазақстан облысы ажы­ра­су жөнінен республикада алдыңғы орында. Мұнда бір жылда барлық некенің 40 пайыздайы тарап тынады екен.
Жанболат САМАШЕВ, Қызылжар қалалық әділет басқармасының басшысы:
– 2012 жылы қалада 1861 неке тір­кел­се, 836 жұп ажырасты. 2013 жылдың 10 айында 1996 неке тіркеліп, 859-ы ажы­расты. Көбіне балалары жоқ адам­дар ажы­расады. 2-3 жыл тұрады да, не­ке­ле­рін бұзады. Психологпен кеңескен­де, «көңі­ліміз жараспады, мінезіміз келіс­пей­ді» дейді. Ажырасатындардың орта жасы 26 мен 33 жас аралығындағылар.

Бүгінде үйленуден ажырасу оңай бо­лып кетті. Үйленудің машақатын бәріміз де білеміз, алдымен той жасау міндеті шы­ға­ды, ол үшін жақсы асаба, кең тойхана, сәнді көйлек тағысын тағыларды табу қа­жет. Одан кейін құдалардың да көңілін аулау маңызды, ол үшін тең-тең кит салы­на­ды. Ал ажырасу үшін бұл сән-салтанат­тың ешқайсысы да керек емес. Бар-жоғы бюджетке 2 айлық есептік көрсеткіш, яғни 3460 теңге төлесең болғаны.
Мысалы, Ресей Федерациясының де­пу­тат­тары дәл осы ажырасу үшін төленетін салықтың көлемін 1 мың АҚШ долларына дейін көтеруді ұсынып, бүгінде қоғамда талқыға салынып жатыр. Ал Вьетнамда не­кені бұзғаны үшін 10-20 миллион донг немесе 485-970 АҚШ долларына дейін айыппұл төлеуге тура келеді екен. Осын­дай айыппұлдарды бізде де төлету керек. Бұл туралы бастаманы Азаматтық альянс көтеріп отыр. Әзірге ұсынысты парламент немесе үкімет тарапынан қолдаушылар шыға қойған жоқ.

Бір пікір:
Қуандық ХАМЗЕНОВ, заңгер:
– Бұл бастама өте орынды. Дегенмен азаматтардың құқығын бұзады деушілер де табылатыны белгілі. Әрине, үйлену мен ажырасу әркімнің өз шаруасы, алайда отбасы Отанның негізгі тірегі екенін ұмытпайық. Сондықтан қандай да бір мемлекет салықты көбейту, айыппұлдар салу арқылы өз саясатын жүргізе алады. Егер ажырасу үшін бюджетке төленетін қаржының көлемін көбейтетін болсақ, жастар бұл қадамға бармас бұрын ойланар еді, тиісті қаржыны бірге жинаймыз деп жүргенде бір-біріне қайтадан бауыр басып қалуы да мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста