Неге «мәмілегер» демеске?!

Тамыздың 5-інен қазақстан­дық сот жүйесінде дауларды шешу­дің қосымша әдісі санала­тын жаңа институт – медиация күшіне енді. Әлбетте, жаңа де­ген­нің өзі қазаққа жат емес екендігі, керісінше, бүгінгі сот жүйесі ықылымдағы Ұлы дала билерінің дау шешу тетігіне ай­нал­ған мәмілегерлікпен толыға­тыны бұған дейін де айтылған. Әйтсе де осы қазаққа қайта түлеп жеткен медиация туралы не білеміз? Оның жұртқа жасай­тын жақсылығы қаншалықты? Осы жайында – аз-маз әңгіме.

                                Абай ОМАРОВ (коллаж)
Бүгінгі күні еліміздегі заңға қайшы әрекеттердің басым бөлігі, қылмыс деп танылып, іс сотта қаралып, соңы айыптыны абақтыға жабумен тынып жатқаны жасырын емес. Соның салдарынан аяғын шалыс бас­қаны, абайсызда кінә арқалағандар қыл­мыс­кермен қатар сотты болып жатыр. Он­дай шалыс басу да, қызуқандылықпен қыл­мыс жасау да, албырттықпен абайсыздыққа бару да ең алдымен жастарға тән құбылыс болатыны тағы белгілі. Ендеше, аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстардың көпшілігін сотқа жеткізбей-ақ айыпталушы мен жәбірленуші жақтың ортақ мәмілесімен шешудің маңызы зор болмақ. Екіншіден, өзара дауласқан тарапты үшінші жақтың келісімге шақыруымен сотқа жетпей тату­ластыру – қазіргі қылмыстық үдерістер бары­сында да бұрыннан қолданылатыны белгілі. Әйтсе де бұл қылмыстық заңнамаға сәйкес, тек жекелеген тараптардың өз ерік­те­рі­мен осы істі мәмілемен жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайында ғана қолданыла­тыны бар. Яғни қазіргі заң бойынша да бел­гілі бір жағдайда жанжалшыл тараптардың медиатр жүйесін қолдануына болады. Ал ондай жағдайда сот әлгі мәмілегерлік үде­рі­сінің қаншалықты заңды іске асырылған­дығын бақылайды. Үшіншіден, өркениетті жұрт тараптар құқын қорғауды жоғарыға қойып, дау бітімін алдымен олардың өз арасына ұсынады. Мұндай тәжірибеден тек жағымды сипаттағы көрсеткіштер өрнекте­леді. Мәселен, Малайзияда бітімгершілік арқылы сотқа жетпей тынатын істер саны 90 пайызды құрайды екен. Тек 10 пайыз іс қа­на сот төрелігіне жығылады. Ал Англияның сот жүйесінде медиация арқылы 50 пайыз іс шешімін тауып жатыр. Осынау әділ жүйе­нің отаны саналатын Қазақстанда әзірше бәрі керісінше, 90 пайыз іс бір ғана сот үкі­мін күтеді. Бітімгершіліктің үлесі — 10-ақ па­йыз. Сондықтан мамандар заң күшіне енгеннен бастап жеңілдіктерге жол ашыла­тынын, оның ішінде жеңілдік сотқа ғана емес, ең алдымен, оған жүгінетіндер үшін болатынын алға тартады.
Сөйтіп, дауласқанды сөзге тоқтатып, тату­ластыратын, бітімге келтіру арқылы шы­ғынның орнын толтыратын қазақтың дала демократиясындағы билердің мәмілегерлік институты өркениеттік үлгі ретінде қайта оралып жатыр. Расында, қазақ халқының өзіне тән бітімгерлігі, мәміле жасасу үлгісі – әлем жүйесінде қазылық жасаудың ең озық өнегесі саналады. Ендігі күні жер дауы мен жесір дауы, құн өндіру секілді бітіспестің бітімін кесіп айтатын, толғақты дүниені тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып тарқататын бабамыздың билік жасау өнері, дау шешудің озық жүйесі «медиация» деген бөтен атаумен енгелі тұр. Латыннан аудар­ғанда делдалдық ету, ымыраласу, келісу, тарап­тарды өзара келістіру немесе мәміле­герлік пен бітімгерлік жасау деген ұғымды беретін атаудың қазақша баламасыз қалға­ны әрине, өкінішті жайттың бірі болып отыр. Заңды Парламент қабырғасында талқылау барысында «медиацияны» «мәмілегерлік­ке» алмастыру туралы орынды ұсыныстар болғанымен, оның бәрі құжат бетінен көрі­ніс таппай бүктемеде қалды. «Мәмілегер­лік­тің» бұлайша бүктемеде қалуы да дәйек­сіз көрінеді, бізге. Бұл ретте заң жобасын әзір­леушілер ең алдымен халықаралық заң­намада латын сөзінің сол қалпы берілеті­нін, сондықтан бөтен сөзді бұзуға болмай­ты­нын айтып, мәмілеге келмей қойғаны есте. Расында да, көптеген терминдер халықа­ра­лық құжаттарда аудармасыз қолданы­ла­ды. Әйтсе де ұлттық заңнамадағы мұндай дүние халықаралық терминдерді еш ауда­ру­ға болмайды дегенді білдірмесе керек еді. Сондықтан да қалыптасқан қандай да терминді төл тілдің қолайына қарай қотару­дан еш ұтылмасымыз да анық. Қайта, бұл жұрт­шылық арасында кең түсінілікті қалып­тастырып, оны тіпті насихат­тауға да оңай жол ашатыны белгілі еді. Оның үстіне ме­диа­ция мен мәмілегерлікті қатар қолдан­ғанда қайсысы қолайға жақ екенін қазақ бірден ажырататынына күмән жоқ. Осы мәселелер жіті ескерілмегендіктен болар, заң солай бекіді, күшіне шетелдік атаумен енді. Дегенмен заңда солай жазыл­са да былайғы қалың жұрттың «медиа­цияны» емес,  «мәмілені» көп қолданатыны­на сенім бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста