Әз – күн мен түн теңесетін кезде қой ғана білетін гуіл. «Әз болмай, мәз болмайды» деген сөз бар. Әз өткенде күллі тіршіліктің бойына жан бітеді.
Наурыз – жаңа жылдың бірінші күні. Жаңа жылдың алғашқы айы да осылай аталады.
Наурыз бата – наурызға арнап сойылған малға, дәмге, дастарқанға, отбасына, жастарға берілетін бата.
Наурызек – наурыз айының соңында ұшып келетін құс.
Наурыз жыры – жаңа жылға арнап айтылатын тұрмыс-салт жырының бірі.
Наурыз көже – наурыз мерекесінде жеті түрлі дәмнен әзірленетін ас.
Наурыз мейрамы – күн мен түн теңелетін күні тойланатын мереке.
Наурыз жұмбақ – наурыз айындағы табиғат құбылыстарына, амалдар мен тоғыстардың, ауа райының өзгеруіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең.
Наурыз тілек – наурыз күні амандасып, көрісіп, құттықтап айтылатын тілек.
Наурыз төл – наурыз айында туған төрт түліктің төлі.
Наурызша – наурыздағы қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қар.
Наурыз шешек – наурыз айында гүлдейтін өсімдік.
Отамалы – жер отайып, малдың аузы көкке тиетін ай.
Үт – жабықтан түскен күн сәулесінен көрінетін тозаң. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген мәтел осыдан қалған.