Нанның қамын кім ойлайды?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Алтын дән даласы!» бірақ... нанның да бар наласы...
«Алтын күн аспаны, алтын дән даласы!» Иә, біз бұған мақтануымыз керек, бірақ... бірақ мақтанудың соңы мастануға ұласпаса керек-ті... Ал біздің мастанғанымыз емей немене күнде таңертең қаланың қай бұрышындағы қоқыс жәшігіне барсаңыз да, маңайы қалтаға салынған, тіпті кейбірі жерде де шашылып жатқан наннан көрінбейді. Сонда қаланың ит екеш, итіне дейін қатқан нанды жемейтін болғаны ғой?!. Оның да өз «нанын» шығарып, әдемі қалталармен супермаркет­ке толтырып қойсақ, әрине жемейді. Жә, иттің жағдайын қойып, осы нан жайын сөз етелікші...

Нан қазақты жаулап алу құралы болған...
Нан тарихы дегеннен шығады, осы тұс­та бір қызық айтайын, Ахмет Тоқтабай есім­ді қазақ жылқысын зерттеп, тұтас бір эн­циклопедия шығарған тарихшы ғалым ағамыздың кітабын оқып отырып, мына­дай жайтқа қанықтым. Ғалым «етке нан салудың өзі қазақтардың Ресейге қосылуы­нан болған жайт, сондай-ақ нан саудасы қазақтарды Ресейдің ықпалына кіргізу жолындағы стратегиялық тауар болды» деген мәліметті алға тартады. Міне қызық, жеп отырған асының жаулап алу құралы екені жайлы кім ойлайды?! Әрине, автор бұл жерде нан өндірісін дамыту мәселесі, қазақтарды көшпенді өмірден отырықшы­лыққа үйрету барысында ол фактордың өзіндік ықпалы болғанын айтып отыр. Бұл, әрине, қазақ оған дейін нанды білген жоқ дегені емес. Десек те, «қазақ бұрын егін сал­мады, жер өңдемеді» деген әңгіме ке­ңес­­тік дәуірде көбірек айтылды ғой. Бірақ осыған тойтарыс беретін бір керемет дәйек Қалба тауынан табылды. Ол – осыдан 5 мың жыл бұрын жер астында қал­­ған тас диірмен. Қаншама дәуірлер бо­­йы жер астында жатқан диірменді ар­хео­­лог­тар тауып алғанда, арасынан тарының дәні табылған. Міне, осы бір ғана көне диір­мен мен тары біздің тарихымызды 5 мың жылға ұзартып, сол тұста біздің ата-бабаларымыздың егінші­лік­пен айналыс­қанын дәлелдеп те берді. Кейінгі кездердегі Северс деген ғалымның жазбаларына қарап отырсақ та, 1700 жыл­дардың өзінде еліміздің Шығыс өңі­рінде бұлақтардың басына қазақтардың та­ры, арпа, сұлы, тіпті бидай да еккені жай­лы деректер келтіреді. Демек, бұл нан­ның қазаққа кірме ас емес екенін дә­лел­десе, екіншіден, егіншілік секілді ша­­руа­­шылықты бізге Кеңес үкіметі үйретпе­генін көрсетеді. Себебі таба нан, күлше нан, бауырсақтың түр-түрін қазақ бағзы заман­нан-ақ жақсы білген, оған оны ешкім де үйретпеген. Әсіресе, еліміздің Шығыс өңі­рінде әлі күнге жақсы сақталған құмалақ­тай ғана, ауызға салып қытырлатып жеп кете беретін дүкендерде қазір Зайсан бауырсағы деп сатып жүрген керемет бауырсақтың түрі. Оның құдіреті – кіп-кіш­кентай ғана бауырсақты жылдап сақ­тасаң да бұзылмайды, қатып тұрады, бірақ ауызға салсаң үгітіледі де кетеді. Соны­сымен де ол бағзыда шайқасқа аттан­ған, бертінде әскерге кеткен азамат­тарға жол­азық­қа таптырмайтын ас болған.
Нанның елі неге дұрыс нан жей алмай отыр?
Таяуда біз «Қазақы дастарқан» атты энциклопедиясы жарық көрген белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбай ағамызбен сұхбатқа барғанда, әңгіме еріксіз наннан басталып кетті:
– Нан деген – ең қасиетті ас, кейде біз нанның кепиетіне ұрынамыз ба деп қор­қамын. Неге? Өткен күзде еліміз 25 мил­лион­нан астам астық жинады. Бірақ тағы қанша астықтың қырманда қалып, қанша­сы қамбаға түскені, қаншасы экспортқа кетіп, қаншасы өз пайдалануымызға бе­ріл­­ді, ал қаншасы малға жемге кетті – осының барлығы – бізге белгісіз. Ол ту­ралы еш жер­де ашып айтылмайды, жазылмайды. Қа­лай болғанда да, бұл­тарт­пас факт – біз­дің бидайға бай екен­ді­гіміз. Және бидай бол­ғанда да дүние­жү­зін­де сирек кездесетін ұлпалылығы (клей­ко­­­вина) өте мол, сапалы ас­тық өседі бізде. Ал бірақ осылай бидайдың ас­тында жат­қан Қазақстан, оның ішінде, әсі­ресе, осы Алматы секілді мегаполис хал­қы неге дұ­рыс нан жей алмайды? Қазір дү­кен­дердегі ақ бөлкелер бір күн тұрса келесі күні жеуге жарамай қалады. Осының бар­лығы – нанды жасау технологиясының кем­­шілігі­нен. Баяғыда шешелеріміз нан пісір­генде қан­дай ашытқыға ашытты? Да­ла­да шыр­мауық деген өсімдік болатын. Сол шыр­ма­уықтан жасаған ашытқының на­ны керемет көтеріледі, сосын оны бірне­ше дүркін иін қандырып илеп, бастырып тастап барып, нан пісіретін. Ол нан он күн тұрса да не иістенбейді, не ашымаушы еді ғой. Қазір Қытайдан, Түркиядан, Ресей мен Украина­дан тағы басқа жақтардан түрлі ашытқылар алып келеді, бәлкім, сол ашытқылар сапасыз ба екен? Сосын бүгінгі бидайды ұн қылып тарту барысында озық техноло­гия­лардың пайдаланылатыны белгілі. Мүмкін, бәлен градус ыстық пен жылдам­дықпен жасалатын осы процесс барысында ұн боп шыққан бидай өз сапасын жоғалта ма екен?.. Қазір нан пісіретін зауыт көп, алайда солардың ішінде сапалы нан пісіретіні аз. Қаланың шетіндегі бір дүкенде 250 теңгеден нан сатады, дүкендердегі 65 теңгенің нанын емес, үш есе қымбат болса да соны аламыз, неге? Себебі әлгі қымбат наннан бала кезімізде жеген нанның исі аңқиды. Нан зауыттары да – жекеменшік, біреудің қал­та­сына қызмет етеді, пайда табу үшін олар бәсекеде басып озып, неғұрлым нанды тезірек пісіруі керек. Ал бірақ халық ден­саулығы, тұтынушы тал­ғамы деген қайда, нан зауыттары тек пай­да көздемей, неге бір уақыт халыққа са­палы нан беруді ойла­майды?
«Интернаттың наны» немесе «Күлпашты» оқысақ...
«Ей, Аяз, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қазақ қайда қазір?.. Әйтпесе басы­мыздан небір тарих өтпеді емес қой: бір үзім нан түгіл, бір уыс бидайға зар қылған аштықты қазақтай көрген ел жоқ шығар?! Бейімбеттің «Күлпашын» оқыған жан тіпті бүгінгі мынау иттің басына іркіт төгілген заманда отырып та аштықтың қасіретін сезінер еді... Амалсыз байға жал­данып, бір тілім етті қойнына тығып үйде қалған Мақтым мен Қалиына жан ұшыра жүгірген Күлпаштың олардың құшақтасқан күйі қатып қалған мүрделерін көрген сәті денені түршіктіріп жібереді. Мәселе сол «Күлпашты» оқымайтын бол­ғаны ғой бүгін көпшіліктің. Одан да өзге нан қадірін ұқтыратын шығармалар қазақ жазушыларында жетерлік... Мыса­лы, аштық болмай-ақ, бертіндегі заманды бей­­нелейтін Шерхан Мұртазаның «Интер­на­ттың наны» шығармасы қандай?!. Сонда ашқұрсақ интернат оқушыларының тіпті нанды тойып жеуді армандайтынын, сөйтіп, бір баланың түнде ел жатқанда көрпе астына тығылып, ауылдан алып келген таба нанын жеп жататыны... Міне, нан қадірін білгісі келгендер осыны оқыса дейсің...
Сол секілді, құрбым өзінің бір кез­дері оқыған шығармасымен бөлісті, оқиғасы былай: соғыс кезінде Ресейдің бір қаласы жау қоршауында қалады. Бар­лық байланыс үзілген, қала халқы аш. Жа­ңа жыл да келіп қалған еді. Сонда кәдімгі бүгінгі біздің кәмпит толы қалта орнына балаларға бір тілім нанды кәмпиттің қағазына орап, солай сый қылып үлес­тіреді. Міне, бір тілім нанның қадірі деп осыны айтыңыз!.. Ең қызығы, таяуда бір телебағдарламада сол кезді көзбен көрген бір әжей сөйлеп отыр, әлгі сыйға алған нанын жемей, ертеңгі күні ұрпағым нанның қадірін білмей кетсе көрсетейін деп, сақтап қойыпты.

Тоқсан ауыз сөздің...
Шүкір, бүгінде нағыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман дей аламыз. Десек те, нан қадірі жайлы бір мезет ойлап қоймасақ, аңның киесі секілді, нанның да киесі бары хақ... Діндарлар, түрлі апаттардың көбеюі осы нанды тастаудың, жалпы, мастанып, ысырапшылдыққа бой алдырғанның кесірі деп айтады... кім білсін?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста