Мұздақтар «арықтап» барады

Мұздақтар «арықтап» барады

Соңғы 10 жылдың ішіндегі ғылыми зерттеулер Қазақстандағы ауа райының 1,5 градусқа жылығанын айқындап отыр. Бұл әлемдегі орташа климаттық өзгерістен шамамен 2,5 есеге көп! Жер шарының ауа райы 0,6 градусқа ғана жылыған. Осының салдарынан тау басындағы мұздақтарымыз да «арықтап» барады. 1970 жылдан бастап Қазақстанда тау шыңдарындағы қар қарқынды ери бастаған. Орталық Азиядағы бұл құбылыс жер шары бойынша бірінші орында.

ss_trans2

Мәселен, Іле Алатауының солтүстік қойнауында кейінгі 50 жылда мұз көлемі 41 пайызға кеміген. Ал ХХІ ғасырдың соңына қарай бұл мұздақтардың түгелдей дерлігінен айырылып қалуымыз мүмкін екен. «Ал Жетісу Алатауынан біздің балаларымыз 40 жылдан соң бірде-бір шаршы метр мұз таба алмас», – дейді Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ғалым Ерлан Төлекбаев.

Кеше «Қазгидромет» орталығында қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясы сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл – сонда айтылған мәлімет.

Тау шыңдарындағы мұздақтардың еріп кетуі, әсіресе, ауыл шаруашылығына мұң болайын деп тұр. Ең бірінші соққыны ауыл шаруашылығы татпақ. Ерлан Төлекбаевтың айтуынша, Іле Алатауынан басталатын өзендердің су баланстары төмендеп, ауыл шаруашылығына тиесілі шығын жылдан-жылға арта түседі. «Жаһандық температураның көтерілуі Балқаш көліне құятын өзендердің суалуына әкеп соғады», – деді ол.

Ғалымның ойынша, бұл тығырықтан шығатын жол бар. «Ол үшін Қазақстанға су қоймаларын салуды жеделдетіп, көктемгі суларды тиімді қолдану жобаларын бастау қажет. Жайылма суларды жүйеге келтіру керек. Сондай-ақ табиғи және балама энергия қуатын қолдану жобаларына батыл бет бұру қажет», – дейді институт директоры.
Қазіргі экологиядағы ең үлкен өзекті мәселе – климаттың жаһандық жылуы. Оған бірден-бір себеп – парниктік газдардың қалдықтары. Яғни осы қалдықтарды түгендеу жаһандық проблеманы шешуге тиген үлес деп біледі БҰҰ-дағылар.

Министрдің айтуынша, климаттың өзгеруіне байланысты Қазақстанның бейімделу стратегиялары да әзірленуде. «Кәсіпорындар арасында парниктік газдар қалдықтарын түгендеу бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Енді Қазақстанның барлық кәсіпорындары тіркеліп, парниктік газ қалдықтарын лақтыруға рұқсат алатын болады», – деді ол. Сонымен қатар, министрдің мәлімдеуінше, Экологиялық салық төлемдерінің механизмдері де қарастырылуда. Бұған қатысты Еуропалық одақтың тәжірибесі меңгерілуде.

«Біз Киото шеңберіндегі барлық міндеттемелерді орындайтын болдық. Сондай-ақ тағы бір мәселені алға қойып отырмыз. Ол – пост-Киото мәселесі. 2020-2050 жылдар мерзімі аралығында қандай мемлекет қандай міндеттемелерді алады – соны анықтайды. Осыған байланысты Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Әділет министрліктері комиссия құрды. Енді жақын арада Премьер-министр біздің міндеттемелерімізді бекітеді. Сол міндеттерді Копенгагенде өтетін конференцияда жариялайтын боламыз», – деді ол осыған қосып.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста