Мұқағали мүшәйрасы өтті

Мұқағали мүшәйрасы өтті

Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі «Атамекен» ұйымы мен «Адырна» клубының ұйытқы болуымен «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деген тақырыпта студент жастардың арасында Алматы қалалық жыр мүшәйрасы өткізілді.
Бұл мүшәйра Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығы мен ақиық ақын Мұқағали Ма­қа­таевтың 80 жылдығына арналып отыр. Жалпы, өнер мен білім ордасы саналатын Алматы қаласында поэзияға жаны құмар жастар баршылық. Мұқағалидай қазақтың біртуар перзентіне арналған жыр дода­сын­да «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұл­пар­лар­дың» бағы мен бабын таразылаған әділ­қа­зылар алқасы Жәркен Бөдеш, Тұрсынәлі Рыс­келді, Жәди Шәкен сынды ақын-жазу­шы­лардан құрылды. Бас жүлдені Әл-Фара­би атындағы ҚазҰУ-дың студенті Бауыржан Әлқожа жеңіп алса, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәлімгері Сайрангүл Дақан­қызы I орынға ие болды. II орынды ҚазҰУ-дың филология факультетінің білімгері Қай­сар Қауымбек еншілесе, III орынды Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың студенті Рәтбек Мағазұлы мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің білімгері Қуа­ныш­бек өзара бөлісті.
ҚазҰАУ-дың тәрбие ісі және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Бауыр­жан Иманғалиев пен оқу-тәрбие ісі жө­ніндегі проректордың орынбасары Жұл­дыз Сүлейменова «бұны ақиық ақынға ар­нал­ған мүшәйра ғана емес, ән-жыр кеші деп бағалауға болады» деп түйді. Өйткені бұл жиында Мұқағалидың өлеңдері оқы­лып, оның сөзіне жазылған әндер шыр­қал­ды. «Аққулар, қош болыңдар...», «Сәби бол­ғым келмейді», «Шашыңнан бір иіс­кейін» тағы басқа әндер көпшіліктің көңілін сер­гітті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста