Мүмкіндік бар, ынта жоқ

Бүгінде елімізде сал ауруына шалдыққан мүгедек балалар саны жыл өткен сайын көбейіп барады. Нақты айтсақ, Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар болса, соның ішінде 10000-нан астам балаға балалардың сал ауруы (ДЦП — детский церебральный паралич) диагнозы қойылған. Бұған экологияның ластануы, климаттың өзгеруі, дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы секілді түрлі факторлар әсер етіп отыр.
Дәрігерлердің айтуынша, барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйе­мен емдеген жағдайда бұл аурудың сал­дарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейім­деуге болады екен. «Оның бірден-бір жолы — иппотерапия саласын (атқа мініп ем­деуді) дамыту», – дейді дәрігер маман­дар.
Жалпы, иппотерапия дегеніміз – адам­ды жылқының көмегімен, яғни ауруды атқа отырғызу арқылы емдеу деген сөз. Мұның әсіресе сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге септігі мол көрінеді. Таяуда Талғар ауданындағы жетім балалар, мүгедек балалар, соның ішінде сал ау­руымен ауыратын жасөспірімдер тәрбие­лене­тін «Ковчек» мекемесінде осы мәселе­лер­дің барлығы көтерілді. «Қазақстандағы ип­потерапияны дамыту» тақырыбында өт­кен баспасөз мәслихатына ҚР Емдік дене шынық­тыру дәрігерлері ассоциациясының пре­зиденті Людмила Дробышева, «Ков­чек» балалар баспана­сының директоры Ма­рина Сугакова т.б. дәрігерлер қатысып, ба­ла­лардың сал ауруын емдеуге болатын­дығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Людмила ДРОБЫШЕВА, ҚР Емдік дене шынықтыру дәрігерлері ассоциациясының президенті:
– Жылқы – табиғи тренажер. Иппо­те­ра­пия адамның психикалық және физи­ка­лық жағдайына кешенді түрде әсер етеді. Яғни атқа мініп жүру бары­сында дененің барлық негізгі бұлшық еттері іске қосылады. Бұл – рефлекторлы деңгейде болатын құ­бы­лыс. Себебі аттың үстінде отыру, онымен бірге қозғалу барысында бала тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Оның үстіне, жыл­қының температурасы адамға қара­ғанда 1,5-2 градусқа жоғары болған­дық­тан, ол өз қозғалысын адам­ға ыңғайлап, отырған адам­ды жылы­тып, бұлшық тонусын қалып­қа келтіріп, қан айналымын жақсартады. Бұ­р­ын мүлде жүре алмаған не аяққа тұра алмаған балалар үшін иппотера­пиямен тұрақты түрде айналысу баланың аяққа тұ­руына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта «Ковчек» мекемесінде 50-ден аса мүмкіндігі шектеулі балалар тәр­биеленіп жатыр. Оның ішінде 10-15 шақ­тысы қазақ балалары болса, қалған­дары – түрлі ұлттың өкілдері. Мұнда бала­ларға қазақ және орыс тілдерінде дәріс беріледі. «Ковчек» балалар баспанасының директоры Марина Сугакованың айтуын­ша, Қазақстанда иппотерапия секілді сауықтыру әдісі әлі де болса кеңінен тарала қоймаған екен.
Марина СУГАКОВА, «Ковчек» мекемесінің директоры:
– Иппотерапия саласымен емдеу тәсілі Еу­ропа, АҚШ-та жақсы дамыған. Тіпті бү­гінде 52 елде иппотерапия орта­лықтары ашыл­­ған. Алайда Қазақ­станда атпен жүру сал­­тымызда болғанымен, оны емдік жолға пай­­далану өз дең­гейінде орындалып жат­қан жоқ. Оған себеп, бұл салаға өте көп қара­жат ке­рек және жеткілікті дәрежеде ма­ман­дар­дың жоқтығы да айтарлықтай әсер етіп отыр. Осы ретте шетелдік маман­дар­ды еліміз­ге ша­қырып, олардан емдеу­дің түрлі тәсілдерін үй­ренуге болады. Бірақ оған мемлекеттік қол­дау мен арнайы бағ­дарламалар қабыл­да­нуы қажет. Жақында «Мэ­ри Кей (Қазақ­стан)» ком­паниясы біз­дің мекемеге иппоте­ра­­пиямен айналысу үшін пони (кішкентай жылқы) сатып алып бер­ді. Әрине, бізде қал­талы азаматтар көп. Олар біздің балалар се­кіл­ді демеушілікке мұқ­таж жандарға жәр­дем­дессе екен дей­міз. Сонда біздің балалар қоғ­амда өмір сү­руге бейімделіп, кішкентай жү­рек­теріне үміт оты жағылар еді.
Міне, дәрігер мамандар сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін жыл­қының пайдасы зор екендігін тілге тиек етіп отыр. Алайда олар балаларды емдеп, тәр­биелейтін сауықтыру меке­мелеріне жылқы алып беруге шамалары келмейді. Осы ретте олар «мүмкіндігі шектеулі бүл­діршіндердің аяққа тұруы үшін қалталы, жо­март азаматтар демеу­шілік жасап, кө­мек­тессе екен» дейді. Тіпті «Ковчек» бала­лар баспанасының дирек­торы Марина Су­гако­ваның өзі сауықтыру мекемесінде мүгедектік арбалардың жетіспейтіндігін алға тартуда. Осы тұста елімізде ірі мұнай компаниялары бар, түрлі коммерциялық ұйым өкілдері бар, балалардың қоғамға бейімделіп, емделуі үшін неге солар жәр­дем көрсетпеске? Әрі-беріден соң, ең бі­рін­ші, еліміздің эколо­гиясын ластап, халық ден­саулығына қауіп төндіріп отырған со­лар емес пе? Енді соның өтеуі ретінде олар­дың да мүгедек балаларға көмектесуін неге талап ете алмаймыз?
Өкініштісі сол, қазір «Ковчек» меке­месінде тәрбиеленіп жатқан 50 балаға екі-ақ жылқы бар. Оның бірі – бұрыннан келе жатқан ірі қазанат болса, екіншісі –жақын­да ғана «Мэри Кей» компаниясы алып бер­ген кішкентай пони. «50 бала үшін екі-ақ жылқы аздық етеді», – дейді мекеме басшысы. Елімізде сал ауруына шалдыққан он мың бала бар. Оның әрқайсысы жер-жердегі түрлі сауықтыру орталықтарында тәрбиеленіп жатыр. Он мың баланың ип­по­терапиямен емделуі үшін ары кетсе, екі-ақ мың жылқы керек екен. (Бес балаға бір аттан келеді). Осындайда қайырым­дылық жа­сап, қамқорлық танытар қалталы кәсіп­кер­леріміз қайда?
Қалай десек те, Қазақстанда иппоте­ра-­ пия саласы мемлекеттік қолдауға зәру. «Бұл ретте арнайы бағдарлама қабыл­данып, білікті мамандар дайындалуы қа­жет», – дейді дәрігерлер.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста