Мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау алмайды - Дәулет Мұқаев

Мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау алмайды - Дәулет Мұқаев

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамту мәселесін көтерді.

"Қазақстанда тұратын 711 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 420 мыңы – еңбекке қабілетті азаматтар. Бұдан бөлек 187,5 мыңы зейнет жасында болса, 104,3 мыңы – кәмелеттік жасқа дейінгі балалар. Оларға мемлекет тарапынан қажетті деңгейде қолдау көрсетілмей келеді. Ашығын айтқанда, жеке баспанасын аңсап жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың саны жетерлік", - деді ол Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалда. 
Халық қалаулысының сөзінше, мемлекет тарапынан баспана алуға арналған арнайы бағдарламалар қабылданғанымен, іс жүзінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімсіз болып отыр. 

"Негізгі мәселе – мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылмауы, сәйкесінше екінші деңгейлі банкте төлем қабілеттілігін растай алмауы. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың баспана ипотекасын рәсімдеуге қол байлау болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасылардың жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ. Бірақ қол қусырып отырған ешкім де жоқ. Олардың басым бөлігі үйден болса да жұмыс істеп нәпәқасын тауып отыр. Еліміздегі әрбір бесінші мүмкіндігі шектеулі жан ресми түрде жұмыс істейді", - деп атап өтті мәжілісмен. 
Бірақ көбі зейнетақы аударымдарын аудара алмайды, деп жалғастырды ол.

Осыған байланысты депутат бұл мәселенің шешу жолын ұсынды.

"Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік бағдарлама талаптарын қайта қарау қажет. Яғни, ипотека рәсімдеуде жеңілдетілген ұсынымдар енгізілуі керек. Екіншіден, екінші деңгейлі банктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға тәуекелі жоғары топ ретінде қарамау мәселесіне ерекше назар аудару қажетт. Мүмкіндігі шектеулі жандарға шексіз мүмкіндіктер сыйлау – сіз бен біздің басты міндетіміз", - деп түйіндеді депутат. 

inbusiness.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста