Мешіт қайыршылар мен саудагерлер үшін табыс көзі болып кетті

Мешіт қайыршылар мен саудагерлер үшін табыс көзі болып кетті

Қазір қай мешіттің ауласына кіріп барсаңыз да, көзіңіз ең әуелі есік алдында қолын жайып отырған қайыршылар мен заттарын алдына толтырып, қыз-қыз сауда жасап тұрған саудагерге түседі. Өзіңізді мешітке емес, әлдебір сауда орнына тап болғандай сезінесіз. Содан соң, амал жоқ, қалтаңыздың түбінде қалған тиынның жартысын қайыр­шыға салып, екіншісіне зат сатып аласыз. Саудагерлер мен тіленшек­тер де адамның буынына пышақ ұрады екен-ау деген ойға қаласыз.
Жақында Алматыдағы бір мешіттің алдын­да жолдасымды күтіп тұр едім, мынандай қызық оқиғаның куәсі болдым. Қызыл «Тойота» автокөлігінен орта жастағы кісі түсті де, мешіт қақпасына қарай бет алды. Намазға не жеке шаруасымен келген адамның бірі шығар деп ойладым. Ойла­ғаным сол еді, әлгі кісі мешіттің алдында қаз қатар отырған қайыршылардың қасы­на барып, бос орындыққа отыра кетті. Сөйт­ті де, тізелеріне алжапқышты жауып, қолын созып, өткен-кеткендерден қайыр сұрай бастады. Шынымды айтайын, мына оқиға мені қайран қалдырды. Сонда өзін-өзі мүгедек етіп көрсетіп, мешітке келген адамдарды алдау арқылы жеңіл ақша табудың қаншалықты рақаты бар екен?  Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз «Егер бір күндік тамағың мен бір күндік жатар орның болса қайыр сұрама» деген жоқ па еді?! Мешіт ауласында қайыршыдан кейін көзге бірден ілігетіні – саудагерлер. Бүгінде қай мешіттің ауласында да алдына тауарларын жайып қойып, саудасын қыз-қыз қайнатып жатқан саудагерлерге тап боласың. Тауарын алмай, саудагердің қасынан өте алмайсың, «мешітке келген соң Алла үшін сатып алуың керек» деп амалсыз қалтаңдағы ақшаңды шығартады. Ал тауарларының бағасы базардағы баға­дан әлдеқайда қымбат. Әрине, саудагер­лердің неге мешіт ауласына кіріп алатыны түсінікті. Себебі мұнда ешкім саудагерлерді тергеп, тексеріп жатпайды. Тәртіп сақшы­лары да мешіттің ауласында тұрғандықтан және Құран, дұғаларды сататындықтан, оларды елемей жүре береді. Ең қауіптісі, мешіттің ауласында сатылып жатқан кітап­тар, неше түрлі аудио-бейнежазбалар те­ріс ағымды насихаттайтын дүниелер болуы мүмкін. Оны да тексеріп жатқан арнайы органдар жоқ. Біздің азаматтарға айтары­мыз, еліміздегі өзі азғантай ғана мешіттерді қайыршылар мен саудагерлер ортасына айналдырмайық. Мешіттерімізді таза, адал ұстайық!
Оңғар қажы Өмірбек, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы:
– Жалпы, біз қазір шетелден келе­тін түрлі діни аудио-бейнежазбалар­ға тұсау сала алмай отырмыз. Оны кейбіреулер бизнес көзіне айналды­рып алған. Сонымен бірге басқа діни ағымның өкілдері мұндай жазба­ларды көптеп шығарып, еркін таратып жүрген жағдайлар кездеседі. Мұндай жазбалар қазір кез келген жерде сатыла беретін болды. Осыған тосқауыл қою керек. Ал орталық мешіттің ауласында сатылатын кітаптардың барлығы діни басқарма­ның сараптамасынан өткен. Біздің мәзһабтың кітаптары. Рас, қазіргі күні мешіттердің айналасында қайыршы­лар отырады. Бұл әр адамның жағдайына, санасына байланысты. Күнін көре алмай жүрген адамдарға біз не айта аламыз?
Сәбит Тоқтасынов, тұрғын:
– Шын мәнінде, мешіттердегі саудагерлер қандай тауар сатып отыр, ұлтқа қауіпті ме, қауіпсіз бе, сапалы ма, сапасыз ба, онда ешкімнің шаруасы жоқ. Елімізге кітаптарды айтпағанның өзінде, сырттан неше түрлі аудио-бейнежазбалар ағылып жатыр. Сонымен бірге бұрын дұға, сүрелерді Құран кітаптардан оқушы едік, қазір кез келген қарапайым заттың сыртынан көретін болдық. Ол заттардың кейін аяқастында жатқанын көргенде жүрегің ауырады. Қазір жаңадан неке қидырған жұбайларға арналған «Мұсылман неке куәлігі» шықты. Оны саудагерлер жас отбасыға «Осы неке куәлігі арқылы сіз Алланың алдында куәліктен өтесіз» деп алдап, 100 теңгеден сатады. Әрине, мұндай жайттарды тізе берсек өте көп.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста