Мерекелік кеште ұятсыз ойын ұйымдастырылды (видео)
Әлеуметтік желіде мерекелік кештегі жастардың тағы бір әдепсіз әрекеті жұрттың талқысына түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
Ойын ойнатқан асаба ортадағы қатысушыларға қолтырауын болуды бұйырады. Сол сәтте қыздар етпетінен жата қалып, олардың үстіне жігіттер құлай кетті. Асаба жастардың әрекетін келеке қылып, бір жігітке "мынау сенің әйелің бе?" деп сұрайды. Видеодан қызыққа қарқ болған қонақтардың күліп жатқаны естіледі.
"Мынадай ойынды ұйымдастырған асабаларды құрту керек", "Малдан да төмен", "Өлтіріп тастау керек асабаны", "Қазақ халқы шынымен қатты қуып кеттік, мынадай малдарды соттау керек, тамаданы өлтіріп тастау керек, намысы бар қазақтар болса, ойланайық!", — деп жазды желі қолданушылары.
Мерекелік кештің қайда және қашан болғаны белгісіз.