Мемлекеттік шекараны бұзғандарға оқ атқан мерзімді әскери қызметкер сотталуы тиіс пе?

Мемлекеттік шекараны бұзғандарға оқ атқан мерзімді әскери қызметкер сотталуы тиіс пе?

Неге ауыл тұрғындары өмірін қатерге тігіп, мемлекеттік шекараны бұзады?

12-сінен 13 тамызға қараған түні Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының шекарасында төтенше жағдай орын алды. Оқиға аяғы ауыл тұрғынының қаза табуына алып келді.

Қару қолданылды

Жамбыл облысы ІІД хабарлағандай, оқиға Тараз қаласынан 15 шақырым жердегі Жасөркен ауылы маңында болған. Белгісіз адамдар тобы түн жамыла мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпыныс жасаған.

ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» Өңірлік басқармасы, Тараз шекара жасағының «Жасөркен» шекара заставасының екі әскери қызметкері сол сәтте берілген аумақ көлемінде кезекшілікте болған, - деп хабарлады облыстық ІІД. – Шекараның бұзылғанын байқап (15-20 адам жасырынып, екі адам қоршауды қимақ болған), шекарашылар азаматтардан әрекеттерін тоқтатуды талап еткен. Алайда шекара бұзушылар жауап қатпастан, тас лақтырған. Бірнеше тас шекарасы басына тиген. Әскери қызметкерлер алдымен аспанға ескерту ретінде, кейіннен шекара бұзушыларға оқ атуға мәжбүр болған. Нәтижесінде бір адам басынан ауыр жарақаттанып, кейінірек қаза табады. Оның денесін сыбайластары өздерімен бірге алып кеткен.

Отанды қорғады ма?

- Қаза тапқан Қазақстан азаматы, Жамбыл облысы Жасөркен ауылының 30 жасар тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінде. – Өлік денесін ашу көрсеткендей, азамат оқтан болған ашық бас-ми жарақатынан көз жұмған. Іс ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлімі (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша тіркеуге алынды. Қаза тапқан азаматтың денесін оның сыбайластары бірге алып кетіп, туған-туыстарына жеткізген, ал өздері белгісіз көлікпен Жамбыл облысы аумағында із суытқан. Қазіргі сәтті жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, қызметкерлер қаза тапқан азаматтың туыстарынан жауап алуда.

Тараз шекара жасағы аумағында шекара нарядтары күшейтілді, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қосымша күші мен көлік құралдары әкелінді.

Ведомствода хабарлағандай, іс ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасына өткізілген, басқарма ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлімінің 3-тармағы «Қаруды қолдана отырып, ауыр салдарға алып келген билікті асыру пайдалану» бойынша жауынгерлік қаруды қолданған әскери қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған қылмыстық іс Бас әскери прокуратура бақылауына алынып отыр.

Аталған бап бойынша шекарашы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және осы тұста көкейде: дәл сол сәтте өзіне жауапкершілік алып және мемлекеттің шекарасын қорғаған, 21 жастағы мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген жігітті соттау қажет пе? – деген шартты сұрақ туындайды.

Әдеттегі істер?

Өз кезегінде, ІІМ басқармасы белгісіз адамдар сол кеште Қырғызстаннан жылқы табынын айдап өтпек болған деп хабарлады.

Міне, осы тұста оқиғаның ең қызық астарлары белгілі болды. Жасөркен ауылының тұрғындарымен сұхбаттасқан «КАРАВАН» журналистері бұл жерлерде шекаралас жатқан елден жылқы айдап өту – қатардағы істің бірі екенін анықтады.

- Мен жылқы тұяғының дабырын күнде естимін, - дейді жергілікті тұрғын шаруа Магомед. Ол өз тегінің жарияланбағанын қалады. – Контрабандалық мал тұрақты түрде шекара асып отырады. Негізінен жылқыларды айдап өтеді – олар тез жүреді, айдауға көнеді және ақылды. Шекарадан өту мүмкіндігі де жоғарылай түседі. Сиыр мен қойдың әуресі көп. Олар қырсық, кез-келген сәтте мөңіреп, маңырап сала беруі мүмкін, сондықтан оларды сирек өткізеді.

Мемлекеттік шекараға жақын маңда орналасқан, Қарой ауылы тұрғынының айтуы бойынша мал айдау «Гродеково» шекара постының оң жақ бөлігінен де іске асуы мүмкін.

- Түнде бұл адамдар жәй ғана жылқыларды айдап өтпей, біздің үйлерімізге де кіріп кетеді, - дейді ол. – Бірнеше жыл бұрын мен балалармен үйде жалғыз отырғанда, үйіме белгісіз адам баса көктеп кірмек болған. Дәл сол сәтте ауыл маңынан жылқы табыны өткен еді. Белгісіз адам есіктің құлпын ашпақ болды, мен бар дауысыммен: «Бұл кім?!» деп айқайлап жібердім. Құдай сақтап, ол қорыққаннан қашып кетті.

Кедей ауыл тұрғындарының үлкен бизнесі

Айтпақшы, шекарашылар шекара арқылы жылқы айдап өтетін құқық бұзушылармен жиі ұшырасып тұрады. Осыдан біраз уақыт қана бұрын, 8-тамызда, бір топ адам шекарадан бүтіндей бір табын жылқыны айдап өтуге талпыныс жасаған. Алайда, «Тоқта!» деген шекарашылар дауысын естіп, шекара бұзушылар бытырай қашқан. Шекарадан өткізіп үлгерген 16 ат сол күйі қалған. Шекарашылар табынды заттық айғақ ретінде заставаға айдап әкелген.

- Мұндай жағдайлар 2014 жылдан 2016 жылға дейін жиі тіркелетін, - деген түсіндірме берді ІІД баспасөз қызметі.

Кіріс көлемі төмен Жасөркен ауылының тұрғындары үшін мал айдап өту өзіндік бір шағын бизнеске айналған болса керек. Бұл көп табыс әкеле қоймайды, дәлірек айтқанда – шекараны ресми түрде өткісі келмей, заңсыз көмек сұрайтын азаматтардың немесе өз қаржыңды үнемдеп қалуға мүмкіндік деген дұрыс болар.

- Бұл қызметі үшін олар аздаған ақша ғана алады, - дейді Магомед. – Алайда бұл жерде күш пен қаржы үнемдеу де рөл ойнайды. Мал контрабандасы кезінде Қырғызстандық органдарды тауар тасымалдау туралы хабардар ету, ветеринарлық анықтаманы төлеу және алу сияқты процедураларды айналып өтуге болады.

Сонымен қатар, ағымдағы ережелер бойынша ветеринарлық бақылаудан өтуі тиіс тауарды Қазақстанға тек темір жол көлігімен алып өтуге ғана рұқсат етіледі. Бұл шаруалар қалтасына ауырлық салатын кезекті шығындарды туындатады. Осыған қоса, Қазақстан ет пен малды алып кіруге шектеулер немесе толықтай тыйым салатын кездері де жиі орын алады. Ал, адамдар заңды айналып өтіп, қаржысын сақтау қалу үшін өмірлерін қатерге тігеді. Қос республика шекарасындағы контрабанданың өршіп тұруының бір себебі осында. 

caravan.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста