Мемлекеттік рәмізді қорлаған тауарлар кеденнен қалай өткен?!

Мемлекеттік рәмізді қорлаған тауарлар кеденнен қалай өткен?!

Қарағандының киім-кешек сатылатын орталық базарында еліміздің туындағы қыран бейнеленген ішкиімдер сатылып жатыр! Ерлерге арналған. Бағасы 250-300 теңге тұрады. Шығарушы – Қытай халық республикасының шағын трикотаж фабрикалары. Сатушы – Қарағанды базарын жаулап алған қырғыз қыздары. «Тайке, байке, алыңыз! Арзан. Сапалы» деп қояды. Ышқыр қысар резеңке тұсына туымыз түстес көгілдір жолақ жүргізген. Жолақта тура тудағы сары бояумен «Қазақстан» деген сөз баттита ағылшынша жазылған. Балақсыз шолақ-шолтаң киімнің сол жақ сан киілер тұсында - Қазақстан картасы! Ол да сол аспан түстес байрағымыздың бояуымен боялған. Картаның дәл ортасында – Алтын күніміз, күн астында қанат жайған қайран қыранымыз!..

Қысық көз көршілеріміздің қасиетті рәміздерімізді мазақ етіп, намысымызды нанша турағаны бір бұл емес. Осыдан бірер жыл бұрын ішкі Қытайда бір шағын кәсіпкер тудың суреті салынған эмаль бояуларын шығарған. Ол тауар қайта Қазақстанда саудаланған жоқ. Ал мынау Арқаның төрінде, жайма базарда сатылып жатыр. Ішкиімді көргенде эмаль бояумен жылап көріскің келеді екен! Рәміздеріміз кіндіктен төменгі тұстан табылғанда намысымыз қай деңгейде екенін ойлай беріңіз.
Сорақылықтың тағы бір сипатын Қарағандыдағы «Бейбарыс» сауда үйлеріндегі аяқкиімдер сатылатын бұрыштан байқадық. «Жұпары аңқыған» қытайлық арзанқол «тәпішке» сыртында еліміздің көк туы бейнеленіп, «Қазақстан» деп жазылып қойыпты! Бүгін дүкеннен көрген аяқкиімді ертең батпаққа былғанған қалпы көшеден көргенде қайтер екенбіз?!

Бұрнағы жылдары мұхиттың арғы жағындағы алпауыт елдердің қыз-жігіттерінің жарнамаларда мемлекеттік туларын дамбал етіп киіп алғанын көріп, «біз бұл деңгейге жете қоймаспыз» деп ойлаушы едік. Он жыл өтпей-ақ жетіп алдық, енді озу ғана қалып тұр. Ең сорақысы – спорттық жарыстарда кроссовка, кеды тәріздес аяқкиімдер сыртынан шетелдік тулар бояуын көрсек, біздің туымыз арзанқол Қытай аяқкиімінің әлеміш жарнамасының жүгін көтеріп тұр!
Көк байрағымызды жекеменшіктегі кез келген ғимараттың маңдайшасына қимай жүргенде, кіндіктен төмен түсіп кеткені жанға батады екен!
Ерғазы ЖАЗЫҚБАЕВ, Қарағанды қаласы, Қазыбек би аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жазушы:
– Мемлекеттік рәміздеріміздің аяқасты болуы жанымызға батады. Мұны абыройсыз шаруа деп білемін. Мүлде ақылға сыймайды.
Валерий ТОКУПОВ, Қарағандыдағы мемлекеттік рәміздер шығаратын «Геральдика» фирмасының директоры:
– Бұл  еліміздің Ата заңына өте қарама-қайшы, заңды менсінбеу, қорлау  болып табылады. Құқық қорғау орындары аталмыш дүкенді жауып тастауы, базардағы тауарды кәмпескелеуі керек. Заң бойынша мемлекеттік рәміздерді кез келген жағдайда бейнелеуге, пайдалануға болмайды. Арнайы стандарттар бар. Оны тексеретін орындар бар. Ал әлгі абыройсыз қытайлық тауарлар шекарадан, кеденнен қалай асып келгені мүлде қисынға келмейтін шаруа екен!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста