Мектептеріміздің жарықтандыру жүйелерінің тиімділігі төмен

Мектептеріміздің жарықтандыру жүйелерінің тиімділігі төмен

Бүгінгі таңда ел аумағында қолданылып отырған жарықтандыру жүйесінің 95 пайыздан астамының тиімділігі төмен. Өйткені олар өткен ғасырдың 70-жылдарындағы технологияларға сәйкес құрастырылған. Бұл туралы жуырда Алматыдағы №63 жалпы білім беру мектебіне кезекті жарықтандыру жүйесін табыс ету кезінде Philips ком­па­ниясының өкілдері айтты.
Компанияның маркетинг және коммуникациялар жөніндегі маманы Александра Шпакованың айтуынша, мектептің жарықтандыру жүйесінің нашар болуы балалардың сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Мәселен, аталған компания өкілдері жүргізген зерттеу нәтижесінде жарықтандыру құрал-жабдықтары ескірген мектептерде оқушылардың кітап оқу жылдамдығының басқа мектеп балаларына қарағанда төмен екені анықталды. Қазіргі таңда әлем елдері электр қуатын үнемдейтін және адамдардың денсаулығы үшін тиімді жақтары бар жарықтандыру жүйелерін пайдалануда. Сондай жү­йелерді Philips компаниясы №63 жалпы білім беру мектебіне орнатты. «Бұл мектептің оқушылары әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған отбасыларынан шыққан №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері бо­лып табылады. Аталған мектептің жа­рықтандыру жүйесі 35 жылдан астам уақыттан бері жаңартылмай келген», – дейді А.Шпакова.
Бақыт Қосаева, №63 жалпы білім беру мектебінің директоры:
– Сыныптардың жарық­танды­ры­лу сапасы мен деңгейі 80 па­йызға артып, электр энергиясы 17 пайызға үнемделді. Мектебімізде тек электр қуаты үнемделіп қана қоймай, балаларымыздың сабақ үлгерімі де жақсарды. Жаңа құрал-жабдықтардың адам денсаулығына берер пайдасы мол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста