Мектепте жүріп жүкті болатын қыздар көбейіп барады

Мектепте жүріп жүкті болатын қыздар көбейіп барады

Таяуда «сегізінші сыныпта оқитын қыз жүкті болып қалыпты» деген хабар қоғамды дүрліктірген болатын. Бірақ, өкінішке қарай бұл жекелеген жағдай емес секілді. Өткенде ғана, 10 сынып оқитын ақтөбелік үш қыздың бала тапқаны жайлы да айтылғанды. Олардың екеуі баласынан бас тартса, біреуі психологтың үгіттеуінен кейін баласын бауырына басқан болатын. 

Базбір дерек көздерінің мәліметіне қарағада, елімізде жыл сайын кәмелет жасқа толмағандар арасында 3 мыңға жуық неке тіркеледі екен. Яғни, орта білім ордасын тәмәмдамай жатып, келін болып босаға аттап жатқан жеткіншектер қатары жыл санап артып келеді. Оның басты себебі – қыздың мезгілсіз жүкті болып қалуы.
«Әйелдердің шығармашылық ынтасы» қоғамының басшысы Әсел Хайруллинаның айтуынша, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы некелесу жағдайы бойынша көш басында Алматы қаласы, одан кейін Атырау, Алматы және Қарағанды облыстары тұрған көрінеді. 2009-2013 жылдар арасында 8 мың жеткеншектің некесі қиылса, 2014 жылы 2200 кәмелетке толмаған жас отау көтеріпті. Әрине бұл алаңдатарлық жағдай.
Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда жастар арасында бедеулік дерті белең алып барады. Ал оның бір себебі - ерте жыныстық қатынасқа түсу. Сондай-ақ бедеулік дертіне бастайтын тағы бір жол- жасанды түссік жасату. Мамандардың айтуынша, ойнап жүріп от басып, жүкті болған жеткіншектердің бірі еріксіз ерте тұрмыс құрса, енді бірі жасырын түрде жасанды түсік жасататын көрінеді. Ал енді бірі баласынан бас тартып, жетімдер үйіне табыстайды.
Еріксіз ерте тұрмыс құрған жеткіншектердің де болашағы бұлыңғыр. Өйткені көп жағдайда, жігіт қызды сүйіп емес, аяғы ауыр болып қалғаны үшін үйленеді. Белгілі бір кезеңге дейін ол жағдай алдыларынан шығады да тұрады. Сол кезеңнен өте алса жақсы, өте алмаса ажырасып тынары анық. Өткенде «Айтуға оңай» бағдарламасына келген бір кейіпкер жігіт басынан осындай бір жағдайдың өткенін айтты. Кейіпкердің айтуына қарағанда, мектеп бітірмей жатып үйленген. Себебі жүріп жүрген қызы аяғы ауыр екенін айтқан. Бірақ уақыт өте қыздың аяғы ауыр емес екені белгілі болады. Нәтижесінде ажырасады. Жігіттің айтуынша, ол қыздың «аяғым ауыр болып қалды» деп алдағанын кешіре алмаған. Бірақ ол ажырасуға сылтау ғана. Менің ойымша, ажырасудың басты себебі олардың әлі ойыны басылмаған бала екендігінде, отбасы құруға дайын еместігінде болған.
Бүгінгі айтып отырғанымыз мәселенің салдары. Ал оның себебі неде? Қазақтың болмысына жат қылық қайдан келді? Кеше ғана тұрмысқа шықпай, оң жақта отырып бала тапқан қызды кінәлаған болсақ, бүгін қыздарымыз мектепте оқып жүріп-ақ ана атанып жатыр. Бұған не дейміз? Кімді кінәлаймыз? Ата ананы ма? Қоғамды ма? Мектепті ме? Меніңше, үшеуінің де өзіне жараса кемшілігі бар. Шыны керек бүгінгі ата-ана бала тәрбиесіне аса мән беріп жатқан жоқ. Бүгінгі ата-ана үшін ең бастысы - алдымен баласын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету. Тәрбие екінші орында. Ал бүгінгі қоғам ұлттық тәрбиені уағыздауды мүлде ұмытты. Сондықтан жастар өз беттерінше, ғаламтор арқылы шетелдік тәрбиемен сусындап жүр. Жастар үшін барлық жағдайды жасауға тырысып баққан қоғам, оларды шеттен келіп жатқан індеттен қорғау қажет екеін ескеріп отырған жоқ. Мектеп те солай. Бүгінгі таңда мектеп үшін ең бастысы білім көрсеткіші. Ал тәрбие одан кейінгі орында.
Қарлығаш Құсайынова, психолог:
- Мектеп пен қоғамның да жауапкершілігі бар екені сөзсіз. Бірақ басты жауапкершілік ата-анада. Бүгінгі қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің ойсырағаны анық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді ғой қазақ. Бүгінгі жастар отбасында не көріп жүр? Ата-ананың ақша деп жанталасқан өмірін. Ақша жетпей ұрысқан ата-ана. Қадірі төмен отағасы. Жастарға еріп, желіккен үлкендер. Еркек әйелі қосылып ішімдік ішу. Тағысын, тағы... Осыны көріп өскен баладан не тілейсіз. Ал ұлттық тәрбиені насиқаттап жатқан мемлекет те жоқ. Жастарда «қалай да бай болу» керек деген сана қалыптасып келеді. Қыздарымыз бай жігітке тұрмысқа шығуды мақсат ететін болды. Соған барын салады. Бастықтың қызына үйленуді көздейтін жігіттер де аз емес. Яғни, жастар үшін басты құндылық байлық болып тұр. Сондай-ақ, жаханданудың да әсері мол екені сөзсіз. Жастар шет елден келген дүниенің бәрін «керемет» деп қабылдайды. Сүзгі жоқ. Міне соның нәтижесін көріп отырмыз.
Иә, мәселе ушығу алдында тұр. Бірақ қазірге соған алаңдап, қарсы шара жасап жатқан қоғам да, ата-ана да байқалмайды. Қазір мұндай мәселемен бетпе-бет келген ата-ана мектеп мұғалімдерін, мұғалімдер ата-ананы кінәлаумен ғана шектеліп отыр.
Ал, 8 сынып оқушысы жүкті болған мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі оқушы қыздардың пәк екенін тексеруді ұсыныпты. Бұл да, ашынғаннан, шарасыздықтан айтылған сөз болар.
Өкінішке қарай мектеп пен ата-ана арасында қарым-қатынас оңды емес. Ата-аналар ұстаздарды ақша жинаудан өзгені білмейді деп кінәласа, мұғалім қауымы ата-аналарды жиналысқа келмейді, баласының жағдайымен қызықпайды деп айыптайды. Сондықтан, істің басын ата-ана мен ұстаздар арасындағы осы кедергіні жоюдан бастау керек секілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста