Мектеппен қоштасу кешіне түлектер қалай дайындалады?

Мектеппен қоштасу кешіне түлектер қалай дайындалады?

 Қош бол, алтын ұя мектебім! Еліміздің барлық өңірлерінде 11-сыныпты тәмамдаған түлектердің мектеппен қоштасу кеші өтті. Үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған түлектер үшін бұл күн ерекше. Кешегі оқушы Диляра Смайылова мектеппен қоштасу кешіне үлкен дайындықпен келді. Мектеп формасын көрікті көйлек пен биік өкшелі туфлиге алмастырды. Бүгін ол балалық шаққа қол бұлғап, үлкен өмірге аяқ басады. Сондықтан бұл күн жас түлек үшін ерекше. Диляра Смайылова, «Алтын белгi» иегері: - Мына көйлекті табанымнан тозып екі апта бойы іздедім. Матаның түсі көзге бірден түседі, маған қатты ұнады. Осындай мерекелік кешке арналған. Бағасы – 50 мың теңге. Мектеп бітіру кеші түлектерді ғана емес, ата-аналар мен ұстаздарды да әуре-сарсаңға салатыны сөзсіз. Мейрамхана, асаба мен шоу бағдарлама мерекенің мәні, әрине. Сондықтан түлектердің тойына ешкім теңгесін аяп қалмайды. Отыз жыл ұстаз болған Ақкенші Жорабекова «жылдан-жылға балалардың талабы мен талғамы өзгеріп жатыр», - дейді. Салтанатты кештер заман талабына сай өткізіледі. Тәжірибелі мұғалім «бүгінгі жастар жылтырағанға жақын», - дейді. Ақенші Жорабекова, мұғалім: - 10 жыл бұрын мектеппен қоштасу кештері қарапайым өтетін. Қазіргімен салыстыруға келмейді. Бұрындары қыздар қалыңдық сияқты ақ көйлек киіп келетін, ал қазіргі көйлектер түрлі-түсті, өте әдемі. Және бүгінде қыздар бір кеште 2-3 көйлек ауыстырады. Алтын ұядан ұшып, жаңа өмірге жолдама алғалы тұрған жастардың бойын қимастық сезім кернейді. «Дегенмен бұл күн қайта айналып келмейді» дейді түлектер. Сондықтан кешті мәңгі есте қаларлықтай өткізгенді қалайды.

24.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста