Мектепке бармаған бала іздеп жүрміз

Мектепке бармаған бала іздеп жүрміз

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясын биыл екінші жыл өткізуде. Еліміздің барлық өңірлерін қамтитын аталмыш шара 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Шараның басты мақсаты – аз қамтамасыз етілген немесе көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты 1 қыркүйекте оқушылардың сабаққа келмеуінің алдын алу болып табылады.

Шараның қалай жүргізіліп жатқанын өз көзімізбен көру үшін Алматы облыстық балалардың құқын қорғау департаменті, Алматы облыстық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы мен Іле ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция қызметкерлерімен бірге рейдке шықтық. Заң бойынша, еліміздегі алты жасқа толған әрбiр бала мектепте бiлiм алуы тиiс. Алайда рейд барысында жасы 15-ке келсе де әлі күнге әріп танымайтын, санай да білмейтін, өмірінде мектеп табалдырығын аттап көрмеген балаларды кездестірдік. Осыдан-ақ балаларды жаппай мектепке тарту жөніндегі бұл шараның маңыздылығын аңғаруға болады.

Рейдімізді жаңа оқу жылы басталса да әлі күнге балалары мектеп табалдырығын аттамаған жанұялардың үйін аралаудан бастадық. Тронева Ларисаның елімізге келгеніне 11 жыл болыпты. Осыған дейін Талдықорған қаласында тұрған оның Алматы қаласына келгеніне 1,5 жыл болған. Әлі күнге Ресей төлқұжатымен жүрген Ларисаның балаларының да ешқандай құжаты жоқ. Балаларды мектепке тарту мақсатында тұрғындарды аралап жүрген арнаулы қызметкерлер олардың үйіне келген сәтте арақ ішіп отырған бір топ маскүнемдердің үстінен түсті. Мұндай жағдайда балаларының дұрыс тәрбие алмасын ұққан кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция қызметкерлері алты және жеті жасар ұлы мен қызын балалар үйіне жөнелтті. Балалардың екеуі де жаңа оқу жылы басталғалы мектепке не мектепке дейінгі даярлық оқуларына бармаған.

Келесі кездескен үйден полиция қызметкерінің көмегімен табылған сыған қызы Любовь биыл 15-те болса, сіңлісі Валя сегіз жаста. Бірақ әлі күнге бірде-бір рет мектеп табалдырығын аттамаған. Олардың ата-аналары қыздарының мектепке бармауының себебін түсіндіре алмады. Ал Іле аудандық білім бөлімінің қызметкерлері: «Олардың тұрақты мекенжайы болмағандықтан, үнемі көшіп жүреді. Сондықтан дер кезінде мектепке бейімдей алмай қаламыз», – дейді. Рейд кезінде білім бөлімінің қызметкерлері балалардың мектепке баруын қамтамасыз етіп, құжаттарын даярлауға және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қажетті құрал-жабдықтармен қатар, киім-кешекпен қамтамасыз етуге тапсырма алды.

Дархан НАҚЫСБЕКОВ, Іле аудандық білім бөлімінің бас маманы:
– Іле ауданы бойынша барлығы 37 мектеп бар. Жалпыға бірдей білім беру мақсатында қазіргі таңда аудандағы барлық ауыл тексеріліп, 1-17 жас аралығындағы барлық балалар тізімге алынды. Нәтижесінде мектепке бармай жүрген немесе қаңғыбастыққа салынған балаларды анықтап, олардың мектепке оралуына жағдай жасалды. Осы шара басталғалы Іле ауданы Байсерке ауылында мектеп жасына жасы жете тұра мектеп табалдырығын аттамаған үш жағдай кездесті. Қазіргі таңда ол балалардың барлығының құжаттарын түгелдеп, осы ауылға қарасты №9 мектепке орналастырдық. Сондай-ақ шара барысында қосымша «қамқорлық» айлығы өтеді. Онда тұрмысы нашар, жетім немесе жартылай жетім отбасы балаларын киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз ету қарастырылған.

Ғалым ЖАБАҚБАЙҰЛЫ, ІІД қоғамдық Қауіпсіздік басқармасының профилактика жөніндегі инспекторы:
– Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша ІІД-де 1469 жасөспірім қиын балалар тізімінде тұр және 1219 сәтсіз отбасы бар. Ол отбасыларда 3000-нан астам мектеп жасындағы балалар өсіп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері 68 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды. Бүгінгі рейд нәтижесінде Іле ауданы бойынша жасы білім алу жасына жете тұра мектеп табалдырығын аттамаған үш бала, сегіз сәтсіз отбасы анықталып отыр. Бұл сәтсіз отбасындағы ата-аналар ұдайы алкогольдік ішімдіктер пайдаланып, балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін тізімге алынып отыр. Шара барысында анықталған балалардың мектепке алынуы үшін құжаттарын даярлап, өзі тұратын аумақтағы мектептерде білім алуын қамтамасыз етеміз. Және ҚР Әкімшілік кодексінің 110-бабына сәйкес, баласына дұрыс білім бермегені үшін ата-аналар жауапқа тартылады. Айта кетер жайт, ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап ҚР Әкімшілік кодексінде кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы өзгерістер күшіне енді. Онда Әкімшілік кодекстің 112-бабының 1-ескертуіне сәйкес, түнгі сағат 22:00 мен 6:00 арасында жасөспірімдердің ойын-сауық орталығында болғаны үшін оның қожайынын жауапкершілікке тарту көзделген. Қазіргі таңда бұл өзгерістің маңызы өте зор болып отыр. Алматы облысы бойынша осы заң күшіне енгелі 17 ойын-сауық орталығының меңгерушісі жауапқа тартылды. Яғни ойын- сауық орындарының иелерін жауапкершілікке тарта отырып, жасөспірімдердің де беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуін қамтамасыз етеміз деген үміттеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста