Мектеп оқушылары қаруланып жатыр

Соңғы кезде ел ішінде қару ұстап жүретін адамдар саны күрт көбейіп кетті. Әрине, майданда жауға қарсы қолданатын кәдімгі сұп-суық қару емес, айтпағы­мыз — «Оса» деп аталатын оқпансыз, қорғанысқа бағытталған, адам денесіне жарақат салатын қару. Бірақ мұның адам денесіне жарақат салып қана қоймай, кейбір жандардың өмірін қиып кетіп жатқанын да көріп жүрміз. Тиісті органдар «Осаны» сатып алу мен пайдалануға қатысты шектеу қоятындай заң ережелерін енгізсе де, ол заң толық орындалып отыр деп айта алмаймыз.
«Оса» қаруы төңірегіндегі заң алғаш рет 1997 жылы Парламент депутаттарының көмегімен қа­былданған-ды. Онда әлгі «қорғанысқа бағыттал­ған» қаруды ұстап жүруге болады делінген. Соның сал­дарынан бүгінгі күні, әсіресе, жастар мен жас­өспірімдер арасында әртүрлі оқыс оқиғалар көбейіп, қылмыс қатары арта түскен. Қалалы жер­дің мектептерінде оқушылардың «Осаны» сабаққа алып келуі, одан бір-біріне оқ атуы секілді келеңсіз жағ­дайлардың да жиілеп кеткені жасырын емес.
Осы ретте Қостанай қаласында жастар арасындағы төбелестен үш адам аталмыш қарудан жарақат алды. Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 5-тер шамасында Шипина көшесінің бойында бір-бірімен келіспей қалған бес жігіт «Оса» қаруымен атысқан. Соның салдарынан үшеуі жараланып, емханаға түскен. Айта кетейік, әлгі жігіттердің бесеуі де банкирлердің балалары болып шыққан. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 257-бабы, 3-тармағы бойынша (қару қолдану арқылы тәртіпсіздік жасаған) қылмыстық іс қозғалып отыр. Әсіресе, мұндай көрініс Оңтүстік Қа­зақстанда жиі болады. Мұнда сәуірдің 2-сі күні бір емес, екі бірдей оқиға орын алды. Бірі — Сайрам ауданында болса, екіншісі – Шымкенттегі Seihan атты түнгі клубта «Оса» қаруымен оқ атылған. Ойын-сауық ошағының күзетшісіне қар­сы оқ ашқан жастар оқиға орнынан қашып құтылмақ болып, батальон инспекторын қа­са­қана қағып кеткен. Тәртіп сақшысы ауыр халде ауруханаға түсті. Оның аяғы бірнеше жерден сынған. Көлікпен қашпақ болған төрт азамат та ұсталды. Бәрі де 1986-1989 жылдардың аралығында туған жастар. Міне, «Оса» қаруын арнайы рұқсат қағаз арқылы алу керек болса да, бұл тапанша жастардың қалтасынан жиі табылып отыр.
Сонымен қатар, жуықта Алматы қала­сындағы №105 мектепте оқитын он екі жа­сар қыз өзінің сыныптасын «Осамен» атып алған. Абырой болғанда, бетінен оқ тиген қыз бала жедел емханаға жеткізіліп, аман қалған. Бұл жағдайды Алматы қа­ласы Ішкі істер департаментіндегі жасөс­пірімдермен жұмыс жасайтын басқар­маның мамандары былай түсіндіреді: «Қазір қалталы адамдардың балалары мектепке мәшинемен келетін болып кетті емес пе? Сондай бір адамның он екі жасар қызы жүргізушісі бір нәрсе алғалы сыртқа шығып кеткенде, көлікте жатқан «Оса» қаруын алып, ойыншық екен деп, байқау­сызда сыртта келе жатқан сыныптас қы­зына қарай атып жіберген. Оқ бетіне ти­ген, миына сәл ғана жетпей қалған екен. Әйтеуір аман. Қазір біз бұл жағдайларға қатысты біраз жұмыс атқарып жатырмыз. Мектептерде оқушылардың қару ұстап жүрмеуін ескерттік. Екіншіден, 18-ге тол­маған балаларға мұндай қару сатылмауы керектігін, қолдануға да болмайтындығын мықтап айттық».
Жа­салған қылмыстарды талдау кезінде зақым келтіретін қаруды қолдану арқылы қылмыс жасайтын адамдардың негізгі санаты 25 жасқа дейінгі жастар болған. Олардың арасында бұрын сотталғандар мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері болып табылатын адамдар да бар.
Бір қызығы, бізде 1997 жылы Пар­ламент депутаттары «қорғанысқа бағыт­талған қару» деп қабылданған заң, 2006 жылы Ішкі істер министрлігінің ұсыны­сымен өзгертілді. Министрлік қабыр­ғасында дайындалған осы заң жобасында жарақат салатын оқпансыз қаруды қол­дану мен сақтау ішкі істер орган­дарының рұқсатынсыз жүзеге аспай­тындығы нақты көрсетілген. Бұл заң сол кезде қабылданды. Десек те, бұдан кейін қылмыс едәуір азайды деп айта алмаймыз.
Қалай дегенмен де, тапаншаларды қолдану мен сақтауда қолданыстағы заңға біршама талаптар қойылғанымен, одан нәтиже шығар емес. Нақты айтсақ, ол шенділердің «еркетотайларына» жүрмей отырған секілді. Әйтпесе, неге жоғарыдағы фактілердің барлығында дерлік шенді­лердің, кәсіпкерлердің балалары қылмыс жасап, қолға түсіп отыр? Олардың қолына мұндай қаруды кім ұстатты? Қару-жарақ сататындардың кім болса соған қаруды ұстата бергені ненің белгісі? Сонда Қазақ­станда заң қағаз жүзінде ғана орындалу ке­рек пе? Заң орындалмаса, онда несіне әуре боп бекіттік?

Дерек
Құқық қорғау органдарының ресми деректеріне сүйенсек, соңғы үш жылда 200-ге жуық қылмыс тіркелген. (2006 жылы – 17, 2007 жылы – 55, 2008 жылы - 96), оның ішінде — 12 кісі өлтіру, 19 қа­рақшылық, 29 денсаулыққа түрлі жара­қат салу әрекеттері. Ал үстіміздегі жылдың үш айының өзінде оқпансыз қарудың кө­мегімен алты қасақана жасалған адам өлімі орын алған.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік поли­ция комитеті лицензиялық-рұқсат беру басқармасының бастығы Тимур Асыл­беков: «Оқпансыз қарумен жасалған қылмыстың азаймауының негізі себебі, 1997 жылдан 2006 жылға дейінгі ара­лықта азаматтардың бақылаусыз және есепке алмай сатып алған қарулары ІІМ-нің бақылауынан тысқары әркімнің қо­лына өтіп кеткендігінде. Сондықтан осын­дай келеңсіздіктерге ұшырап отыр­мыз. Ал қазіргі заңнамамызда «Оса» секілді тапаншасы барлар қаруды міндетті түрде қайта тіркеуден өткізуі керек.
Сондай-ақ, мылтық түрлерін сатып алу кезінде соттал­мағаны туралы, психо-нашақорлық диспансерінен міндетті түрде анықтамасы болуы шарт», – дейді.

Түйін
ІІМ дайындап, Парламенттегі халық қалаулылары қабылдаған заң толық орындалып отыр деп айтуға ауыз бармайды. Депутаттар қоғамымыздың дамуына тың серпін беретіндей заң қабылдаған соң, оның орындалуын бақылауға алып, тіпті орындалмаса, соған жауапты министрді (ішкі істер министрін) шақырып жауап алса, дұрыс-ақ болар еді. Ал осылай кете берсе, мына жақта қара халық бір-бірін жаудай атып, баудай сұлатуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста