Мектеп іргесінде арақ сатылып жатыр

Мектеп іргесінде арақ сатылып жатыр

 

Халқымыздың «балық басынан шіриді» деген даналығы құдды қостанайлық атқарушы биліктің атына айтылғандай. Қолданыстағы заңнамалардың орындалу барысына тексеріс жүргізген өңірлік прокуратура өкілдері шекпенді шенеуніктердің біраз былық-шылықтарын әшкереледі. Нәтижесінде, белді басқармалар мен департаменттің тізгінін ұстап отырған бірқатар лауазымды тұлғалардың аманатқа қиянат жасап келгені белгілі болып отыр.

Жіліктеп айтсақ, Қостанайда жеке кәсіпкер С.В.Ефремова №24 «а» бастауыш мектебі түбінде тұрған «Олимп» дүкені арқылы еркін арақ-шарап сатып келген. Ішімдік өнімдерін сататын сауда нүктелерінің білім-тәрбие беру нысандарынан кем дегенде 100 метр жерде болуы керектігін жақсы білетін Ефремова 9,5 метр жерде сауда жасаған. Сөйтіп, бастауыш қазақ мектебінде оқитын балғын оқушылардың «алкогольдік сауатын» ерте ашады-ау деп, құзырлы органдардың бірде-бірі лицензия бергенде көңіл аудармаған және қаперлеріне де алмаған. Жалпы, мұндай кемшіліктер Лисаков қаласында (5), Таран (20), Денисов (5), Жітіқара (7), Наурызым (2), Қарасу, Ұзынкөл мен Федоров (1) аудандарында да кездескен. Облыстық білім басқармасы дерегі бойынша, облыс аумағында білім-тәрбие ошақтарына жақын жерде алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын 116 лицензиат тіркелген. Олардың 83-іне жүргізілген тексерісте 59-ының заңсыз әрекеті анықталған.

Әбдіқадыр Кәрім, Қостанай облысының прокуроры:
– Бұл басқа емес, ең бірінші кезекте лицензия беретін мемлекеттік мекеме басшыларының мектеп пен алкогольдік ішімдіктер сататын сауда орындарының ара қашықтығын білмегені, сауатсыздығы және оған жіті назар аудармағанының көрінісі. Одан өзге теңеу не ақтау іздеп арамтер болудың қажеті жоқ. Бетін ары қылсын, бір күні мектеп жанынан мұнай өнімдерін сақтау, сатумен айналысатын кәсіпорын ашуға рұқсат беріп жүрмейтіндеріне кім кепіл? Балғын балалар тағдырымен ойнағандары еш ақылға сыймайды. Көзжұмбайлықтың кесірінен мемлекет, қоғам мүддесін «керексіз» еткендерге кешірім жоқ. Олар, сол арқылы, бірінші – қоғам қауіпсіздігіне нұқсан келтірсе, екіншіден, заңсыз кәсіпкерліктің өрістеуіне өз қолдарымен жол ашып беріп отырғандарын сезінбейтін сияқты.

Нақты айтсақ, экономика мен өнеркәсіп саласы бойынша лицензия беруде құзырлы органдардың заңға қарама-қайшы әрекеттерге барғаны анықталды. Сөйтіп, қолданыстағы заңнама талаптарына толық жауап бере алмайтын «кінәратты кәсіпорындардың» көбеюіне және заңсыз бизнес, жалған кәсіпкерліктің кең қанат жаюына тікелей тиек болған. Қолға тиген ресми деректерге жүгінсек, «Қарағайлы элеваторы» ЖШС заң бойынша мұнай өнімін сақтау нысанын пайдалану үшін құзырлы органның лицензиясы қажеттігін біле тұра құны 165 мың теңгеден асатын түрлі жанар-жағармайды заңсыз сақтап, сатумен айналысқан. Осы анықталған кемшіліктер негізінде «көлеңкелі кәсіпкерлігі» үшін серіктестік басшысы Е.В.Ведлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жауапты мекемелер шабандығын шебер пайдаланған немесе солардың «қамқорлығын» көрген «Иволга-Холдинг», «Сарыағаш», «Тобольское-1», «Қаржауов» және «Аманкелді жылу» секілді бірнеше жеке және коммуналдық кәсіпорындар заңды белінен басып, ерен табысқа кенелген. Прокуратура өкілдері бұл аталғандардың бәрінің де қазіргі уақытта мұқият сүзгіден өтіп жатқанын, әр заңсыздық бойынша тиісті жазасын алатындарына сендірді.

Ең сорақысы, кәсіпкерлікке лицензия беретін басқармалар мен департаменттердің дандайсығаны сонша, олар тіпті ҚР «Этил спирті мен алкогольдік өнімдерді өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» және «Балалар құқы туралы» қос бірдей заң талаптарын ескеруден қалған. Мұндай олқылықтар прокурорлардың өткізген тексерісінен кейін белгілі болды.

Азамат Сағынаев, Қостанай облыстық прокуратурасының аға прокуроры:
– Тексеріс бойынша, бүгінгі таңда 6 қылмыстық және 151 әкімшілік іс қозғалды. Оған қоса, 114 лицензиаттың іс-әрекетін тоқтату мәселесі күн тәртібіне қойылды. Жалпы, лицензиялау заңдылығын сақтамау фактілері үшін жүзден астам жанның жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта көпе-көрінеу кемшілікке жол бергені үшін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Мейрам Өтешовтің үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр. Оған қоса, Тобыл-Торғай экологиялық аймақтық департаменті директорының және облыстық табиғи монополияларды реттеу басқармасы бастығының орынбасарлары өз лауазымдарына сай емес деп танылды. «Ұялған тек тұрмас» демекші, облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Нұрғалиев: – Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шара қолдануға уәде етеміз. Шынымен де, біздің әріптестеріміз заңсыздыққа жол беріп, өздеріне жүктелген міндетті ұмыт қалдырған, – деп Кулагин командасына жұққан «кірді» жуып-шаюға тырысты.

Ел болып, қоғам болып кәмелетке толмағандарға арақ-шарап, темекі өнімдерін сатуға тыйым салып жатқанда, қостанайлық шенділер мен кәсіпкерлердің оқу орындарының дәл қасынан сауданы кең етек жайдырғандарын қай саққа жүгіртуге болады?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста