Медициналық бұйымдарды дезинфекциялау
Тіс дәрігерлік кабинет ашсам деп едім. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды қалай дезинфекциялау керектігі жайлы мағлұмат берсеңіздер екен.
ЗАМИРА, Алматы облысы
Бұл сұраққа жауап алу үшін ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агентігінің Алматы қаласы дезинфекция станциясының мамандарына жүгінген едік.
Г.Б. БАТЫРБАЕВА, Алматы қаласы дезинфекция станциясының маманы:
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялауға аса мән берген абзал. Біз қаладағы ауруханалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Кейде дезинфекциялау кезінде күрделі жағдайлар орын алып жатады. Сапасыз өңделген құрал сайманды кейінгі стерильдеу нәтижелері, нөлге шығуы мүмкін. Сондықтан жоғары сапалы медициналық дайындалған құрал-саймандар үшін:
-Жуу сапасы – өте жоғары сапалы болу керек;
-Операциялық құрал-саймандар құрғақ жағдайда ұзақ ұсталуы керек;
-Жарамсыз қан іздері болған жағдайда дұрыс дезинфекциялау керек;
-Жоғары жиілікті құрал-саймандарды дұрыс пайдалану керек.
Сондықтан мынадай дезинфекциялау режимдерін білу керек
Х.С.НУРАХУНОВА, Алматы қаласы дезинфекция станциясының маманы:
– Химиялық тәсілмен дезинфекциялаудан кейін бұйымдар дезинфекциялық құралдың иісі толық кеткенге дейін ағынды сумен жуылуы керек. Қайнату және булау әдісімен дезинфекциялау кезінде полимерлі материалдан жасалған бұйымдар дәкеге оралуы тиіс.
Персоналдың арнайы дәрігерлік тексеруден өткені жайлы медициналық кітапшасының болуы, қолының тазалығын қадағалау, таза санитариялық киіммен жұмыс істеуге, объектіден шығар кезде және дәретханаға бару алдында арнайы киімді шешуі, жұмыс бастар алдында және дәретханаға бару алдында арнайы киімді шешуі, жұмыс басталар алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ, жұмыстағы әрбір үзілістен кейін және лас заттарды ұстағаннан кейін қолды сабынмен жууы тиіс. Жұмысты бастау алдында шашты калпақтың немесе орамалдың астына жинауы, зергерлік бұйымдарды шешуі, тырнақты алуы және оны лакпен боямауы керек.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту және нысан басшылары санитарлық жағдайларға мән беріп отыру қажет.
ҚР ТҚҚ агентігі, Алматы қаласының дезинфекция станциясының маманы Қ. КАРДАСИНОВ