Мәдениет министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады
Мәдениет және спорт министрлігі Түркияға баратын туристерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Түркияға жолдама сатып алған қазақстандық туристер тарапынан осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Туризм комитетіне туристік жолдамалардың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініштер түскен жоқ. Туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескере отырып және қызметтер шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар туроператорлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және т.б. баламалы опцияларды ұсына алады.
Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист бар.