Лайықты мамандар болмаса, мәрмәр тастан қаланған мектеп те пайдасыз – Олжас Құспеков

Лайықты мамандар болмаса, мәрмәр тастан қаланған мектеп те пайдасыз – Олжас Құспеков

Білім саласындағы кәсіпкерлік бастапқыда таңсықтау көрінгенімен, қазір жиілеп бара жатқанына көзіміз де, етіміз де үйренді. Өйткені, бұл заманның талабы екен. Білім және ғылым қауымдастығының президенті Олжас Құспеков пен ҚазАқпарат тілшісінің сұхбаты осы бағытта өрбіді.

– Олжас Хайроллаұлы, Қазақстанда соңғы жылдары білім саласына көптеген реформалар енгізілді. Солардың ішінде педагог мәртебесін көтеру, жалақыларын арттыру сынды құптарлық бастамалар бар. Ал білім саласына енгізілген жобалардың ішінде ұлт ертеңіне қауіпті, дұрыс емес дейтін тұстарын айта аласыз ба?

– Бір білім министрі 12 жылдықты насихаттайды, екіншісі ағылшын тілінде оқытуды, жүйеде шексіз реформаларды, білім берудің жаңа мазмұнын, кейбір инновациялық оқулықтарды қолдайды... Мұның бәрі, жақсы нәрселер, алайда, ең басты дүниені ұмытпағанымыз жөн. Негізгі буын мұғалім екенін дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Біз мәрмәр тасынан қаланған, замануи қондырғылармен жабдықталған мектептерді сала аламыз, алайда, балаларды оқытатын, сапалы білім мен дағдыларды бере алатын лайықты мамандар болмаса, онда мұның бәрі пайдасыз. Бүгінгі таңда ең бастысы – мектепке лайықты, ынталы, жоғары кәсіби мұғалімдер керек.

Енгізілген жобалардың менің пайымыммен дұрыс емес деген тұстарына тоқталатын болсақ:

-         Көптеген реформалар мен жобалар енгізіліп жатқанымен, педагогтардың сапасына жеткілікті назар аударылмай жатыр. Мұғалімдердің білім деңгейі жылдан жылға құлдырауда, бұған ҰБТ нәтижелері куә, соңғы мәліметтерге сүйенсек, мұғалімдердің 3/4 бөлігі өз білімдерін растай алмай, шекті балдарды жинай алмай жатыр. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, ұстаздардың жалақылары жыл сайын 25 пайызға көтерілуде, алайда білімнің сапасы нашар. Ол өз кезегінде, балалардың білім алу сапасына әсерін тигізеді.

Осы тұста бір нәрсені ескерген абзал, бұл мұғалімдердің кінәсінен емес. Бұл – жүйенің қателігі, дәл осы мүддеге жауап беретін жобалардың тиімсіздігі, министрліктің кінәсі.

-         Тағы бір себеп, ұстаздардың сабақ берумен қатар, қосымша жұмыстары көп, өте көп қажет емес қағаздарды толтырады. Сондықтан өз білімдерін жетілдіруге уақыттары болмайды. Бұл тарапта педагогтерге академиялық бостандық беру бойынша жұмыстар жасау керек.

-         Педагогтердің біліктіліктерін жетілдіруге дайындалуы үшін әзірленген әдебиеттер өте аз. ҰТО бекіткен дайындыққа ұсынылған кітаптардың тізімінің 80 пайыздан астамы – Ресей Федерациясында басылған әдебиеттер. Бұл тікелей ұлт ертеңіне қауіпті деп білемін.

– Сізді көпшілік білім саласындағы кәсіпкер ретінде таниды. Соңғы жылдары бұл бағытқа жол салған бизнесмендер де көбейіп келеді. Бұл сапаның жоғалуына ықпал етпей ме?

– Жоқ, олай ойлайтындар қатты қателеседі. Бұл, керісінше сапаның жоғары болуына, бәсекелестіктің артуына ықпалын тигізеді. Отандық кәсіпкерлердің өнімдерін (білім беру саласындағы) дамытуды ынталандыруға жол жасалуы тиіс деп білемін. Бәсекелестік қаржыландыру арқылы Kazakh EdTech өнімдерін дамыту керек.

– Бір сөзіңізде «Білім саласындағы кәсіпкерлікке үлкен пайда көзі емес, әлеуметтік жоба ретінде қарау керек» дегеніңіз бар. Бұл салада пайда аз дегеніңіз бе, әлде жауапкершілікті аңғартқаныңыз ба?

– Иә, білім саласындағы кәсіпкерлікке үлкен пайда көзі емес, әлеуметтік жоба ретінде қарау керек. Олай деген себебім – кәсіпкерлер қауымдастығының жауапкершілігін аңғартқаным. Отандық өнімдерді ұсынғанда, білім саласында пайда емес, білім сапасын арттыруға бағытталған нәтижелікті көздеу керек.

Экономика дамуының басты себепшісі - адами капиталды дамытуға ат салысу қажет, ол – үлкен жауапкершілік.

– Олжас Хайроллаұлы, өзіңіз бірқатар дамыған шет мемлекеттерді көрдіңіз, біліміңізді жетілдірдіңіз. Біздегі білім саласына не жетіспейді немесе қандай артық тұстарымыз бар?

– Білім саласына жетіспейтін тұстарды сөз етейін алдымен: Біріншіден, сапалы білімде қолданатын цифрлық интерактивті кешендер жеткіліксіз. Әр заманның ілгерілеуіне қарай, оқу құралдары пайда болып жатыр. Біз де сол көштен қалмауға тиіспіз.

Екінші, барлық мектептерді 360° 24/7 оқу мүмкіндіктері бар физикалық және виртуалды экожүйелер құрастырылмаған. Мұны да назарға алуымыз керек.

 

Үшінші, Кazakh EdTech өнімдері (білім беру кәсіпкерлік) жеткілікті деңгецде дамымаған.

Төртінші, мұғалімдерге физикалық және цифрлық ұтқырлық бағдарламалар енгізілмеген.

Бесінші, мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайы әлі де нашар деуге келеді және олардың кәсіби шаршауының алдын алу бойынша бірде-бір шаралар ұйымдастырлмаған.

Алтыншы, Индустрия 4.0 оқытуға сұраныстарды анықтау үшін бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, мансапты ерте жоспарлау (кәсіби бағдарлау) бағдарламалары іске аспаған.

Артық тұстарымызды айтатын болсақ, біз қысқа уақыттың ішінде, ересектер арасындағы сауаттылық деңгейін 100 пайызға жеткізе білдік. Орта біліммен қамту деңгейі де өте жоғары орындарда тұр. Білімге бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келеді. ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан жоғары білімі бар жұмысшылардың үлесі бойынша бірінші орында тұр. Бұл дегеніміз – біршама жақсы жетістіктер.

– Қазақстандық ЖОО-лар әлі ескі жүйенің білім беру бағдарламасынан шыға алмай жатыр деген сын жиі айтылады. Расында, заманауи мамандықтарға оқыту жағымыз олқы болып тұр. Сіздің пайымыңыз қандай? Қандай кадрларды дайындай алмай жатырмыз?

– Ұстаз – ұлы тұлға, ертеңін ойлаған, өркениетті қалайтын, болашағына алаңдайтын мемлекет ең алдымен керемет білімді, сауатты ұстаздарды дайындайды.  

Ұстаз - жаңа үлгідегі экономиканы құрудағы орталық буын болып табылады. Таяудағы онжылдықтардағы Қазақстандағы адами капиталдың сапасы мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Сингапурда ұстаздың әлеуметтік мәртебесі де, оның қоғамдағы имиджі де өте жоғары. Мұғалімнің жұмысына жоғары ақы төленеді, оған жету жолы біздегідей тым оңай емес. Осы елдердің қоғамындағы ұстаз адалдықтың, әділдіктің, балаға деген сүйіспеншіліктің және, әрине, білімнің бейнесі болып саналады. Әрбір мұғалім ең ауқымды білім беріп қана қоймай, балаларды өзін-өзі тәрбиелеуге үйретіп, оларды көбірек білуге және үйренуге талпындыруы керек деп саналады. Мұндай маманды қоғам жоғары бағалауы керек, оған тиісті жоғары әлеуметтік мәртебе қажет.

Аталған елдерде мемлекет мұғалімнің мұндай мәртебесі шынымен болуы үшін бәрін жасады. Нәтижесінде, бұл өте білімді халқы бар мемлекеттерге айналды, соның арқасында ол елдерде өте маңызды құны бар жоғары технологиялар өнімдерін шығаратын толыққанды "білім экономикасын" құруға мүмкіндік туды. Мұнай мен газдың бір тамшысы болмай, металл немесе көмір өндірмей, олар керемет экономикалық серпіліс жасап, халықтың табысы, өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша әлемдегі ең бай мемлекеттердің қатарына кіре алды. Мұның бәрі олардың қоғамында қалыптасқан білімнің абсолютті құндылығының арқасында. Мұның бәрі қарапайым мектеп мұғалімінен басталды.

Қазіргі таңда елімізде 3 мыңнан астам ұстаздар тапшы. Түлектер мамандық таңдағанда, ұстаз мамандығын соңғы кезекте, резерв есебінде қарастырады. Ұстаздыққа бөлінген гранттар игерілмей жатады. Бұл – ұстаз мамандығының мәртебесі әлі де болса төмен екенін білдіреді.

Екіншіден, егер мектеп педагогтеріне айлық жыл сайын көтеріліп отырса, тәрбиешілердің, колледж және университет оқытушыларының жалақысы өсіп жатқан жоқ. Осы арадағы теңсіздік – педагог мәртебесінің көрнекілігін төмендетіп жатыр. Сондықтан да, білім саласының барлық категорияларына жалақыны бірдей көтеру керек.

– Әңгімеңізге рахмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста