«Күшпен тартып аламыз»: «Алтын орда» базарынан тағы да шу шықты

«Күшпен тартып аламыз»: «Алтын орда» базарынан тағы да шу шықты

Алматыдағы атышулы «Алтын орда» базарынан тағы да шу шықты. Белгісіз бір топ сауда нысанының күзет қызметін қолына алмақ болып, басшылар мен күзетшілерге қоқан-лоққы көрсеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Желіде бір топ ер адамның «Алтын орда» базары маңын торуылдап жүргені туралы түрлі бейжазбалар тарады. Базар басшылығының сөзінше, бұл адамдар базардың күзет қызметін өз қолдарына алу үшін келген.

 

Ермек Омаров, «Алтын орда» базарының атқарушы директоры:

 

- Келіп, біздің базарды күшпен тартып аламыз деген талаптары бар. Қорқытып жатыр. Біз базарды аламыз, болмаса құртамыз деп. Біз енді оның барлығының сот арқылы заңды түрде шешілетініне сенеміз.

 

Оншақты ер адамның базарды айналшықтап, күзетшілерді қорқытып, үркітіп жүргеніне бір аптадан асыпты. Өздерін «Алтын орданың» жаңа күзет қызметіміз дегендердің қолында заңды құжаты жоқ көрінеді. Шабуыл ұйымдастыра ма деп қауіптенген қарауыл қызметі күні түні көз ілмей кезекшілік атқаруға көшіпті.

 

Әсет Егінбаев, күзетші:

 

- Кезек-кезекпен үйге барамыз. Үш-төрт күн болды жігіттер үйге бармағанына. Егер кетпейтін болсаңдар, біз сыртта бір газель спецназдар тұр. Өз еріктеріңмен кетіп қалуларыңа болады деп сондай қорқытып үйрелендірді.

 

Базар басшылығы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, облыстық полиция департаментіне дейін 70 түрлі арыз жаздық дейді. Бұл мәселеден құзырлы органдар да хабардар.

 

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

 

- Қазіргі уақытта Қарасай ауданының ПБ қызметкерлері аталған фактіні тексеру іс-шараларын жүргізуде. Жағдайды тескеру нәтижелері бойынша оқиғаны обьективті және жан-жақты зерттеу үшін құқықтық баға берілетін болады.

 

«Алтын ордада» 5 мыңнан астам сауда орны бар. Онда 50 мыңға жуық саудагер өз ісін дөңгелетіп отыр. Алматы қаласы мен аудандарға жіберілетін көкөністің 40 процентін, бөлшек сауданың 70 пайызын осы базар қамтиды. Яғни жыл сайын миллиардтаған теңге пайда әкеледі. Сондықтан болса керек, базар айналасындағы дау-дамай ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста