Криминалист таптырмайтын мамандыққа айналып бара жатқан жоқ па?

Криминалист таптырмайтын мамандыққа айналып бара жатқан жоқ па?

Күнделікті орын алып жатқан қылмыстық оқиғалардың ізін суытпай тез ашылуына криминалистиканың тигізер септігі мол. «Түйменің инесіз күні жоғы» сияқты қылмысты ашуда криминалистикасыз күн жоқ. Бүгінгі күнге дейін криминалистикада нешетүрлі айла тәсілдер қолданылып келді. Жаңалық ашудың өзі жаңалық болмай қалған бүгінгі таңда саусақ іздері, шаш арқылы қылмыскерді іздеу ескі тәсілдердің тізіміне енгелі қашан. Сонда да болса иіс арқылы ізге түсу бүгінде соқа тимеген тың жердей болып жатқаны рас. Тұрғыда «Алаш айнасы» арнайы зерттеу жүргізіп көрген еді.

  Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ғылымда одорология деген атпен таныс иіс арқылы ізге түсу ең тиімді тәсілдердің бірі екендігін аңғартты. Тіпті соңғы жылдары осындай әдіспен қылмысты тез ашу деректері көптеп саналады. Криминалистика саласы қазына қаржысын «жұтатын» ең тиімсіз салалардың бірі саналып келді күні кешеге дейін. Дегенмен оның тиімділігі енді енді мойындала бастады. Осы салаға қажетті құрал жабдықтардың бағасы аспандағы айға ақырып тұр. Тіптен қымбат. Сонда да болса тиімділігі мойындалған соң ілкімді істе ілгерілеушілік бар. Жуырда ғана Жамбыл облысында одорологиялық орталық ашылған болатын. Заманауи құрал жабдықтармеен жабдықталған орталық бүгінде ашылған қылмыс санына сан қосып, үлесі артып келеді.  Мамандар криминалистикада тер иісінің бірінші орынға қойылатынын айтады. Адамның қан тобы, саусақ іздері ешкімге ұқсамайтыны сияқты дененден шығатын иіс те ешуақытта қайталанбайды екен. Адамның жас кезінде де, жасамыс тартқан шағында да тер иісінің өзгеруі мүмкін еместігі ғылыми түрде дәлелденген. Одорологиялық негіз бойынша иіс үш топқа биологиялық топ яғни, жынысы, жасы, денсаулығына қарай бөлінеді. Кинологтардың арқасында үйретілген иісшіл иттер иіс арқылы қылмыскерді тез табады. Иіс арқылы ізге түскен ит бір сағат пен үш сағаттың аралығында күдіктіні іздеп таба алады. Биодетектор  одорологиялық сараптауда таптырмайтын тәсіл. Иіс арқылы қылмысты ашудың бұдан басқа да мыңдаған тәсілдері бар. Бүгінгі күні криминалистер заманауи құралдар мен тәсілдерді пайдалана отырып қылмыс болған орындарда баллистикалық, трасологиялық, дактилоскопиялық, техникалық-криминалистикалық зерттеулер жүргізеді. Нәтижесі өте жоғары. Одорологиялық сараптаудан кейін ашылмай қалған қылмыс саны өте аз. Бұл тәсіл бүгінде ең тиімділігін көрсетіп отыр. Криминалистика ғылымының тереңіне үңіліп көрсек,  ол соноу Грекияға барып тіреледі.

Криминологиялық сараптаулардың бастауы осы елден басталады. XVII ғасырда Бертильон «ауызша портрет» деп атау берген жүйе енгізілген. Яғни, кәугердердің сипаттауы бойынша қылмыскердің суреті салынып, сол бойынша іздестіру жүргізілген. 1892 жылы Ұлыбританияда саусақ іздері бойынша қылмысты тіркеу ғылыми түрде енгізілген. Бұл криминалистикадағы алғашқы трамплин болатын. Осыдан кейін бұл салада мыңдаған жаңалық ашылып, көптеген тәжірибелер енгізілді. Жоғары технология мықтап дамыған заманда күшті техникамен жарақтанған криминалист компьютер арқылы жұмысын жеңілдетіп отыр. Мәселен бұрын қолмен атқарылатын жұмыстың бәрі де бүгінде осы ғажайып техниканың мойнына жүктелген. Дактилоскопияның жұмысын жеңілдету үшін жанды сканерлер пайдаланылады. Бұрындары саусақ таңбаларын алу үшін қағазға бастырып оны көшірмесін жасап, жұмыс көбейетін. Бүгінде алақанды сканерге тосып қана саусақ таңбаларын алуға болады. Оны электронды түрге көшіреді. Қолға түспей жүрген қылмыскерлердің көбісі осындай құрықтың құрсауының тарылуына байланысты торға түсіп жатады. Электронды түрге көшірілген саусақ таңбалары Ішкі істер басқармаларындағы бөлімдерге жіберіледі. Ондағы автоматтандырылған дактилоскопиялық карта бойынша тексеру жүргізуге болады. Арнайы орталықта ашылмаған қылмыстардың дактилокарталарының орталықтандырылған банксінде сақталынады. Дактилоскопиялық есептің көрсетер көмегі көп. Соның арқасында неврологиялық ауруға шалдығып есін жоғалтқан, із-түзсіз жоғалып кеткен, кім екені белгісіз мәйіттерді анықтауға тигізер септігі мол. Осы салаға енгізіліп жатқан жаңалықтардың бірі фоноскопиялық,яғни адамның дауысына, сөз сөйлеу мәнерін сараптау арқылы ізге түсу. Ол үшін арнайы аппараттық бағдарламалық кешен ұйымдастырылады. Жасырары жоқ бүгінде «бомба қойылды» деп жалған ақпар беретіндердің көбейіп кеткені рас. Біреулер сабаққа барғысы келмегеннен, енді біреулер еріккеннен ермек іздеп елді үрейлендірмек ниетпен жалған хабар таратады. Кейде «телефон террористерін» қай жерден, қандай құрылғыдан хабарласқанын анықтау қиынға соғып жатады.

Сондайда аппаратқа жазылып алынған дауыс арқылы да анықтауға болады. Белгілісі осындай жалған «бомбаны іздеуге» қаншама мамандар тартылады. Төтеншеліктер, өрт сөндіру қызметкерлері, «Жедел жәрдем», ішкі істер органдары, тергеу орындары «терминаторды» іздеп тентіреп кететіні рас. Қаншама маманды босқа сандалтатын мұндай «әзілдер» қазына қазанына қыруар залал келтіретіні рас. Соңғы кездері осындай «телефон әзілкештеріне» қарастырылған жазаның қатаңдатуға байланысты мұндай қылмыстардың кеміп келе жатқаны рас. Мойнына қиып салынатын айыппұлдың көптігі мен тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылуы абайлап сөйлеп, анық басуға иетермелеп отырғаны анық... Ғылым ғарыштық жылдамдықпен дамып жатқан бүгінгі таңда криминалистика шырқау шыңына шықты десек артық айтқандық емес. Ғылыми түрде дәлелденген тәжірибелерді мықтап меңгерген маман кез-келген қылмысты оп-оңай ашып бере алады. Тек маман білікті болса болғаны. Маман демекші... Бүгінде Ішкі істер министрлігінің Қарағанды қаласындағы академияда криминалист мамандарды дайындап шығарады. Бұл криминалисткалық зерттеудің жеті түрі бойынша жұмыс істеуге құқығы бар сарапшыларды даярлайтын жоғарғы оқу орны. Қиын да күрделі саланы бес саусақтай біліп шығу үшін бас алмай оқуға тура келетіні рас. Үнемі жан түршігерлік оқиғалардың ортасында, кісі өлімімен бетпе-бет келіп жұмыс істейтін болғандықтан осы алаға ден қоятын жастардың қарасы сирек дейді мамандар. Оның үстіне жыл сайын енгізіліп жатқан жаңалықтармен танысып, ғылыми еңбектер арқылы біліктілігін көтеріп отыруды уақыт өзі талап етіп отыр. Сондықтан да криминалист мамандар өмір бойы ізденіс үстінде болуы тиіс...

Бекет АЙМАҒАМБЕТОВ, Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің  бастығы:
- Одорологиялық орталық мамандары иіс арқылы іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жаңа бетбұрыстың талай қылмыстық оқиғалардың ашылуына септігін тигізері сөзсіз. Заманауи жаңалықтың тиімділігі өте жоғары. Ашылмай қалған қылмыс санының азаюына көп көмегін тигізуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста