Көз ауруына көз жұма қарамайық...

Көз ауруына көз жұма қарамайық...

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазіргі таңда әлемде 45 миллионнан астам адамның көзі мүлдем көрмейді екен. Одан бөлек, 135 миллион адамның көздерінде түрлі ақаулар бар көрінеді. Ал Қазақстанға келетін болсақ, елімізде бір миллионнан астам адам түрлі көз ауруларына шалдыққан. Оның ішінде глаукома, яғни көз ауруының ең асқынған түрі, қазақы тілмен жеткізсек, жанардың мүлдем семуі — суқараңғылықпен 37 мың адам тіркелген. Сондай-ақ 20 мың адам аталмыш сырқатпен мүгедектікке шыққан.
Офтальмолог-дәрігерлердің айтуынша, шынында да қазіргі кезде елімізде көз ауруы мәселесі алаңдатарлық жағдайға жеткен. Егде кісілерді қойып, жасөспірім­деріміздің де көз жанары әлсіреуде. Әрине бұған түрлі факторлар әсер етіп отыр. Компьютер, теледидар, одан қала берді, ұялы телефон экрандарына үздіксіз тел­міру, экологияның нашарлығы, дұрыс тамақ­танбау секілді мәселелердің барлығы көз жанарының әлсіреуіне әкеліп соғады. Өкініштісі сол, елімізде глаукомаға шалды­ғушылардың саны төмендеп емес, керісін­ше, жыл өткен сайын жоғарылап барады. Дәрігерлердің болжамынша, республикада жанардың семуінен болатын мүгедектік жиырма жылда қалада 2,5 есе, ал ауылда 1,8 есеге артқан.
Көз ауруының асқынуына ең үлкен себеп, еліміздің мектептерінде көз дәрігері кабинеттерінің жоқтығынан болып отыр. Бүгінде республика мектептерінің 30 пайы­зы ғана арнайы кабинеттермен жабдық­талған. Ал қалғандарында тек «медпункт» жұмыс жасайды. Осылайша, Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министр­лік­терінің бұл салаға немқұрайды қарауы­ның салдарынан жасөспірім­деріміздің көпшілігі көзәйнекке телміріп отыр. Оны­мен қоса, бала жастан күтім көрмеген көз ұлғая келе, тез сөне береді. Оның өзін де «ересек адам­дар көзәйнек киюі керек» деп жылы жауып қоя салатынымыз тағы бар. «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» демекші, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ем-домның да шипа бола қоймай­тыны бел­гілі.
Тұрсынгүл БОТАБЕКОВА, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының директоры:
– Науқастардың көбі көздің көру қабілеті тым қатты әлсіреп кеткенде бір-ақ келеді. Тіпті бір көзі мүлдем көрмей қалғанда ғана жететіндер де бар. Бұл дерттің жаманы — білдіртпей, бірте-бірте асқынады. Бүгінде «жақыннан көру» қалыпты жағдай секілді санаға сіңіп қалды. Оған халықтың көбі мән бермейді. Бірақ көздің көру өткірлігі кеміп, көзәйнек қалыңдай берсе, көпке ұзатпай дәрігерге бару керек. Өйткені ол — глаукоманың айқын белгілерінің бірі. Бастың ауруы да көз сырқатының бір белгісі болып табылады. Одан бөлек, қан қысымы жоғары жандар да абай болғаны жөн. Себебі қан қысымы көз қысымын тудырады. Оған мән беріп, дер кезінде емделмесе, түбі зағиптыққа соқтырады.
ҚР бас офтальмологі Т.Ботабекованың айтуынша, мамандандырылған офталь­моло­гия­лық көмек көрсету көлемі негі­зінен, ауылдық жерлерде әлі де жоғары талапқа сай емес екен. Орын алып отырған мұндай жағдайлардың өзіндік себептері де бар. Жергілікті аймақтарда офталь­мо­логтер өте аз. Республика өңірлерінде оф­тальмо-хирургтардың микрохи­рур­гиялық техникаларының деңгейі де төмен. Демек, аймақтағы хирургиялық көз бөлім­ше­лерінің жабдықталуы нашар, тиісті дә­ре­жеде микрохирургиялық қамтуды жүр­гізе алатын жоғары кәсіби мамандар жоқтың қасы. Сөзіміз жалаң бол­мас үшін мына цифрларды келтіре кеткенді жөн көрдік. Қазір елімізде мың офтальмолог жұмыс жасайды. Респуб­ликадағы 160 аудандық ауруханаларда стандартқа сай 800 дәрігер қызмет жасауы керек болса, олардың саны қазір 110 ма­манмен шек­теліп отыр. Оның үстіне, бала­лар офталь­мологтерінің тап­шы­лығы да өте айқын сезілуде. Елімізде 167 балалар офталь­мологі болса, олар­дың елді мекендерде тек алтысы ғана қызмет етеді. «Жергілікті жерлерде маман­дар же­тіс­пейді дегеніміз – біздің науқастар ауруларын ас­қын­дырып, жанарларынан айы­рылып, соқыр болғанда алдымызға келеді деген сөз. Енді осы тығырықтан шығу­дың жолы – шалғай ауылдарға жас дәрігерлерді жіберіп, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлсек, бұл мәселе шешімін табар еді», – дейді институт жетекшісі.
Қалай десек те, көз ауруына немқұрай­ды қарауға болмайды. Жүрекке баса мән беретіндей, көзге де баса назар аудару қажет. Ең сорақысы, көз ауруына көңіл бөлмегендігіміз соншалық, қазір жасөс­пірімдер тұрмақ, елімізде жаңа туылған нәрестелердің өзі соқыр болып туылып жатыр. «Бұрын мұндай ауру түрі Қазақ­станда өте сирек кездессе, қазір жылдан-жылға артып барады», – дейді Т.Бота­бекова. Сондықтан да «көз ауруына» көз жұма қарауға болмайды...

Дәрігерлік кеңес
• Түзу отырыңыз, назарыңызды алға қарай бағыттап, көзіңізді жабыңыз. Айналмалы қозғалыстарын жасаудан бастаңыз, солға, жоғарыға, оңға, төмен қарай. Екі жаққа да 10 реттен баяу қозғалыстарын жасаңыз. Бес рет қайталаңыз.
• Көзді ашып, жылдам ырғақпен 15 рет жыпылықтатыңыз.
• Оң қолыңызды алға созып, назарыңызды ортаңғы саусақтың тырнағына аударыңыз. Қолыңызды оң жаққа мүмкіндігінше созыңыз, бірақ басты бұрмаңыз және назарды саусақтан алмаңыз. Оң қолыңызды қайтарып, енді сол қолыңызбен жасаңыз. Бес рет қайталаңыз.
• Қайтадан оң қолды созып, назарыңызды ортаңғы саусақтың тырнағына аударыңыз. Назарыңызды аудармай, қолыңызды баяу мұрныңызға бағыттаңыз. 15 рет қайталаңыз. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста