«Көкек әкелер» көбейіп барады

«Көкек әкелер» көбейіп барады

Елімізде ажырасу көп болғандықтан, «көкек әкелердің» де  қатары жыл санап артып келеді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, алимент өндіру жөніндегі шыққан әрбір төртінші сот шешімі орындалмайды. Өткен жылдың қорытындыларын назарға салсақ, еліміз бойынша – 87 мың, ал Ақмола облысында 6 мыңнан астам  «көкек әкелер» тіркелген. Туған баласынан безген безбүйрек әкелердің балаларын жастай «тірі жетім» атандырып, өз қанынан жаралған ұрпағына қатыгездік жасауы көңілге қаяу салмай қоймайды. Осындай қоғамдық ауыр мәселеден еліміз бойынша 100 мыңнан астам балалар зардап шегіп отыр. Ал алиментін ала алмаған мыңдаған аналар сот орындаушылардың есігін жағалап, ақша өндіру үшін жылап-еңіреп жүргендерін көргенде кірерге тесік таппайсың...
Бірақ сот орындаушыларының айтула­ры­на қарағанда, «көкек әкелерден» али­мент өндіру үшін терің қалың, яғни өте шы­дамды болуың керек. Өз баласына ақшаны төлемес үшін аталған әкелер түрлі айла-шарғы қолданып, мәселен, жұмыс орындарын жасырып, жалақысын бухгал­те­рия арқылы бірнеше есе төмендетіп, дүние-мүлкін жақын-жуықтарына та­ратып, тіпті сот орындаушыларынан қа­шып-пысып, көздеріне түспеуге дейін ба­рады. Туған баласының несібесін аузынан жырып, қара басының қамын күйттеген мұндай әкелер ар алдында да, Алланың алдында да жауапты екенін ұқпай жүр.
Бас прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, қаржы дағдарысы басталғалы бері борышкерлердің қатары да көбейгенге ұқ­сайды. Сондықтан еліміздің Бас про­ку­ра­турасы өткен жылы «Мемлекеттік алименттік қор» құру қажеттігін алға тарт­қан болатын-ды. Бұл орайда құқық қор­ғау­шылар шетелдердің осы істегі тә­жі­ри­бе­леріне сүйене отырып, алимент өн­дірудің жаңа тәсілдерін сыннан өткізу дұрыс деп есептейді.
Көкшетау қалалық аумақтық сот орын­даушыларының қолындағы мәліметтерге үңілсек, алимент төлейтін отбасылардың көпшілігі расында да, жұмыссыз әрі үйсіз-күй­сіз, ішімдіктің арбауында кеткен. Али­мент өндіруге, мамандандырылған қала­лық №3 аумақтық бөлім сот орындау­шыларының қолда бар мәліметтеріне сүйенсек, дүние-мүліктен ада, яғни «бомж әкелердің» саны тек Көкшетау қаласының өзінде ғана 200-ге жетіп жығылған. Ал олардан заңмен бекітілген атқару өндірісі бар құжат қағазың арқылы алимент өндірмек болғаныңмен, түгі жоқ жаннан «тышқақ лақ та» өндіре алмайтының тағы – шындық. Аталмыш аумақтық бөлімнің жылдық қорытындыларына сәйкес, Көкшетау қаласында артқа тастаған 2011 жылда 1862 алимент төлеуші әке болса, соның тек 500-ден астамы ғана жұмыс істейді. Қалғандары одан-бұдан шатып-бұтып тірліктерін жасап жатқан жайы бар. Ай сайын баласына 14 мың теңге алимент төлеуге олардың құлқы да, қаражаты да сәйкес келмейді.
Бақытжан ОРАЗАЛИНА, алимент өндіруге мамандандырылған №3 Көкшетау қалалық аумақтық сот орындаушылар бөлімінің бастығы:
– Күніне бірнеше мәрте келетін жесір аналар сот орындаушыларының өздерін қарғап-сілеп кететін кездері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайларды да түсінуге болады, себебі шиеттей ба­ла­пандарын жалғыз асырап, күнкөрістің қамын күйттеген жесір аналар қоғамнан аз да болса жылылық күтіп, «түйенің танығаны – жапырақ» дегендей, заңды тұр­ғыдан көмек беруге тиіс сот орын­дау­шысынан өзіне адам­гершілікпен қарап, пәленбай жыл өз міндетіне салдыр-салақ қараған ажырасқан күйеуін жөнге салуды талап етеді.

Мұндайда сот орындаушылары «көкек әкелердің» баспанасы мен көлігін, бол­маса, дүние-мүлкін қамауға алып, тұр­мыстық заттарын аукционға қойып сатуға мәжбүр болады. Бұдан түскен қаражат алименттің аз да болса жыртығын жамауға кетіп, жаңағы ана мен баланың жанарынан аққан ыстық тамшыны құрғатуға жұмса­лады.
Базалық мәліметтерге тіркелген ме­кенжайлары бойынша жұмыс орында­рына таңғы алты-жетілерден бастап, күн бат­қанға дейін есіктерін қағып, зыр жүгіретін сот орындаушылар алимент тө­леу­ге тиіс әкені шырақ алып іздесе де таба алмай­тын­дарын, тіпті, кейде көпқабатты үйлердің жертөлелеріне де кіріп көрулеріне тура ке­ле­тінін айтады. Ал кейбір жағдайда осын­дай адамдардың өз-өзіне қол жұмсамақ болып, тіпті сот орындаушыларын мертік­тіруге ұмтылатын кездері де жиі кездеседі екен. Мұндайда сот орындаушысы еш қорғансыз қалуы да мүмкін. Сондықтан қауіпті атқару өндірістері, яғни алимент төлемейтін «көкек әке» темір тордың ар жағынан жаңа оралған қылмыскер болған жағдайда құқық қорғаушылары мен пси­хо­лог қызметкерлерін қоса ертіп жүруге мәжбүр болатын кездер де болады.
Жалпы, дүниежүзілік тәуелсіз сарапшы­лардың пікірінше, сот орындаушылары ең қауіпті он мамандықтың бірі болып тізімге енген. Қалтасы қалың, баласын асырауға ақшасы болса бір сәрі, көбінесе, қаражаты жет­пеген жаны жаралы жалғызбасты ана­лар алимент өндіру үшін бастарын тауға да, тасқа да соғады. Ал сот шешім­деріне үңілсек, көп жағдайда, яғни сот про­цес­те­рінің 99 пайызында ажырасқан жұптардың балалары шешелерімен кететін көрінеді.
Сондықтан бұл мәселенің мемлекеттік маңызы бар мәселе екенін естен шығармай, ертеңгі болашақ ұрпақтың яғни келешек отағасы болар ұлдарымыздың «көкек әке» болмауын ойластыруымыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста