Киізден де керемет киім тігеді

Киізден де керемет киім тігеді

Мария Маркова – киіз өңдейтін шебер. Оның этни­ка­лық бейнелермен көркем­делген киіз бұйым­дары ерек­ше дизайнымен көз тар­та­ды. Шебер кезекті жинақтамасын толығымен 8 Наурыз мере­ке­сіне арнапты.
Дизайнер өзі қолдан жасаған бұйым­дарын көшеге киіп шығады. Оған назар аудармайтындар кемде-кем. Шебердің айтуынша, киізге деген сұраныс қашанда жоғары. Мұндай киіммен қытымыр қыста да тоңбайсың. Ал үйде тұрған шағын бұйымдар адам жанына жылу сыйлайды.
Мария қазір дүкендерден киім таң­дамайды. Қажет кезде он саусағының кө­ме­гіне жүгінеді. Сырт киім, көйлек, аяқ­киім, баскиім, қолғап және дорба – барлығы тек қолдан жасалады. Киізден жасалған бұйымдар мен киімдердің әдемілігімен қатар, адам жанын сауықтыратын қасиеті де бар. Оларға әшекейленіп салынған ежелгі петроглиф бейнелерінің мәні зор.
Пиманы осыдан мыңдаған жыл бұрын ер адамдар ойлап тауыпты. Одан кейін бұл өнерді әйелдер жанына серік етіп, бүгінгі заманға дейін жетіп отыр. Пима жасаудың бейнеті көп. Киіз дайын болу үшін малдың жүні 1-2 сағат ыстық суға пісіріліп, өңде­леді. Марияның бұл кәсіппен айналыс­қанына жарты жылдың көлемі болды. Осы аралықта ол тек киіз пішуді ғана емес, етік­шілік өнерді де меңгерді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста