Кептер құсын қалай қорғап жүрміз?

Кептер құсын қалай қорғап жүрміз?

... Ауылға сағыныш оянғанда балалық шақтағы кейбір көріністер еске түсіп жатады. Барлығы да ойға орала береді. Танауыңды жарарлық жусан иісі, көкте қалықтаған құстар... Өзге де өмір өрнектері есімізге келеді. Қазіргідей емес біз табиғатқа жақын болып өстік. Сол кездегі тәрбие де солай еді. Отбасынан бөлек мектептің өзі бізге құстарға қамқор болуға үгіт жасайтын. Ағаш басына құстарға арнап ұяшықтар жасайтын едік. Кейбір құстардың адамдарға жақындығы айтылатын. Солардың бірі – кептер. Оны кейбір аймақтарда көгершін де деп атайды. Бейбітшілік құсы деп санайтынбыз. Санамызда әбден жатталып қалған әлгі бір ән жолдары бүгінгі күні де тіл ұшына орала кетеді. «Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар кезіп қайт, ел үшін. Кең дүние көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан...» Жүрекпен айтылатын ән әрі қарай өз ырғағымен жалғасып кете береді. Әрине, бала болдық, кейбір құстарды атып, мергендік танытып жүрдік. Бір қызығы, көп жағдайда кептерге жәбір көрсетпеуге тырысатын едік. Осындай сезіммен оған қамқорлық танытып келдік. Олар да бізден алысқа ұзай бермейтін. Адам баласына жақын жүретін. Жанашырлық көргеннен кейін болар.
Есейіп, ес тоқтатқан қазіргі шақта да сол құстарды іздеп тұратын болдық. Бүгінгі тіршілігіміз – қала өміріне қатысты болып тұр. Елге жиі ат басын бұрып тұруға тырысамыз. Баяғы көріністерді көз алдымызға алып келуге тырысамыз. Ертеректе кептер топталып ұшып, көзімізге жиі шалынатын еді. Қазір олардың қатары да сиреп қалған сияқты. Азайып кеткен бе, әлде жылы жақтардан көп келе бермейтін болған ба? Сол жағын түсіне алмай жүрген жайымыз бар. Бәлкім, бұрынғыдай емес, адам көзіне жиі түсе бермейтін болған шығар. Әйтеуір, сансыз сауал біздің көңілімізді алаң етіп жүргені де шын.
Көгілдір көктем келгенде көкте қалықтаған құстарды көзбен шолып шығамыз. Бала кезден жанымызға жақын болғандықтан, көгершін мен қарлығашты оларды арасынан іздейміз. Таба алмай қалсақ, көңіліміз алабұртып қалатыны да жасырын емес. Бұл біздің табиғатқа жақын екенімізді білдірсе керек-ті. Ілгеріде топталып жүретін көптер немес көгершін құсы қазір сол қалпынан жаңылып қалған ба? Осы сауал төңірегінде мамандармен де пікір алыстық. Олардың айтуынша, кептер әзірге «Қазақстанның қызыл кітабына» тіркеле қойған жоқ екен. Яғни, кептерге әзірге саны азаю қаупі туып тұрған жоқ дегенді білдіреді. Алайда бұған тоқмейілсіп жүре беруге болмас. Себебі, табиғаттың тосын құбылыстарын ең алдымен аң мен құс сезетіні тағы бар. Мәселен, базбір жылдарда сайын далада өріп жүретін ақбөкенді қазіргідей саусақпен санап алатын жағдайға жетеміз деп ойладық па? Сондай-ақ, көгімізді қалықтаған қаншама құстар әлемі де көзден таса болып, көңіл құрғыр елеңдеп қалғаны тағы да рас. Әйтеуір, бұл орайда бір өзгерістің орын алып жатуы әбден мүмкін ғой.
Ғалымдардың айтуынша, кептер дүние жүзінде кеңінен таралған. Тек полюстік аймақтарда көзге түспейді. Ұлан-ғайыр даламызда кептердің 2 туысы кездеседі. Оны кептер және түркептер деп атайды. Кептердің 6, түркептердің 4 түрі бар екен. Кейбір өңірлерде қолға үйретілген кептерлерді көгершін дейді. Қолдағы деректерге сүйенсек, еліміздің оңтүстік аймақтарында көккептер көзге шалынады. Ал Қазақстанның шығыс аймағындағы Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Жетісу Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань бөліктерінде құз кептер бар. Батыс аймақтағы Жайық өзенінің аңғарында дыркептер кездессе, Арал теңізінен Алакөл қазаншұңқырына дейінгі шөлдалада қоңыр кептер көзге түседі. Тағы бірі республиканың таулы аймақтарында бар. Жалпақ жапырақты орман белдеуінің етегінде түркептер болса, шығыс, оңтүстік аймақтағы тауларда, орманды далада, далалық жерлерде үлкен түркептер кездеседі. Кептердің қанатының ұзындығы 180-250 миллиметр, салмағы 240-350 граммды құрайды. Басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болатынын бәріміз де білеміз. Олардың басым бөлігінің қауырсыны құлпырып тұрады. Алуан-алуан түстерге боялады. Негізінде олар топталып жүретін құстың түрі саналады. Жұбын жазбауға тырысады.
Дүниежүзінде негізінде Малай архипелагы мен Австралия елдерінде көбірек байқалады. Әлемде оның 300-ге тарта түрі белгілі. Бұрынғы Кеңес одағында кептердің 10-нан астам түрі байқалған. Африка құрлығы аймағындағы Мадагаскар аралында ХVІІ ғасырға дейін мекен еткен ірі дронт көгершіні мекен еткенін әлем ғалымдары өз еңбектерінде айтып келеді. Олардың қорегі негізінен мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен тұқымдары, аздап жұлдызқұрттарды және құрттарды жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнеше жерге топтанып, астық дәндерін жеп, шаруашылыққа зиянын тигізіп жататынын кездері де болады.
Адамға жақын жүргендіктен оны қолға үйретіп жүрген адамдар бар. Оларды қолға үйрету біздің заманымыздан бұрынғы кезеңде қолға алынып, күні бүгінге дейін лайықты жалғасын тауып келеді. Асыранды кептердің арасында кезінде хат таситыны да болған. Сондай-ақ, адамдардың әуестігі үшін қолға үйретілген 150-ден астам түрі бар көрінеді. Бүгінгі күндері біздің елімізде отау құрған жастар кептер ұшырып, табиғатқа жанашырлығын білдіріп жүр. Бұл – қуанышты жағдай.
Қазіргі таңда әлемнің кейбір елдерінде кептер етіне сұраныс артып келеді. Солардың бірі ретінде Қытайды айтуға болады. Астана қаласының тұрғыны Николай Семенов елімізде осы кәсіппен айналысуға көңіл бөліп отыр. Ол алдағы уақытта Қытайға кептер етін тасымалдауды қолға алмақшы. Жалпы, кептер етінде кальций, магний, фосфор және өзге дәрумендер көп көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, кептер етін диеталық тағам ретінде пайдалануға әбден болады. Кәсіпкер 100 грамм кептер етінде 142 калорий ғана кездесетінге ұқсайды. Ол біздің елімізде құс баптаушылар эстетикалық бағытта ғана өсіретінін айтады. Жұртшылық арасында кептерлерді қызықтап, бір-бірінен мықты болғанын қалайтындар көп-ақ. Бірақ, одан ешқандай қаржы таба бермейді. Н.Семенов кептер өсіріп, оның етін экспортқа шығаруға құлшыныс танытып отыр. Қытайдың Үрімші қаласындағы мейрамханада кептер етін тұтынатын жұрт көп екен. Мұндай орындар аталмыш елде көп кездеседі. Сонымен қатар, кептер етін Ресей, Украина, Германияда да тұтынып, оған сұраныс танытып жататын адамдар аз емес. Біздің елімізде оның етін кейбір адамдар ішінара тұтынғанмен, ол жақтардағы секілді ешқандай сұраныс жоқ. Николай өз иелігіндегі шаруашылықта кептердің көбелек деген түрін өсіруді қалайды. Естімеген елді көп деген осы болар...
Жұрттың көпшілігі кептердің тауық емес екенін айтады. Оның етін экспортқа шығаруға қарсылық жасайды. Алайда бұл орайда әзірге нақты тұжырым жоқ. Табиғат қорғаушылар бұл іске қандай көзқараста? Ол туралы нақты біле бермейміз. Әйтсе де, бұл тірлік кең ауқымда қолға алынып кетсе, қазақ даласынан кептерді табу қиынға айналып кетуі әбден мүмкін. Қандай тірлік етсек те, табиғатқа залал келтірмеу жағын ойланғанымыз артық емес...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста