Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалиті – табиғи-ошақты инфекциялар тобына жататын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Бұл ауру адамның түрлі ағзалары мен мүшелерін, ең алдымен, орталық жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталады. Тіпті ауру адамның денесі салданып, бара-бара мүгедек болып қалады. Иксод кенелері деп аталатын түрі кене энцефалитін таратады.
Қазіргі кезде кенелер қала сыртындағы орман алқаптарында ғана емес, сондай-ақ қаланың жасыл желек аймағында да шабуылдай беретін болды. Адам бұл ауруды кене шаққан кезде немесе шаққан орнын қасыған кезде, кейде ауру жұқтырған ешкінің сүтін шикідей ішкен кезде жұқтырады. Кене энцефалитінің эпидемиялық маусымы сәуір айынаң қыркүйек айына дейін созылады, барынша белсенді болатын кезі – мамыр және маусым айының бірінші жартысы.
Республика аумағында Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласының маңайы кене энцефалитінің ең көп тарайтын аймағы болып саналады. Соңғы 5 жыл ішінде кене энцефалиті ауруының 176 жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 13 жағдай (7,4%) тіркелді. Биыл тұрғындардың кене энцефалитімен сырқаттану жағдайы тіркелмеді. Кенелер белсенділігінің маусымы басталғалы бері кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда кене шаққан 2879 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 1151 (40,0%) бала медициналық көмекке жүгінген. 2678 адам (93,0%) кенеге қарсы иммуноглобулинмен профилактикалық ем алды.
Кене энцефалиті кезінде инкубациялық кезең 3 күннен 21 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан дененің қалтырап-қалшылдауымен басталады да, дене қызуы 38-39оС-қа дейін тез көтеріледі. Дене қызуы 5-10 күнге дейін көтеріледі. Науқастың басы қатты ауырып, мазасы кетеді, өне бойы ауырып, дел-сал болады, әлсіздік бой алып, ұйқысы бұзылады, жүрегі айнып, кейде құсады.
Кене энцефалитінің алдын алудың ең тиімді және сенімді жолы – екпе жасау. Кенеге қарсы вакцина вирусқа деген сезімталдығын арттырады, егілген адамдар сирек ауырады және ауру айтарлықтай женіл, асқынусыз өтеді. Жұмыс түрі кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары болатын тәуекел тобындағы адамдар (орманшылар, геологтар, құрысшылар және т.с.с.) міндетті тегін егілуге жатады. Қалған жағдайларда егу ақылы негізде жүргізіледі.
Кене энцефалитіне қарсы егудің толық курсы 3 екпеден («Энцевир», РФ) тұрады. Егуді күз кезінде бастау керек: 1-ші және 2-ші инъекцияны қараша-желтоқсан айларында, 3-ші инъекцияны екінші инъекциядан кейін 3 ай өткен соң салады, бірақ ошаққа шыққанға дейін екі апта мерзімнен кешіктірмеу қажет. Егер екпе уақында жасалынбаған болса, шұғыл иммундау мүмкіндігі бар. Ары қарай иммунитетті қалыптастыру үшін 3 жыл бойы жыл сайын ревакцинация жасату керек.
Табиғатқа шыққан кезде кене шағып алмау үшін арнайы киім киіп, кенелерді үркітетін репелленттерді пайдалану қажет. Күнделікті киетін киімді арнайы киімге өзгертуге болады, ол үшін киімнің жағасы қалың болып, мойынды жауып тұру керек, киімнің жеңінде манжет болу қажет, шалбардың етегі шұлықтын ішіне салыну керек, бас ким міндетті түрде болу қажет. Ақшыл киім кию керек. Кененің бар-жоқ екенін анықтау үшін міндетті түрде әр 15 минут сайын өзіңізді және бір-біріңізді мұқият тексеріп, қарап тұру қажет. Адам денесінде кененің жақсы көретін жерлері: шаш, бас, мойын, бұғана, іштің төменгі жағы.
Егер табиғат аясында кене шағып алған жағдайда, жақын арада медицина мекемесі болмаса, кенені өз бетінше арнайы қысқышпен немесе пинцетпен алуға тырысу керек, сондай-ақ қалың жіпті кененің тұмсығына байлап, жабысып тұрған кенені тербелте отырып алуға болады. Кене шаққан жерді йодпен өңдеу керек. Егер теріде кененің тұмсығы қалып қойса, оны тікен алған сияқты шығарып алуға тырысу қажет. Кенені лақтырмаған дұрыс. Оны Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің аумақтық департаментіне жеткізу керек, ол жерде энтомолог кененін қай түрге жататынын анықтайды.
Кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымында ірі медицина ұйымдарының базасында серопрофилактика пункттері ашылады. Алматы қаласында кене шаққан адамдарға медициналық көмек мынандай медицина ұйымдарының базасында көрсетіледі: Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарының тұрғындары үшін – ОҚКА (Жандосов көш.,6); Жетысу, Түрксіб аудандарының тұрғындары үшін - №4 ҚКА (Папанин көшесі, 220); Әуезов, Алатау аудандарының тұрғындары үшін - №7 ҚКА (Қалқаман); 15 жасқа дейінгі балалар үшін – БҚКА (Манас көш., 40).
Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған оңай. Кене энцефалитінің алдын алу шаралары бір-бірін толықтыратын кешенді болу керек, осындай жағдайда ол өте жақсы әсер береді.

ҚР ТҚҚА «СЭСжМҒПО» РМҚК паразитология бөлімінің меңгерушісі Ж.Ж.Шапиева; паразитолог-дәрігер – Ш.Р.Алдабергенова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста