Келешектің білімін болжай білген ғалым

Келешектің білімін болжай білген ғалым

Еліміздегі жоғары білім беруді әлемдік деңгеймен теңестіруде академик Тоқмұхаммед Садықовтың еңбегі өлшеусіз. Алматыдағы «Ғылым ордасында» білім берудің ұлттық жүйесінің іргелі мәселелерін талқылаған ғылыми қауым бірауыздан осылай десті. «Садықов оқулары: білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері және жолдары» деп аталған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өмірден өткен көрнекті ғалым, жоғары білім беру ісінің көшбасшысы Тоқмұхаммед Сәлменұлының 75 жылдығына арналды.
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, тарихшы, академик, қазақтың Абай атындағы Қазақ ұлттық педагоги­ка­лық уни­вер­ситетін ұзақ жыл басқарған бі­лікті же­текші, қоғам қайраткері Т.Са­ды­қовтың ғы­лыми-педагогикалық қызметіне арналған бас­қосу бес жылдан бері дәстүрлі өтіп ке­леді. Бірақ жыл сайын жаңа бағытта, жаңа та­қырыпта. Өйткені Садықовтың ғы­лыми-шы­ғармашылық жолы жан-жақты. Қай­­рат­кердің есімі мен еңбегі отандық бі­лім са­ласының барлық бағытына қатысты. Со­­ның ішінде, қазіргі қоғам оны «ке­ле­шек­тің білімін қалыптастырған адам» деп та­ни­ды. Ол білім берудің кеңестік жүйесінен қазіргі заманғы халықаралық талаптарға ауы­суда іргелі зерттеулерге барып, әлемдік білім берудегі тың әдістерді тәжірибеге ен­гізді. Абай атындағы педагогикалық оқу ор­нын еліміздің жетекші университетіне ай­нал­дыр­ды. Тоқмұхаммед Сәлменұлы Тә­уел­сіз­діктің алғашқы жылдары еліміздің келешек да­муына серпін беретін көптеген заң мен тұжырымдаманы, «Білім туралы» және «Жо­ғары білім туралы» заңдарды жасауға ат­салысты. 500-ден астам ғылыми еңбек пен 20-дан астам монография жазды. «Са­дықов оқуларының» ашылуына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің төр­ағасы Нұр­лан Нығматулиннің ай­туын­ша, ғалымның кә­сіби қызметі мен ғылыми шығар­ма­шылығын әлем жұртшылығы мо­йындайды. «Оның басшылығымен елі­міз­дің әлемдік бі­лімге қатысуының интерак­тив­тік және ин­новациялық жолдары анық­талды, отан­дық білім-ғылымның ХХІ ға­сырдың та­лабына сай дамуының негізі қа­ланды. Ерен еңбегінің арқасында ол Қа­зақстанның ға­на емес, көптеген шет мем­лекет универ­си­теттерінің құрметті про­фес­со­ры болды. Тоқмұхаммед Сәлменұлы Абай атындағы Қа­зақ ұлттық педагоги­ка­лық университетін әлемдік стандарттарға жет­кізіп, білікті кадр­­лер дайындады. То­қаңның мыңдаған шә­кірті бүгінде әлем бойынша жемісті ең­бек етіп жүр», – деді Мәжіліс төрағасы. ҚР Премьер-министрі­нің орынбасары Қайрат Ке­лімбетов болса, бұл шараға Тоқ­мұ­хам­мед Сәлменұлын еске алу деп емес, Тәуелсіз Қа­зақстанды құруға атсалысқан адамның идея­ларын одан әрі жетілдіру деп қа­рай­тынын айтты. «Келешекте «Қазақстан – 2050» стратегия­сы­ның сәтті іске асырылуы біз­дің білім бе­ру­дің қазақстандық моделін қалыптастыру методологиясының базалық қағидаларын қаншалықты нығайтып, қан­шалықты іске асыратынымызға байла­ныс­ты. Т.Садықов «мемлекеттің алдына қо­йыл­­ған міндет­терді, ең алдымен, елдің үз­­дік жоғары оқу орын­дары орындауы ке­­рек. Элиталық университеттердің бұл еңбегі ақталады, өйт­кені білім – ең үздік ка­питал, Қазақстан мен өзге де көрші ел­дер­­дің өмір сапасы бо­­йынша бәсекелестік па­раметрлерін ай­қындауына білім берудің еуразиялық стандарттары бағдар бола алады» деген бо­латын. Бүгінде әлемнің бәсекеге неғұр­лым қабілетті елдерінің алғашқы отыз­ды­ғына енуіміз дүниежүзінің жетекші дер­жавалары рейтингіндегі жай ғана орын емес, бұл – мемлекетіміз бен қазақстандық қоғам реформаларының табыстылығының куәсі, өмір сапасының жо­ғары стандар­ты­ның көрсеткіші, білім беру­дің жоғары дең­гейі, денсаулық сақ­таудың сапалылығы және тұтастай алған­да, әлемнің елімізге де­ген құрметі. Елбасы айт­қандай, Қазақ­стан­ның басты ресурсы – қа­зақ­стан­дық­тардың өзі, тарихи қоғам­дық тұрақтылық пен құндылықтар сабақ­тастығын ұстап тұр­ған отбасы және мектеп сияқты шешуші институттар», – деді ол.
«Садықов оқулары» аясында ғалым­ның педагогикалық-қайраткерлік ең­бе­гімен қатар, білім саласының жаңа­лық­та­­ры мен келешектегі жоспарлары да тал­­­­­­қы­ланды. Ғалымдардың айтуынша, өз­­­­­гер­мелі заман тың білімді қажет еткен са­­­йын жаңашылдықтың бастауы болған Садықов еңбектерінің ма­ңы­зы арта түседі.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
– Академик Садықов ұстаз, ғалым бо­лып қана қоймай, еліміздің қоғамдық-сая­си өміріне де белсене араласты. Қоғам қай­раткері ретінде әрқашан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге бол­ды, Президенттің жүргізген рефор­ма­ларына ақ жүрекпен аянбай еңбек етіп, Елбасының сенімді серігі болған адам. 1999 және 2005 жылдары өткен Пре­зи­дент сайлауында Елбасының сенімді өкілі болды, парламенттік сайлау штабтарына бір­неше рет жетекшілік етті. «Нұр Отан» пар­тиясының дамуына да зор ықпал етіп, пар­тияның ірі бөлімшелерінің бірі – Ал­маты қаласындағы филиалды басқарды. Ол кісінің бастамасымен әлеуметтік мәсе­ле­лерді қарау және шешу жөніндегі қоғам­дық кеңес құрылып, аз уақыттың ішінде ол кеңестің жұмысы нәтижесін берді.

Геннадий СЕЛЮТИН, ЮНЕСКО-ның Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы педагогика кафедрасының меңгерушісі:
– Бұл конференция ақпараттық қоғам­ның өзекті мәселелерін қозғайды. Ақпа­рат­тық қоғам жетілмейінше, қандай да бір са­­ланың дамуы қиын. Т.Садықов Қа­зақ­стан­да білім беру саласына ақпараттық тех­нологияны, ақпараттық ком­му­ни­ка­цияны енгізуге үлес қосты. Ол – ЮНЕС­КО-мен ынтымақтаса жұмыс істеуге қадам жасаған алғашқы адамдардың бірі. Оқу орнының ұзақ жылғы басшысы ретінде дәл осы салада көп табысқа жетті. Айталық, оның тікелей араласуымен Қазақстанда магистранттарды еуропалық стандарттар бойынша оқытуға алғаш қол жетті. Сады­қов­тың тың идеялары кезінде жоғары білім са­ласына жаңалық болып еніп, бүгінде же­тіліп келеді.

Георгий РУДИК, Канаданың «Шексіз оқыту» заманауи педагогикалық орталығының профессоры, педагогика ғылымының докторы:
– Бүгінгі ғылыми-практикалық конфе­рен­цияда Қазақстандағы ғана емес, жал­пы, әлемнің білім беру саласын қандай ре­формалар күтіп тұрғаны және қандай өзгерістерге қажеттілік бары айтылады. Жаһандану дәуірі жаңа білімді қажет етеді. Міне, қазір дүниежүзі осы мәселені талқылап жатыр. Мен Садықов оқуларына екінші рет қатысып отырмын, өзім бұл кісімен жақын таныс болдым. Оны жоғары білім саласының дамуын алдын ала көре білген сәуегей ғалым деп білемін. Оның салаға енгізген бастамаларының қай-қайсысының да құнды екенін айта кеткен жөн.

Қайрат АДАМБЕКОВ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Этномәдениет» орталығының директоры, педагогика ғылымының докторы:
– Ол өте тәртіпті, барлық нәрсеге оң көз­қа­распен қарайтын адам еді. Мейірімді әрі та­л­апшыл адам болды, уәде беріп алып орын­дамайтын адамдарды жек көретін. Әр қызметкердің жай ғана жұмыс емес, шы­ғармашылық жұмыс атқарғанын қа­лайтын. Адамгершілігі мол ұстазды Ел­ба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаев «еліміздің бі­рінші педагогы» деп бекер айтқан жоқ. Мен ол кі­сіден көп нәрсені үйрендім, біздің уни­вер­ситет кредиттік технологияны енгіз­ген тұң­ғыш оқу орны еді. Кредиттік техно­ло­гияны е­н­гізу жөнінде көптеген қиын жұмыстарды бірге қолға алдық. Бүгінгі шара магистранттарға, жас ғалымдарға Са­дықовтың ойларын, жалғаспай қалған еңбектерін зерделеуге көмектеседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста