Каспий жағалауындағы өрт "Ақжайық" табиғи резерватына жайылды

Каспий жағалауындағы өрт "Ақжайық" табиғи резерватына жайылды

Каспий жағалауындағы қамыс өрті "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағын шарпыды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент мәліметінше, өрт аумағы 60 гектарға жеткен.

"Атырау қаласына таяу орналасқан Кеңөзек ауылдық округіне қарайтын Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықта қамыс өртеніп жатыр. Бұл - Каспий теңізінің жағалауы. 20 қыркүйек, кешкі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, жалын шарпыған жағалау аумағы ұлғайып, 60 гектарға жетті. Ал сағат 19:40 шамасында от "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына өтті. Теңіз жағалауында жел оңтүстік-шығыстан соғып тұр. Екпіні - 5-7 метр/секунд. Ауа температурасы +30С шамасында. Өрт аумағында мобильді және радио байланыстың жоқтығы қиындық тудырып отыр", - делінген хабарламада.
 
Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 31 қызметкер, 10 техника, 1 су көлігі, "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватынан 20 жұмысшы мен 5 техника, жергілікті атқарушы органдардан 3 адам, 3 техника, өзге мекемелерден 15 адам, 2 техника тартылған.

"Қазір Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. 21 қыркүйек, таңғы сағат 07:00-де қамыс өртін әуеден сөндіру жұмыстарына "ҚазАвиаСпас" АҚ-ның МИ-8 тікұшағын жұмылдыру жоспарланып отыр", - деп толықтырды департамент өкілі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста