«Камерадан алып шығып сабайды»: Заречныйдағы тұтқындарды көмек сұрағаны үшін азаптап жатыр

«Камерадан алып шығып сабайды»: Заречныйдағы тұтқындарды көмек сұрағаны үшін азаптап жатыр

Мұндай мәлімдемені адвокат және құқық қорғаушы Мұрат Адам жасады. Ол бір күн бұрын Денис Воронцов қайтыс болған 155/14 мекемесінің тұтқындарының бейнеөтінішін әлеуметтік желілерде жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Алдыңғы күні Мұрат Адам мекеме әкімшілігі азаптау туралы айтпауы үшін тұтқындардың аузын жабуға тырысып жатқанын айтқан болатын.

«ЛА-155/14 әкімшілігі менің үстімнен жалған хабарлама таратты деген айыппен арыз жазды. Бұл, әрине, түрме әкімшілігінің құқығы және бұл маған түсінікті. Өйткені мен оларды қайтыс болған сотталушы Денис Воронцовқа қатысты азаптау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етемін», - деп жазады адвокат.
Ол сондай-ақ азапталып жатқан тұтқындардың бейнехабарламасын жариялады.

Бүгін Мұрат Адам өзінің алдыңғы күнгі видеосын жариялаған тұтқындарды басқа сотталғандардың көзінше ұрып-соғып, арыздан бас тартуды талап ететінін айтады.

"Сотталғандар бейнеөтініш жолдаған соң оларды камералардан алып шығып, басқа сотталғандардың көзінше ашық түрде сабай бастағанын басқа сотталушылар хабарлады. Енді олар арызынан бас тартсын деумен әлі сабап жатыр", - деді адвокат.
Ол бүгін Алматы облысының прокуроры оны қабылдауға уәде бергенін айтты.

Еске сала кетейік, Мұрат Адам ҚР ІІМ ҚАЖК 155/14 түзеу мекемесінде тұтқындарды азаптайтынын мәлімдеген еді.  Адвокаттың айтуынша, қаңтар айының соңында 2001 жылы туған сотталушы Денис Воронцов аталған түрмеде физикалық азап пен медициналық көмек көрсетудегі әрекетсіздіктен кейін қайтыс болған. ҚР ІІМ ҚАЖД ЛА-155/14 әкімшілігіне қатысты қызмет бойынша әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істі Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасы тергеп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста