«Луганск Халықтық Республикасының» басшылары қыздарға қырық үйден тиым салмақ. Енді кафеге барған қыздар жезөкше ретінде жазаланатын болады, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы.
Украинаның шығысында Луганск халықтық республикасын құрып, мемлекет тұтастығына нұқсан келтіріп отырған сепаратистердің бұл қадамы адамның жанын түршіктіреді.
«Призрак» бригадасының командирі Алексей Мозговой қыздар мен әйел азаматтарға кафе мен мейрамханаларға баруға тыйым салған. Егер бұл шартты орындамаса, ол қыз қатаң жазаға ұшырайды.
YouTube видеохостингіне жарияланған жазалау дәстүрін қарасаңыз жағаңызды ұстайсыз. Кафеге барған қызын әкесі дүрелеп жатыр. Ең сорақысы сол, қыздың шалбары шешіліп жалаңбұт қалған. Бұл әлі ешбір ел мойындамаған «Луганск Халықтық Республикасының» басшыларының және соны қолдаушылардың қаншалықты мәдениетсіз екенін аңғартса керек. Әйтпесе, қандай әке өзінің бойжеткен қызының дәл осындай масқараға қалдырып, абыройын төгеді.