Ішкі көші-қон қалай реттеледі?

Ішкі көші-қон қалай реттеледі?

Статистикалық деректерге қарағанда, Алматы қаласына жыл сайын сырттан 40 мыңнан астам адам келеді екен. Соңғы жылдары еліміздің басқа да ірі қалаларына халықтың көп шоғырланып жатқаны белгілі. Дегенмен үлкен қалаларға келіп жатқан қонақтардың қандай жұмыспен айналысып жатқаны, күнкөріс деңгейі, қоныстанған ортасы көп жағдайда белгісіз болып жатады. Бұған басты себептердің бірі – халықтың ішкі көші-қоны туралы арнайы заңның болмауы.

Елімізде 1997 жылы “Халықтың көші-қоны туралы” Заң қабылданған болатын. Дегенмен бұл заңда ішкі көші-қон туралы баптар жеткілікті деңгейде емес. Себебі аталған заң, негізінен, сырт елге шығатын немесе өзге елден келетін азаматтардың мәселесін қамтиды. Ал Қазақстанның өз ішіндегі урбандалу, орын ауыстыру, басқа да сұрақтарға нақты жауап беретін заң әлі жоқ. Мәселен, бұрынғы жылдары Арал өңірінің экологиялық ахуалына немесе Семейдегі полигон зардаптарына байланысты осындағы халықтарға көптеген жеңілдіктер жасалатын. Қазір оның көбі алынып тасталды. Неге? Егер халықтың ішкі көші-қоны туралы заңын қабылдайтын болсақ, бұл сұрақтың жауабы табылар еді. Қазақстанда, әсіресе, 2000  жылдардан кейін көшіп-қону процесі жиі байқалды. Осы уақытта Алматы сияқты ірі мегаполистердің халқы бірнеше мыңға көбейді. Ал халықтың қалалы жерлерге көшуі жиілеген соң, көптеген ауылдар қаңырап бос қалды. Сөйтіп, біз ауылдың өзін «болашағы бар», «болашағы жоқ» деген ауылдарға бөліп жібердік. Бұл ауылдардың қазіргі ахуалы бәрімізге белгілі. Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Алматыға өзге аймақтардан жылына 40 мыңға жуық азамат келеді екен.

Алайда олар жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, білім, тұрғын үй алу сынды мәселелерге келгенде көптеген кедергілерге ұшырайды. Ал бұл кемшілік ең әуелі тәртіпсіздік, заңсыздық, басқа да теріс әсер-әрекеттердің орын алуына әкеп соғады. Екіншіден, сырттан қалаға келетіндердің дені шетке ысырылып қалады. Осы ретте мынаны айтып кеткіміз келеді, іште көшіп-қонып жүрген азаматтардың дені өзіміздің қаракөздер болғандықтан, арнайы заң ең әуелі өз қандастарымыз үшін қажет. Қазір қалаға көшіп келіп жатқандардың дені – ауыл азаматтары. Ал ауыл халқы этникалық жағынан қазақтардан тұратыны белгілі. Тағы бір мысал, Алматыдағы «Шаңырақ» елді мекенінде жер дауы осы күнге дейін жүйесін таппай келгені белгілі. «Шаңырақ» бірлестігі құрылып, ол үнемі тұрғындардың жанайқайын билік пен баспасөз өкілдеріне жеткізумен болды. Егер елімізде аталған заң болса, бұл мәселені ұзаққа созбай шешуге болатын еді. Жалпы ішкі көшіп-қону тек экономикалық, әлеуметтік емес, ұлтаралық мәселеге де алып келді. Бүгінде көптеген елдерде ішкі көші-қон мәселесіне арнайы статус берілген. Оған мемлекет тарапынан арнайы әлеуметтік көмектер көрсетіліп отырады. Бізге де осындай заң енгізсе, ешқандай артықтығы болмас еді. Себебі ішкі көші-қон соңғы он-он бес жылдың ішінде өте үлкен әлеуметтік мәселеге айналды.

Дос КӨШІМ, саясаттанушы:
– Егер үйің өртеніп жатқанда есігің ашық болса, есіктен қашасың, ал егер есігің жабық болса, далбасалап бір бөлмеден бір бөлмеге тығыласың. Қазір азаматтарымыз сондай жағдайды бастан кешіруде. Бұл көрініс, әсіресе, 1995-96 жылдары көбірек көрініс тапқан болатын. Ауылдан ауданға, ауданнан қалаға деген сияқты, қазақтар көшіп жүрді. Ал кейбір ұлт өкілдері өздерінің тарихи атажұрттарына көшіп кетті. Ішкі көші-қон – қазақтың мәселесі. Осыны ұмытпауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста