Голощекиндік геноцид

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі – ұлттың сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқтық емес. Адамзат тарихында тұтас бір халықтың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің бірі – зорлық-зомбылық. Ол ғылыми тілде «геноцид» деп аталады.

Жиырмасыншы жылдардың екінші жар­ты­сы­нан бастап қазақ аспанын бір қара бұлт торлай бастады. Ол бірте-бірте түйі­ле келе отызыншы жылдардың басын­да ыз­ғарлы дауылға ұласты.
Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар, Алаштың аза­мат­тары басының ауған жағына көшті, босты. Сіңіріне ілінген сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті. Де­мо­граф­тардың нақты деректеріне сүйенсек, 20-30-жылдардың бұл ойраны анау «ақ­та­бан шұбырындыңызды» екі орап алар­дай тым алапат. Демек, қазақтардың та­рих­та бұрын-соңды өз басына түсіп көр­ме­ген ұлы қырғынға ұшырағаны ғой. Сон­да тұтас бір халықтың көз-жасын шы­ға­рып, ұлы сүргінге душар еткен кім? Ол ел жа­дын­да аса бір сүйкімсіз «Қужақ» деген ла­қап атпен жатталып қалған, жұрт аузын­да әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете ба­ратын кәдімгі Филипп Исаевич Го­ло­ще­кин еді.
Голощекин кім еді?
Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) 1876 жы­­лы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) Вите­бск гу­бер­ниясын­дағы Невель деген ша­ғын қаладағы ұсақ бур­жуаға жататын от­ба­сын­да дү­ниеге келді.
Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП қа­та­рына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан төң­керісіне дейінгі өмірі қуғын-сүргінмен өте­ді. Небәрі алты жылдың ішінде жеті рет түр­меге отырып шығады.
1918 жылдың ақпанынан бастап Уральск әс­­ке­­ри ко­мис­сары болады. Сол жылдың шіл­­­­де айын­­да Ека­­те­рин­бург ақ ка­зак­тар мен ақ чех­тар­дың қор­­­ша­­уын­­да қа­­ла­­ды. Урал об­­лыс­­тық со­ве­тінің құ­­ра­мын­да­ғы сол­шыл ехерлер, анархистер, әсіресе, қы­зыл революционерлер Рома­нов­тарды құр­ту­ды талап етті. Олардың қа­та­­рында Го­ло­щекин де болды. Осы кезде Урал облыстық со­ветінің шешімі бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйін­де қамалған ІІ Ни­ко­лай патша атылды.
Голощекин – 1929 жылдың сәуір-мау­сым айларында Түркістан әскери-ре­во­лю­ция­­лық советінің мүшесі, ал тамыздан бас­тап Челябі губерниялық ревкомының төр­а­­ғасы. 1920-22 жылдары Башқұртстанға, Кос­тро­мада түрлі шаруашылық қызметін ат­­қар­ды. 1923 жылдың қыркүйегінен Қа­зан­­ға келгенге дейін Самара губерниялық ат­­қа­ру ко­ми­тетінің төрағасы болып жұмыс іс­те­ді.
Алғашқы әрекеттер
Қазақстанға келе сала Голощекин бір­ден өзіне тән шапшаңдықпен іске шұғыл кі­рісті. Ол ең алдымен «1917 жылы қазан мен 1925 жылғы қыркүйек аралығында қа­зақ сахарасында Совет үкіметі болмады, ком­мунистік партия ұйымы жоқ» деген ше­шімге келді. Го­лощекиннің командалық-әкім­­­шіл­­дік жұ­­мыс әді­­сі етек алып өріс­тей бас­­та­ған кез­де рес­пу­бли­ка­лық пар­тия, со­вет ак­ти­ві оған қар­сы­лық та көр­сете бас­­та­ды. Мі­­не, осы тұс­та әккі әкімшіл, өктем Ф.Го­лощекин оппозиция қанатын бір­ден қыр­­­қу үшін жаңа саяси бағытты дәлел­­деп Ста­­­­лин­ге хат жолдады. Көп ұзамай оның аран­­­­да­­ту­­­шы­­лық сая­са­тына тоқтаусыз жол аш­­­қан: «Тов. Го­ло­щекин. Я ду­маю, что по­ли­­­­тика, намеченная в нас­тоя­щей за­­писке, яв­­­ляет­­ся в основном един­ственно пра­виль­­­­­ной политикой. И.Сталин», – де­ген жа­­­­­уап та келіп жетті. Міне, осы тұста Го­ло­ще­­­­­­­кин­­­­нің әкім­­­шілік-әкім­гер бас­шылық әді­­­­­­сі­­не қар­­­­сы шық­­­қан­­дар­ға неше түр­лі жа­ла жа­­­­­­был­­­­­ды. Т.Рысқұлов, Н.Тө­ре­құ­лов, С.Сей­­­­­фул­­лин, О.Жандосов, Н.Нұрма­қов, С.Сә­­­дуа­­­­қа­сов, С.Қожанов, С.Меңдешев, А.Әй­­­тиев сияқ­­ты партия, Совет қыз­меткер­ле­­рінің, өнер қай­рат­кер­ле­рі­н­ің аты­на ғай­бат сөз­­дер, А.Байтұрсынов, М.Ду­латов, М.Жұ­­­ма­­­­­баев, Ж.Ай­­ма­уытов және бас­қа­лар­­­­дың со­ңына шам алып тү­суші­лер кө­бей­­­­ді.
«Кіші Октябрь» қырғыны
1928-1930 жылдары Қазақстанда, әсі­­ре­се, солтүстіктегі аудандарда егін шық­пай қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал осы жылдардың қысы да қоғамдық малды қы­­на­дай қырып салды. Астық жинау, ет да­­йын­дау жөніндегі жоспарлар өсе түс­пе­се, азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұр­­­мы­сын күй­зел­те бер­ді. Де­генмен ха­лық­­қа, әсі­ресе, қа­зақ хал­қы­на ауыл шар­уа­­шылы­ғын жап­пай ұжымдастыру, көшпелі ха­­лықты бірден отырықшыландыру жө­нін­­дегі соқыр саясат тым ауыр тиді. Ф.Го­ло­­щекин, О.Иса­ев, І.Құ­ра­мысов, Т.Го­­лю­дов, Е.Ер­на­­за­­ров қа­­зақ са­­ха­­ра­­сын­да «Кі­ші Октя­брьді» жүзеге асыру ниетімен 700-ге жуық байдың бар малын тартып алды.
Елдің дәулетті адамдарын тәркілеуге Т.Рысқұлов қарсы шықты. «Өйткені, – деді ол, – орта шаруа, қалың бұқара ертең өзі­міз де тәркіге түсеміз бе деп секем алады. Со­вет үкіметінен шошынады». Расында да, со­лай болып шықты.
«Бер­се қолынан, бермесе жолынан». Халық малы тартып алынды. Халық көшіп келе жатқан жеріне күштеп қондырылды. Не суы, не нуы, не баспанасы жоқ шөлде мал түгіл, адамдар қырыла бастады.
1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді. 1931 жылы ондай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе ата қонысын тастап көшіп кетті. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 миллион 750 мың қазақ немесе ауыл халқының 40 пайызы тікелей шығынға ұшырады... Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым ара­лы­ғында 280 мыңнан астам қожа­лық­тан 1 млн 70 мыңдай адам көшіп кетті (М.Қозыбаев, І.Қозыбаев, Қазақстан та­ри­хы, «Атамұра» баспасы, А., 1993,112-б).
«Жолдас Голощекин» аталатын киіз үйлі қа­­­л­а­­шық­тар қа­ңы­рап бос қалды. Қа­ла­да да, да­ла­да да ал­ба-жұл­ба, аш-жа­ла­ңаш бос­­қын­дар кө­бе­йіп кет­ті. Бая­ғы қо­ғам­­дас­ты­­­р­ыл­ған 40 мил­лион мал жем-шөбі, су-суа­­ны, күнделікті күтімі бол­ма­ғандықтан, жап­­­пай ақ сүйекке ұшырап, 1932 жылдың ая­­ғын­да оның төрт мил­лионда­йы ға­на қал­ды. Өзе­­гі талған халық, сірә, «асыра сілтеу бол­­масын, аша тұяқ қал­масын» де­ген го­ло­­ще­­кин­­шіл­дік ұран­ды нақ осы тұс­та мә­­тел­ге ай­нал­дыр­са керек.
Халықтың жан дауысы
Қазақ халқының басына тарихтан этнос ретінде жойылып кету қатері төнгенде, оның азамат ұлдары бас көтере бастады. Голощекиннің жүгенсіздігі жөнінде Тұрар Рысқұлов халықтар көсемінің атына екі рет хат жолдады. Сол тарихи кезеңдегі хал-ахуал мына хаттан айқындала түседі.
«Қазақстанмен көршілес өлкелерге кө­шіп барғандардың жерлерінен шамамен алы­н­ған соңғы деректер бойынша қазір: Орта Волгада – 40 мың, Қарақалпақстанда – 20 мың, Батыс Сібірде – 50 мың, Қыр­ғызстанда – 10 мың, Орта Азияда 30 мың қазақ бар. Көшіп кетушілер тіпті Калмыкия, Тә­жікстан, Солтүстік өлке және басқа да алыс жерлерге  барған. Байлар бастаған халықтың бір бөлігі Батыс Қытайға көшіп кет­кен... Бұл әдетте жаздыгүні жақын жер­лерге және мал бар кезде болатын жай көшу емес, едәуір дәрежеде аш адам­дардың тамақ іздеп босуы еді.
Ел­дегі ашаршылық пен халықтың күй­зе­лісін нақты деректер келтіре отырып, ВКП (б) Орталық комитетіне хат жолдаған Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулет­қа­лиев, К.Қуанышев, Е.Алтынбеков сияқты азаматтар ұзақ жылдар бойы қу­ғын­далды. Осы хаттың бес авторының бірі, 1937 ж­ы­лы «халық жауы» деп қамауға алынып, сот­тал­­ған, кейін ату жазасына кесілген Мансур Ға­­таул­лин сотқа тұтылғандар орын­дығын­да отырғанда өз жолдастарын көр­сетіп бы­лай деді:
«...Мыналар – халық жаулары емес. Жау – менмін. Сондықтан да мені сот­таң­дар. Бірақ мен де – халық жауы емеспін, ха­лық жау­ларының жауымын. Ал ондай жау бо­луым 1932 жылы командировкамен Кент­ке (Қарқаралы маңындағы елді ме­кен) кел­­ге­­нім­де басталды.
Машинадан түстім, айналада тірі пенде кө­­рін­бейді. Ештеңе жоқ, ұзыннан салынған қо­­ра ғана тұр. Есігін ашсам, ішінде өліктер жа­тыр. Үлкен қораның іші қатар-қатар жи­нал­ған мәйіттерге толы. Кейбір адам­дар­дың көздері ашық жатыр, бірақ әне-міне өле­тіні көрініп тұр.
Айғай-шуды естіп, сыртқа шықтым. Шаш­тары жалбырап, көздері қанталаған, қол­дарында пышақтары бар әйелдер жүр­гі­зушіге тарпа бас салып, оны бауыз­да­мақ­қа әрекеттенуде. Әуеге оқ аттым, олар тұ­ра қаш­ты.
Жан-жағыма көз салсам, бір ошақта үл­­кен қазан қайнап отта тұр. Бірдеңе пісіп жа­­тыр. Қақ­пағын ашсам – қайнап жатқан су­­дың іші­н­ен жас баланың бірде аяғы, бір­де қо­лы, бірде өкшесі көрінеді.
Міне, сол кезден бастап мен халық жау­­ларының жауы болдым» («Жалын» жур­­налы, 1993, №7,47-б.).
Соған қарамастан Мәскеу мен Ал­ма­ты­­ға қарай аштық туралы жеделхаттар ағы­­ла бастады. Қазақстанның түкпір-түк­пі­рінен «Тезірек қол ұшын беріңіздер! Өзе­гі­­міз та­лып, аштықтан үзіліп барамыз» де­ген сипаттағы хаттар мен сәлемдемелер қар­­дай борап жатты.
Ашаршылыққа ұшырап, босқындық күй кеш­кен халықтың осынау жан дауысына Го­л­о­щекин құлақ аспады. Қайта елінен, же­рі­нен ауғандарды «колхозға барасың, не өмір­мен қош айтысасың» деп қорқытты. Әл­де­қалай колхоздан кетпей не тұрақтап қал­­ған шаруаларға алым-салықты шектен тыс кө­бейтті. «Қайдан тапсаң, оннан тап, қап­­тың түбін қақ!» деген қиқулы ұран атар­ман-шабармандардың ау­зынан түспейтін бол­ды. Сталиншіл жандай­шап­тар жа­зық­сыз жазалауды кү­шейт­ті. Олар екі сөзінің бі­­рін­де момын ша­руа­ға «социализм тұ­сын­­да сотталмай­тын бір­де-бір адам бол­май­ды» деп кө­кі­ді.
Мұндай жағдайда, әрине, халық Совет үкіметінен үміт үзді. Ел Өзбекстанға, Қырғызстанға, Оралға, Омбыға, Құлынды даласына, Астраханьға, Еділ бойына қарай бет түзеді. Шекарада атысып-шабысып, қанды қырғынға ұшырап, Қытай, Ауған, Иран, Түркия асып кеткені қаншама.
1928 жылдан бастап жүргізілген кәм­пес­кеден кейін жалғасқан 1931-1932 жыл­дардағы аштық, үсті-үстіне салынған са­лық ауыртпалығы халықты ашындырып, на­р­азылық көтерілістеріне жалғасты. Ке­ңестік дәуірде «бандылармен күрес» атал­ған осы кезең – халық санының ке­муіне соқ­тыр­­ған опаттың бірі. Қазақстанда 1929-1932 жыл­дары 372 көтеріліс болып, олар­ға 80 мың­ға жуық адам қатысты. Әсіресе, Со­­зақ, Ше­мо­наи­ха, Бұқтырма, Ырғыз, Қа­за­­лы, Қар­мақшы, Самар, Абыралы, Шың­ғыс­­тау, Қас­тек, Балқаш, Шұбартау, Маң­ғыс­­тау жә­не бас­қа ау­дан­дар­да шаруа қоз­ға­­лыс­та­ры бол­ды.
Бас көтерген халыққа аяусыз жазалау шарасы жүргізілді. 1929-1932 жылдары ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 5551 адам сотталып, оның 855-і атылды.  Жалпы алғанда, күштеп ұжым­дас­тыру кезінде 100 мыңнан астам адам жаза­ланды («Ақиқат», 1994 жыл, №3, 12- б.).
Жазушылар Б.Нұржекеев пен С.Елу­баев­тар ашаршылық жылдарын пуб­ли­цис­­тикалық қырынан зерттей келіп, құр­бандар санын 2 миллионнан 3 миллионға де­йін есептеуде («Ақиқат», 1994 ж., №3, 7-б.).
Міне, осылайша, тарихта «Кіші Ленин» болғысы келген Ф.Голощекин қазақ же­рінде «Кіші Октябрь» қызыл қырғынын жа­сады. Асы­ра сілтеушілер, шаш ал десе, бас ала­тын ұр­да­жық әрекеттер ұлтымыздың ішін­дегі ұлыла­рын да, қарапайым жұртты да қыр­ғын­ға ұшы­рат­ты.

    Абай ОМАРОВ (коллаж)
Оппозиция лидері Сәдуақасов
РКП (б) Қазақстан өлкелік партия кон­фе­ренциясы (1925 жыл, сәуір) халық ағарту комис­сары Смағұл Сәдуақасовты өлкелік партия комитетінің бюро мүшелігіне сай­ла­ды. Ол енді бүкіл Қазақстан тағдыры үшін жауап беретін биік дәрежеге ие болды.
Біртұтас Қазақстан болып біріккен республиканың оқу-ағарту ісін жан­дан­ды­ру, жергілікті кадрды тәрбиелеу, ме­ке­ме­лер­ді қазақыландыру және тағы басқа толып жатқан мемлекеттік мәсе­ле­лердің ба­сы-қасында Сәдуақасов жүрд­і. 25 жасар жас жігіт осыншама жауапты жұ­мыс­тарды үлкен қажыр-қайратпен атқара бас­тайды. Әрине, ол кездегі республика бас­шылары, әсіресе, Ф.Голощекин Сма­ғұл­дың бір­бет­кей, өжет, тура мінезін жақ­тыра бер­мейді. Әсі­ре­се, оның талас мәсе­ле­лерінде бір айт­қанынан қайтпайтын прин­цип­шіл қаса­рыс­па мінезі де оған Голо­ще­кин­дер тара­пы­нан жақсы атақ әпере қой­ма­ды.
С.Сәдуақасов пен Ф.Голощекиннің қат­ты ұс­тасқан төрт мәселесі болған. Олар: бі­рінші – мекемелерді қазақыландыру, екін­ші – оқығандарға көзқарас, үшінші – бай­лар­ға көзқарас, төртінші – өнеркәсіпті да­мыту.
Ф.Голощекин: «Қазақыландыру жұ­мы­сы партиядан басқа мекемелердің бәрінде жү­ру керек, партияның қазақылануының қа­ж­еті жоқ, өйткені партия Россиянікі, оның тілі орысша болса да жетеді», – дей­ді. 
Ал С.Сәдуақасов былай дейді: «Партия қа­зақ жұртшылығымен жұмыс істейді, қа­зақ коммунистерімен қарым-қатынаста бо­лады, ол неге өз жұмысын қазақ тілінде жүр­гі­зе ал­майды?»
Осы кезде аса күшті дискуссия тудырған мә­се­лелер­дің бірі – оқығандар проблема­сы. С.Сәдуақасов: «Партияда жоқ оқы­ған­дар туралы бір ғана саясат ұс­тауға тиіспіз. Олардың білімін пай­дала­нуы­мыз керек. Біз­де Совет тұсында білім алып, жоғарғы оқу орнын бітіргендер әлі аз, оқу орын­да­рында сабақ беретіндері жоқ­тың қа­сы. Сон­дықтан өз мамандарымыз өсіп-же­тіл­генше, біз оқығандардан мүлдем бас тар­та алмаймыз».
Ф.Голощекин: «Қазақстанда жоғарғы оқу орнын ашудың қажеті жоқ. Оқимын дей­тін­дер Москва, Ленинградқа барып оқы­сын. Оқығандар жастарды бұзады, ұлт­тар алауыздығын қоздырады», – деп сан­ды­рақтады.
Жиырмасыншы жылдардың орта ше­нін­де «байларға көзқарас қандай болу ке­рек?» деген мәселе қайта-қайта күн тәр­тібіне қойылады. Голощекиннің «Кіші Октя­­брі» қа­зақ қауымын қандай күйге ұшы­­рат­­қа­нын жо­ға­рыда айттық.
Сәдуақасовтың Голощекинмен келіс­пе­ген тағы бір мәселесі – Қазақстанда өнер­кәсіп орындарын ашу проблемасы. Смағұл Қа­зақстан төңкеріске дейін Ресейге шикізат беретін отар ел болса, қазір де солай болып отыр дейді. Республика өндіріп отырған өнім­нің бәрі орталыққа жіберіледі, өте ар­занға сатылады, егер ол өнімдер жергі­лік­ті жер­де өңделетін болса, Қазақстанға пай шаш етектен болар еді дейді. Ал Го­лощекин болса оған «Сә­дуа­қасов Қа­зақстанды ор­та­­лықтан бөліп ал­ғы­сы ке­леді, Россиямен эко­но­ми­калық бай­ланысты мүл­дем үзбек­ші» деген айып та­ғу­мен болды.
Голощекин мен оның айналасындағы­лар­дың VI партия конференциясында Сә­дуа­­­­қасовты қуғынға ұшыратып, оны Қы­зыл­ор­дадан кетуге мәжбүр етті.
1928 жылы Смағұл Москвада оқып жүр­генде, Голощекин оны тыныш қал­дыр­май, институттың партия ұйымына хат жол­­дап, оның мәселесін қарауды талап етті. Сә­ду­ақасов Қазақстаннан кетсе де, Го­ло­­ще­кин оның есімін жиналыс сайын атап, «сә­дуа­­қасовщинаның» республикаға қан­дай зиян келтіргені жайында байбалам са­лып жатты.
Сонымен, Голощекин қазақтың ең бе­дел­ді деген екі мемлекет қайраткері – Сұл­тан­бек Қожанов пен Смағұл Сәдуа­қасовты Қа­зақстаннан мүлдем аластатты. Қа­ра­ма­ғын­дағы қазақ зиялыларына Гол­о­ще­кин қа­­таң қарады. Сәл ұнамаса болды, жұ­мыс­тан бо­­са­та салатын.

Алаш арыстарын талқандау
1925 жылы 29 мамырда И.Сталин қа­зақ өлкелік партия комитетінің бюросына өл­келік «Ақ жол» газетінің ұстанған саяси ба­ғытын айыптап, арнайы хат жолдады. Он­да – газетте (И.Сталин шатасып газетті жур­нал деп жазғанын ескертеміз) жарық кө­ріп жатқан мақалалардың бұл кезде ше­тел­де эмиграцияда жүрген М.Шоқай­мен «үндес» және пікірлес екенін, яғни «алаш­ор­­дашыл, ұлтшыл идеяларды жаң­ғыр­та­тынын көрсете келіп, осындай көз­қа­рас­тағы партияда жоқ интеллегенция өкіл­дерін жастарды тәрбиелеуге жібермей, не­гі­зінен оқу құралдарын жазу тәрізді жұ­мы­с­тарда ғана пайдалану қажеттігін ес­керт­ті» (ҚР Президентінің архиві. 141-қ. 479-іс,1-2-парақтар).
Көп кешікпей-ақ Сталиннің осы көз­қа­ра­сын нақтылай түскен Ф.Голоще­кин­нің өзі болды. Отқа май құйғандай, «Степ­ная прав­да» тәрізді партиялық басы­лым­дар Алаш қозғалысына қатысқан зия­лы­лардың «ұлтшыл­дығын» дәлелдейтін мақалалар­дың бірінен соң бірін жария­лау­ға көшті. Осы­лайша, Алаш қозға­лысының мүше­лерін қуғындау басталды. Олар­ға қарсы ұйым­дастырылған алғашқы сот процесі 1930 жылғы 4 сәуірде болып, ОГПУ-дың үкі­мімен 35 адамға әртүрлі жаза таға­йын­далды. Дәлірек тоқталсақ, А.Бай­тұр­сынов бастаған он адам алғашында өлім жа­за­сына кесіліп, бірақ кейін ол үкім он жылдық мер­зімге жазалау лагерінде оты­румен алмастырылды. 1932 жылы 28 ақ­пан­дағы екінші сот процесінің үкімімен Мұ­хамед­жан Тынышбаев, Халел Дос­мұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов бас­таған Алаш қозғалысы басшыларының екін­ші тобы бес жылдық мерзімге Ресейдің Ор­талық қара топырақты облысына (қа­зіргі Воро­неж облысы) жер аударылды. ОГПУ-дың осы екі үкімі құрбандарының тірі қа­лып, ел­ге оралғандары 1937-1938 жыл­дары тү­ге­лі дерлік «ұлтшыл» деген айып­пен ату жа­засына кесілді. Оларға не­гі­зінен «ре­во­люцияға қарсы қызмет» де­генді білдіретін 58-бап бойынша айып та­ғылды. Бұлардың бәрі таныс есімдер, қа­зақ хал­қы­ның бо­ла­шағы үшін аянбай қыз­мет жа­са­ған еліміздің мақ­таныштары еді.­
Ел басына қара бұлт төндірген қазақ халқын қырғынға ұшыратқан, жерінен безуге мәжбүр еткен, ұлт араздығын қоздырған, ұлыдержавалық шовинизмнің отына май құйған қужақ – Филипп Иса­евич Голощекин Қазақстанды сегіз жыл сер­­гел­­дең­ге салып барып, 1933 жылғы қаң­­тар­дың 21-інде орнынан алынды. Соң­ғы сөзінде де ол өзінің бүкіл сәтсіздігін қазақ ком­мунистеріне аударуға тырысып бақ­ты. Ол қазақ коммунистерінің бір тобын еш­­­қан­­­дай тәр­бие­ге көн­бей­тін, пай­да­ла­ну­ға мүм­кін емес, ұлтшыл уклонистер қата­ры­­на жат­­қызды. Екінші категориясын жағ­дай­­ға қа­рай бет пердесін өзгертіп отыратын ха­ме­­леон­ға теңеді. Әлбетте, үшінші топ – өз қа­­те­ле­рін бір ғана Голощекинге аудар­ғы­сы ке­­летін арамзалар. Демек, ол Қа­зақ­стан­нан бір­де-бір ары таза коммунист көре ал­­ма­ған. Мәскеуге КСРО Халық ко­мис­сарлары со­ветінің жанындағы мемлекеттік бас ар­битрі болып кетіп бара жатып та, өзі­нің осы­нау арам пиғылын жасыра ал­ма­ды.
Елді қу тақырға отырғызып, халықтың аузын айға қаратқан адам ақырында өзіне лайықты жазасын алды. Ол 1942 жылдың күзінде атылды.
1934 жылы ВКП(б) Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Левон Исаевич Мирзоян сайланды. Ұлты басқа, нәсілі өзге болса да, қасіретті көп көрген қазақ халқына ол қолдан келген жақсылығын аямады. Сонау 1937 жылдың сұрапылында жазықсыз жазаланып кетсе де, күні бүгінге дейін халық оны «Мыр­за­жан» деп атайды.


Тілеу Көлбаев, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста