Геральдика ғылымы елімізде қаншалықты дамыған?

Геральдика ғылымы елімізде қаншалықты дамыған?

Рәміз белгілердің тарихы мен мазмұнынын зерттейтін арнаулы ғылыми сала геральдика деп аталатыны белгілі. Ол тарих ғылымы­ның бір саласына жатады. Латын тілінен аударғанда жаршы деген мағынаны білдіреді. Еуропа корольдерінің сарайында гербтерді тіркейтін, жүйелейтін, жаңа гербтердің сызбасын жасап шығаратын арнайы мамандар болған. Оларды герольдтер деп атаған. Бертін келе олар «Герольдия» деп аталатын мекемеге біріктірілді. 1722 жылы Ресейде гербтерді тіркеп отыру үшін Сенат жанынан арнайы герольдмейстерлік кеңсе құрылды. Олар сан жылдар сарабынан өткен герб тарихын зерттеп, бір жүйеге келтірді. Сөйтіп, гербтердің суреттерін, мазмұнын, тарихын қамтитын арнаулы жинақтар шы­ғар­ды. ХХ ғасырдың басында осындай жинақтардың саны 20 томға жетті. Осы томдықтардың ішінде 1649-1900 жылдар аралы­ғында шыққан заңдар жинағында Қазақстан қалаларының ертедегі герб­тері туралы деректер бар. Оның ішінде Петропавл, Верный, Орал, Семей, Торғай, Ақмоланың гербтері бар... Ерте замандардан бас­тау алған геральдика ғылымы бүгінде елімізде қай деңгейде дамыған?
Жаздың алғашқы айы маусымның 4-ін­де Мемлекеттік рәміздер күні тойланады. 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың  Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы кү­шіне енгені белгілі. «Мемлекеттік рәміз­дер туралы» Заңда «Туды, Елтаңба мен Әнұран­ды дұрыс қолданбағандар әкімшілік не­месе қылмыстық жауапкершілікке тарты­лады» деген бап бар. Бұл, әрине, азамат­тарды рәміздерді құрметтеуге үндейтіні анық. Аталған заңның 5-бабында «Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік Туы­ның көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға, сондай-ақ қоғамдық бірлестік­тер мен басқа да ұйымдардың тулары Мемлекеттік Туымызбен бірдей болмауға тиіс» делінген. Алайда осы заң талабы көбіне ескеріле бермейді. Мәселен, кейбір қаржы тапқыш компаниялардың өз тулары бар. Соны кейде Мемлекеттік Тудан да үлкен етіп жасап, іліп қояды. Соны байқап, жауапқа тартып жатқан жан жоқ. Мұндай мысалдарды кез келген банктер мен қонақ­үйлердің алдынан кездестіруге болады. Оның үстіне көк туымыздың түсі оңып, күнге күйіп, жыртылып кетсе де  ауыстырылмай тұра беретін жағдайлар да жиі көрініс береді. Заңда «Мемлекеттік Ту мемлекеттік стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстыры­луға және жойылуға тиіс» делінген. Мұн­дай келеңсіздікпен күресте осалдық таны­тып жатқанымыз анық. Сондай-ақ «Мем­ле­кет­тік Ту мемлекеттік мекемелерден бөлек, жеке үйлерде де тігілуі мүмкін» де­лін­ген. Жеке үй түгіл, кейде тіпті мемлекет­тік меке­мелердің өзінен туды көре алмай, пұшай­ман болатын жағдайлар жиі кезде­седі. АҚШ пен Еуропаның ірі мемлекет­терінде, сондай-ақ Түркияда Президенттер­дің кез­десуінде ғана емес, кез келген бұқа­ра­лық жиындарында жүздеген туларын желбіре­тіп қояды. Мұның астарында үлкен саясат жатқаны белгілі. Елімізде он шақты ғана кәсіпорынның ту жасауға рұқсаты бар екен. Мемлекеттік рәміздерді лицензиялау арқылы тәртіп орнатуға да болады. Алайда оны жасау аясын тарылтпау қажет. Өткен жылы облыстық әділет департаменті ли­цен­зиясы жоқ бірнеше фирманың жұмы­сын тоқтатты. Олардың бірнешеуі лицен­зиясы бола тұра, мемлекеттік стандартқа сай келмейтін рәміздерді жасап шығарғаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Рәміз жасауда қарапайым ғана қағидаларды сақтамаған. Біреуінде тудың көлемі кіші болып шықса, екіншісінде күн сәулелері негізгі стандарттан ауытқып, мүлде бас­қаша сипат алған. Бұл дегенің – Туға деген, рәміздерімізге деген «құрметіміздің» қан­дай екенін көрсетсе керек.  

Алашнама
Швеция, Ресей, Литва сынды бірқатар елдерде Ұлттық ту күні мерекесі тойланады. Ал елімізде 4 маусым – тек Ту күні ғана емес, Мемлекеттік рәміздер күні деп белгіленген.
Ту-ақпарат
Әлемде 200-ге жуық мемлекет бар болса, соншама ту бар. Ең көне ту АҚШ-тікі болып саналады. Оның алғашқы нұсқасының жасалғанына 200 жылдан асқан. Алпауыт мемлекеттің алғашқы туын үй шаруасындағы әйел ойлап тауыпты. «Апама жездем сай ...» болып, оның күйеуі де шебер екен. Әйелі тудың суретін салып, матаға тіксе, күйеуі тудың сабын әзірлепті. Осы ту көптің көңілінен шыққан екен. АҚШ-тың бүгінгі туы алғашқы нұсқасынан ауытқымаған, жетілдірілген түрі.
Қазақ туының мазмұны
Геральдика, яғни гербтану ілімінде көк түс – адалдық пен сенімділіктің белгісі. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Ол – түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Нұр шашқан алтын күн – тыныштық пен татулықтың, байлықтың белгісі. Қанатын жайып қалықтаған құс – еркіндіктің белгісі. Себебі қыран – өте биікке ұшатын әрі ұзақ жасайтын құс. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран құс елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухының белгісіндей.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста