"Гей емеспін": Орамалды қазақ жігіті өзі туралы бар шындықты айтты

Желіде шу тудырған орамалды жігіт өзіне қатысты бар шындықты баяндап берді. Мұхаммед есімді азамат мұсылман екенін алға тартып, гейлерге ешқандай қатысы жоқтығын жеткізді.

 

Ерекше образды бет әрлеуші ер адамдар тарапынан қоқан-лоққыларға тап болып жатқанымен, оның өнеріне қолдау көрсетіп жатқан жігіттер де бар екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ойбай Show" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Әлеуметтік желіде макияж жасап, басына орамал тағып танылған жігіт көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Ол өзінің гей емес екенін ашып айтты.

 

Алайда, боянатын азаматтың әрекеті ерлер қауымына бәрібір ұнамай жатыр.

 

"Жоқ, гей емеспін. Ондай ауытқушылығым жоқ. Гейлерге ешқандай қатысым жоқ. Алайда, маған "қатын сияқты" , "қызтеке", "еркектің жұмысы емес", "әйел болып кеткен" деп айтып жатады. Бірақ, тағы да түсіндіремін, бұл бар болғаны - образ.

Әр адам өз сүйген ісін жасау керек. Мен үшін бастысы, харам болмаса болды. Маған бәрібір, адал жұмыспен адал ақшамды тапсам болды. Жігіт достарым басында мені дұрыс түсінбеді. Бірақ, кейін бәрі болмаса да, ішінен мені түсінгендер болды. Жігіттер арасынан қолдағандар бар.

Қарсы болатындар бәрібір болады. Өмірде емес, бірақ желіде қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытпақ болғандар бар. "Тауып алам", "Өлтіріп кетем" деп жазатындар бар.

Бірақ, маған әсер етпейді. Мені артымнан іздеп жүргендер болған жоқ. Желіде жазады, алдыма да келеді. Алайда, ештеңе істемейді. Көшеде орамал тағып жүрмеймін. Бұл тек образ. Мен өз жұмыстарымды осылай жарнамалаймын" , - деді ол.

 

Айта кетейік, бет әрлеумен айналысатын орамалды жігіт ел ашуын тудырып, жаға ұстатты. Көпшілік оны орамалды қорлап жатыр деген себеппен сөгіп тастады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста