Ғарышты қала мешітке мұқтаж

Ғарышты қала мешітке мұқтаж

Жер кіндігі атанған Байқоңыр шаһарының іргесі қаланғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Соған қарамастан, әлі күнге дейін Байқоңырда ислам дінінің имандылығына ұйыған мұсылман қауымы баратын мешіттің болмауын қалай түсінуге болады?

Кезінде қалада орыс ұлтының саны басым болды. Кейінгі жылдары жергілікті ұлт өкілдерінің де қатары артып келеді. Қазір Байқоңырда 40 мыңға жуық қазақ тұрады. Мешіт болмағанымен, есесіне, онда алыстан «мен мұндалап» тұрған шіркеу бар. Қысқасы, христиан дінін ұстанатын халық ешқандай қиындық көрмейді. Оларға шіркеу мен қосымша мінәжат орындары қалтқысыз қызмет көрсетуде. Ал мұсылман қауымы ондай мүмкіндіктен құралақан. Сол себепті де түрлі діни мейрамдар мен жұма намазында Байқоңырдың іргесіндегі Ақай мен Төретам ауылдарының қоныс тепкен мешіттеріне барып қайтуға мәжбүр.
Сәкен СӘДІБЕКҰЛЫ, Байқоңыр қаласының тұрғыны:
– Қазақстанның кез келген қаласында түрлі дін өкілдеріне арналған мінәжат орындары бар. Өзге дін өкілдері 10 пайызға да жетпейтін Қызылорда қаласының өзінде сәулетті шіркеу көз тартып тұр. Ал Байқоңыр Ресей тарапынан жалға алынғанымен, қазақтың жерінде орналасқан емес пе? Ендеше, онда тұратын жамағаттың мұң-мұқтажына да назар аударылуы тиіс еді. Осы жағдайдың жергілікті жұрттың көңілін пәс етіп отырған жайы бар.
Дайрабай қажы РЫСБАЙ, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Қызылорда облысындағы өкілі, «Сырдария-Ақмешіт» мешітінің бас имамы:
– Бұл  мәселе осыдан 10-15 жылдай бұрын қолға алынған еді. Мен ол уақытта Алматы қаласында қызмет атқарған болсам да, шет жағасын білемін. Сол уақытта Байқоңырда арнайы жер бөлініп, мешіттің құрылысы қолға алынған еді. Өкінішке қарай, жалғасын таппай қалды.
Қазір қаланың іргесіндегі «Төретам» ауылынан мешіт құрылысы қолға алынып жатыр. Ал қаланың өзінен имандылық үйін салу мәселесі жуық арада шешіліп қалады деген үміттеміз. Қазақстан Президентінің Байқоңыр қаласындағы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Сәбит Қожаметовпен осы тұрғыда әңгіме болды. Алдағы уақытта осы мақсатта жұмыстар жүргізу көзделіп отыр. Осыған қарамастан біз Байқоңырда түрлі діни мерекелерді атап өтуге көңіл бөліп отырмыз. Өткен жылы қаладағы Оқушылар үйінде Мәуліт мейрамына байланысты арнайы шара ұйымдастырдық. Оны биыл да жалғастырамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста