Ғарыш тақырыбындағы фантастикалық әңгімелерге бәйге жарияланды

Бүгіннен бастап Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдығына орай, жастар арасында «Байқоңыр-2011» атты халықаралық фантастикалық әңгімелер байқауы басталды. Кеше елордадағы «Назарбаев университеті» АҚ ғимаратында осы мәселеге қатысты арнайы баспасөз мәслихаты болып өтті.
«Байқоңыр» қоғамдық сыйлығы бұған дейін 1 наурыз бен 11 сәуір аралығында мек­теп оқушылары арасында республи­калық байқау жариялаған болатын. Ғарыш тақырыбын қамтитын балалар арасындағы қиял-ғажайып әңгіменің бәйгесіне барлық дерлік облыстан мектеп оқушыларының шығармалары жолданып, ұйымдастыру­шы­лар мектептегі бүлдіршіндердің қы­зығушылығын жоғары бағалады. Оның ішінде ғарышқа сапар төңірегіндегі туын­дыларға Ақмола, Жамбыл, Қостанай об­лыс­тарының өрендері ерекше белсенділік танытыпты. «Байқоңыр-2011» фантасти­ка­лық әңгімелерге қазылық жасайтындар құрамына Қазақстан мен Ресейдің танымал фантаст-жазушылары кірген. Сонымен бірге, баланың ойын ұшқырлап, қаламгер­лігіне қолдау болатын мұндай игі бастамаға отандық фантаст-жазушылар Андрей Хуснутдинов, Орынбай Жанайдаров пен Абдулхамид Мархабаевтар да қолдау білдірген. Жалпы, ғарыш күні қарсаңында фантастикалық әңгімеге бәйге жариялау­дағы мақсат Қазақстанның фантаст-жа­зушыларының жаңа буынын қалыптастыру, осы бағыттағы шығармаларды сапалы мазмұнмен толықтыру болып табылады. Бәйге 12 маусымда аяқталады. Бәйгеден озық шыққандардың туындысы Қазақстан­дық фантастикалық әңгімелердің тұңғыш жинағына енеді.
Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты:
Қазақстанда қолға алынған индус­триялық-инновациялық салаға ең алдымен білімді де білікті азаматтар, солардан туатын жаңа идеялар керек. Мемлекет басшысы алдағы мақсаттар туралы айтқан кезде де «абсолюттік инновация» дегенге баса мән берді. Ал әлгіндей «абсолюттік инновацияның» басым жағдайда фантазия арқылы жү­зеге асатыны – шындық. Сонымен қатар қазақтың ықылымнан бергі тарихы, фольклоры фантастикадан кенде емес. Сондай фольклорлық фантастиканың бәрі шынайы өмірге, кезіндегі ертек әңгіме, нақты мысалға ұласып жатыр. Қа­зақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағы да – соның айғағы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста