Ғалымдарымыз термоядролық энергия көзін алуға шындап кірісе бастады

Ғалымдарымыз термоядролық энергия көзін алуға шындап кірісе бастады

Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Ядролық энергияның да түгесілетін уақыты жетеді. Себебі уран да сарқылатын отынға жатады. Ал Қазақстан, өздеріңіз білесіздер, ядролық отынды шикізат күйінде экспорттаушы мемлекеттердің алдыңғы қатарында. Былайша айтқанда, еліміз – ең ірі ядролық отын жеткізуші мемлекеттердің бірі. Сондықтан да біз үшін бірінші мәселе – шикізат күйіндегі отынды дайын өнім ретінде шығару. Екінші мәселе – энергияның жаңа көзін табу. Ал ғалымдардың есептеуінше, энергияның келесі көзі термоядролық энергия болмақ. Сол үшін де еліміздің ғалымдары он жылдан бері Шығыс Қазақ­стан облысының Курчатов қала­сын­дағы ұлттық ядролық орта­лық­та қазақстандық материал­тану­шылық токамак (ҚМТ) жобасын жүзеге асырып жатыр.
Кеше Назарбаев университетінде «Қа­зақ­стандық материалтанушылық токамак жасау инновациясы. Ғылыми зерттеулер және халықаралық әріптестік» атты халық­ара­лық семинар басталды. Семинардың мақ­саты – осы жобаның аясында, атап айт­сақ, басқарылатын термоядролық син­тез, токамактар физикасы және термоядро­лық материалтану салаларында шетелдік ға­лымдармен пікір алмасу, сондай-ақ ха­лықаралық зертхана құру.
Естеріңізде болса, осыдан тура бір жыл бұрын қазақстандық материалтанушылық токамакта бірінші плазма алынған болатын. Қазір токамакты физикалық тұрғыда іске қосу үшін және кешенді түрде эксплуата­ция­лау үшін тәжірибелер жасалып, жұмыс­тар жүргізілуде.
Осы жерде айта кету керек, қазақстан­дық токамак – материалтану саласындағы есептерді шешуге арналған әлемдегі жалғыз токамак. Сондықтан да біздікі ХХІ ғасырдың ең перспективалы токамактар тізіміне кіріп отыр. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарайтын Атом энергетикасы комитетінің төрағасы Тимур Жантикиннің айтуынша, бұл токамактың құрылысы келесі жылы толық аяқталып, іске қосылады.
«Токамак қалыпты жұмыс жасай бас­таған соң, халықаралық зертхана құру ке­рек­піз. Зертхана құрылғаннан кейін ғылы­ми зерттеулер жүргізілетін болады. Одан жақ­сы нәтиже күтеміз деген сенімдемін», – дейді Тимур Жантикин.
Халықаралық зертхана құрылса, тәжі­ри­белік кешеннің мүмкіндіктері артады. Яғни материалдарды, компоненттерді, түйін­дерді, элементтерді дұрыс қойып, тер­моядролық реакторлар жүйелерін сы­нау ғылыми бағдарламаларын оңтайлы жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұған қоса, конструкционалды материалдарды сы­нау әдістерін өңдеуге және өлшемдер мен тәжірибелерден алынған нәтижелердің әдістемелік базасын құруға мүмкіндік туады.
Жалпы, ҚМТ жобасының сәтті іске асуы – атом және термоядролық энергетикасын пайдалану саласында еліміздің тәжірибелік базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ре­сей­дің «Курчатов институты» ғылыми орта­лығы федералды мемлекеттік мекемесінің президенті, академик Евгений Велихов біздің токамакқа жоғары баға беріп отыр. «Мен мынаны айтқым келеді. Бұл токамак бірлесіп жасаған жұмысымыздың нәтижесі деуге болады. Сондықтан да бұл – бірегей тока­мактың бірі. Физикалық параметрі жағынан да бірегей. Расын айту керек, мұндай құрылғы ТМД елдерінде ғана емес, әлемде де жоқ. Себебі плазманың бетіндегі құбылыстарды, атомдық процес­терді зерттейтін арнайы маманданды­рыл­ған токамак әлемде бірінші десе де болады», – дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста