Есің болса көкірегіңді жап

Қазақтың күйі неге күрт құбылып барады? Біз атам заманнан бері «Аспанға жазам сенің есіміңді», – деп анасын көкке көтеріп, «қыз жат жұрттық», – деп, оған төрін берген ел емес пе едік?! Ал онда неге бүгінде «үйленерде жар болатын қыз таппайтын» жігіттердің қарасы көп? Сонда бойжеткеннің бағасын білмей жүрген ер азаматтар ма, әлде құнын құлдыратып алған қаракөздеріміздің өзі ме? «Сұлулық – әйелдің бағы, қадіріне жетпесе – соры» дегенді данышпан қазақ тектен-текке айтпаса керек. Көпке топырақ шашпаймыз, әрине. Әйткенмен бүгінгі кей қыздарымыздың жаға ұстатарлық қылығы күн өткен сайын азаюдың орнына өршіп барады.
Айтыскер Мұхаммеджан Тазабеков: «Бір ұлтты жою үшін оның әйелдерін бұзу керек. Сонда олар нағыз батырларды тәрбиелей алмайды»,-деген еді. Шынында, күн өткен сайын ұсақталып, жыл жылжыған сайын жасық, әлсіз жігіттердің көбеюі ненің немесе кімнің кесірі? Жақында ғана қазнетте жарияланған жартылай жалаңаш қыздардың видеосы мен фотограф Данил Олейниктің парақшасындағы қазақстандық модельдердің тыржалаңаш суреті дүйім жұртты дүрліктірді. Расында, «мода» қуған жастардың бара-бара етегі қысқарып, төсі ашылып бара жатқанына зығырданы қайнайтындардың ендігі бұған да еті үйрене бастаған еді. Бірақ бір-біріне тақап көкірегін көлегейлегендей кейіп танытып, қолдарымен өзара бір-бірін «демеген» қыздардың қылығы қалың жұртты қынжылтпай қоймады. Алайда ара-тұра «өнер ғой» деп түсіністік танытып жатқандары да жоқ емес. Осыдан соң бізде де, баласын емізуге ұялып, «етегі түрілген» деген сөз құлағына түрпіей тиіп, оны тірі өлімге балаған қазақы болмыстан қол үзіп бара жатқан жоқпыз ба деген сұрақ туындады. Тіпті соңғы уақытта бойжеткендеріміздің жалаңаштануына қыстың қақаған аязы да қарсы тұра алмайтын сияқты.
Әдетте той-томалақ дегеніңіз екі жастың қуанышын бөлісіп, ақ тілектер ағылатын мереке. Алайда ол да бара-бара жын-ойнаққа айналып барады. Ол, анау-мынау емес, той соңында тартынбай етегін көтеріп, жерге аунап-қунап, бар-жоғын көрсететін бишісымақтарымыздың арқасы. Оған қоса жақында интернетке шешініп, жұрттың назарын өзіне аударған қыз кейпіндегі сайқымазақ қуыршақ шықты. Одан соң мына бастан ана басқа дейін балалар ойыншығымен «көкпар шауып» көйлегінің қайда қалғанын білмеген дап-дардай әйелдерді де көрдік. Міне, ұл-қызына ақыл айтып отыратын аналарымыздың тірлігі осындай болса, жастарға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа қайдан табыла қойсын. Осыдан біраз бұрын елімізде студенттер күні тойланды. Онда да тараздық жастардың ыңғайсыз ойыны жұтшылыққа жаға ұстатты. Ал одан бұрын «Мисс бикини ТМД-2015» байқауында көк туымызды іш киіммен желбіретіп шыққан бойжеткенге де ел оң қабақ таныта қоймаған. Ал Алматы көшесінде жүйткіген көліктің төбесінен басын шығарып, ырғатылған жартылай жалаңаш бойжеткеннің видеосы жаз бойы әлеуметтік желілерде «хит» болды. Сондай-ақ Ақтауда түсірілген көшедегі орындықта «ашылып-шашылып» ұйқыға кеткен ару туралы видео да сорақы. Полиция қызметкерлерінің көлігіне қымсынбай жайғасып кете барған бойжеткеннің мұнысы қазақ қыздарына деген құрметтен жұрдай қылмағанда қайтсін?!
Әйелзатының жалаңаштануы жөнінде орыс оқымыстысы Леонид Китаев өзінің бір сұхбатында: «Соңғы он жылда мода әйел денесінің әуретін көрсетіп, оны жаппай жалаңаштап жатыр. Кіндігі мен қарнын көрсетіп жүру қалыпты жайтқа айналып барады. Денесіне жабысқан джинсы кию сәнге айналды. Мен бұларға дәрігер, физиолог ретінде көз саламын. Бұның барлығы еркектің нәпсісін оятады. Қалада өмір сүретіндер күніне осындай 100-200 әйелге сұқтанып қарайды екен. Осыдан кейін кез-келген еркекте құмарту сезімі пайда болады. Ал нәпсінің оянуы қандағы андропогеннің көлемін көбейтеді. Бұл түбі әртүрлі ауруларға алып келеді»,-депті. Енді өзіңіз ойлаңыз, елімізде ер азаматтардың дені денсаулығынан айырылса, ұлт жойылмағанда не болады?! Аталмыш сұхбат, әрине, көрші Ресей туралы әңгіме. Бірақ еліктеуден алдына жан салмайтын жастарымыздың көптігінен бе, әлде жастарға тәрбие беретін аға буынның азайғанынан ба, әйтеуір, бұл сөздер бір қарағанда бізге де қарата айтылған сияқты.
Көне гректер мен ежелгі римдіктерде әйелдердің тәніне сұқтанып, табынатын діни ғибадат болған. Осының салдарынан олар ешқандай соғыс пен ішкі қақтығыстарсыз жер бетінен де, әлем картасынан да жойылып кеткен. Бізде де қысы-жазы қала кезсеңіз тәнін жалаңаштап тұрған жарнамалардан көзіңіз сүрінеді. Ол аздай, Атырауда көшедегі көліктер көп өтетін орында екі қыз, жаз деген осы екен дегендей, іш киімдерді жарнамалаған еді. Мұндай жайттар жіпке тізе берсек жетіп артылады. Бұл жөнінде қазақтың біртуар жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды»,-деген екен. Алайда қазір теледидарда да, айналамызда да, тіпті көз алдымызда да жалаңаштанғандардан көз аша алмай жүрміз.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Иман мен ұят бір жерде. Біреуі кетсе екіншісі өзі-ақ кетеді» деген екен. Құдай ұяттан да, иманнан да айырмасын.

Мақпал ТӨРЕБЕК
www.korr.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста