Есет батыр кесенесi жанынан шошқа фермасы салынып жатыр

Есет батыр кесенесi жанынан шошқа фермасы салынып жатыр

Алға ауданының Бестамақ селолық округiнiң жанынан «Парижская коммуна» ЖШС бұрынғы құс фермасының орнынан шошқа фермасын ашпақшы болып отыр. Ферма құрылысы Есет батыр мазарына жақын тұстан салынып жатыр. «Коммуналықтардың» iске қатты кiрiскенi сонша – құрылыс жұмыстары екi жыл бойы жүргiзiлiп келедi. Бiз барғанда серiктестiк басшылығы жүздесуден қашқақтап, құрылысты қоршай салынған дуал iшiне «бас сауғалай» жөнелдi. 
«Ауыл, аудан басшылары халықтан қорықпаса да, Есет батырдың аруағын сыйламай ма?» – дейдi ауыл тұрғыны Аманғос Ғабдуллин ақсақал.  Ауыл маңында жерленген Есет батырдың аруағына бас имейтiн жан жоқ. Дертке шалдыққандар батыр басына түнеп, Алладан жәрдем тiлеп жатады. Шаруашылықтың салынғаны, оның игiлiгiн пайдаланған сiрә да жақсы. Бiрақ шошқа фермасынан бұрын құс фермасын қалпына келтiру әлдеқайда ұтымды болмас па едi...
Бүгiнде облыста Мәртөк ауданы  ең көп шошқа асырайтын аудан. Сонымен қатар Ырғыз, Байғанин, Шалқар және  Ойыл аудандарында да шошқа өсiрiледi. Кеңес одағы кезiнде  облыстағы доңыз саны 18  мыңды құраса, қазiр ақтөбелiктер қабандар қарасын  68 мыңға жеткiзiп отыр. Одақ кезiнде Мәртөк ауданының Хлебодар селолық округi ең көп шошқа «шоғырланған» шаруашылық ретiнде танылған болатын. Доңыздың көптiгi сондай – сол шошқаның нәжiсiн төгетiн орын толып кетiп, оның қалдығы сол маңдағы  көлдер мен Елек өзенiне құйылып жататын. Сол кезде құдық сулары да кермек татып, адамды қойып, мал да iше алмайтын дәрежеге жеткен. Тұрғындардың шамасы жеткенi осы күнге дейiн қаладан су тасып iшсе, шамасы жоқтар кермек суға «кенелiп» отыр. Ендi сол жағдай Бестамақта да өрiстейтiн түрi бар. Сайып келгенде, осы күнге дейiн Хлебодардағы түйткiлге көз жұма қараған жауапты басшылар сол жағдайдың тағы да қайталануына жол берiп отыр.

Сұлтан ҚҰРМАНӘЛI, Облыстық  мал шаруашылығы  бөлiмiнiң бастығы:
– Бестамақтан шошқа фермасының салынатыны рас. Бұл облыс үшiнде, сол аймақтың тұрғындары үшiн де маңызды шаруа болайын деп тұр. Ең алдымен бестамақтықтар үшiн жаңадан жұмыс орындары  ашылмақ. Екiншiден, бұл – өнiмнiң көзi. Сол арқылы облыс қазынасына қаншама пайда түседi. Салық жағынан да тиiмдi. Сондықтан бiз «Париж коммунасына» қаржылық жағынан демеу жасап, яғни құны төмендетiлген кредит бердiк. Ферма маусым айынан бастап жұмыс iстей бастайды.
Бауыржан ДАСТАНҰЛЫ, Бестамақ ауылының имамы:
– Дiн тұрғысынан қарағанда шошқа асырау және оның өнiмiн пайдалану –    мұсылманға жат қылық. Тiптi дiн туралы бiлмейтiн адамдардың өзi шошқаның адам ағзасына қаншалықты зиянды екенiн жақсы бiледi. Есет батыр кесенесi маңында шошқа фермасының ашылуына дiн жолында жүргендер ғана емес, ауылдың барлық тұрғындары қарсы болып отыр. Алла тағаладан осы доңыз асырайтын орын ашылмаса екен деп тiлеймiз.

P.S.
Күллi мұсылман баласы құбылаға қарап жерленетiн болса, Есет батыр ала бөле батыс жаққа қарап жатыр. Бұл әулиенiң өз өсиетi болған. Ел аузында «Есеттiң үш арманы» деген бар. Ол – жау қолында өлмедiм, ақмоншақ ат мiнбедiм, ақмаңдай ұл сүймедiм деген. Сөйткен өр Есет бабамыз мәңгiлiк мекенiнiң сасыған доңыз қораның маңынан орын тебетiнiн бiлдi ме екен? Ақтөбе жұрты арқалы ердiң аруағын сыйламайтын болғаны ма?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста