Еркектің жайын кім ойлайды?

Еркектің жайын кім ойлайды?

Қазақстандағы отбасылардың шамамен 15 пайызы бала сүюге қабілетсіз. Оның басты себептерінің бірі – ер мен әйелдің бедеулігі. Мамандардың сөзіне қарағанда, соңғы жылдары әсіресе белсіз еркектердің саны артып барады. Сондықтан ер-азаматтардың денсаулығы туралы сөз қозғау маңызды болып табылады.
Жалпы, қоғамда нәзік жандылардың са­ны ерлерден артық екені белгілі. Қазақ­стан­да әр ер адамға алты-жеті әйел аза­ма­тынан келеді деген пікірлер де жоқ емес. Алайда бұл статистикаға қарап, елімізде ұл балалардың туылу көрсеткіші төмен деп санауға болмайды. Ер-аза­мат­тардың қо­ғамда аз болатын себебі, олар жасы ұлғая келе түрлі кеселге шалдығып немесе теріс қылықтарға бой алдырып, әйелдерге қа­рағанда ерте көз жұмады. Сөзіміз дәлелді болу үшін статистикалық дерекке назар ау­да­райық. Мәселен, псиоактивті заттарды қол­дану бойынша есепте тұрғандардың 88 пайызы, спиртті ішімдік қолданатын­дар­дың шамамен 89 пайызы, АҚТҚ ин­фек­циясын жұқтырғандардың мөлшермен 71,9 пайызы, сифилиске шалдыққан­дар­дың 51 пайызы ерлер екен. Сондай-ақ жыл сайын республикамызда 152 мыңға жуық адам қайтыс болатын болса, оның 56,8 пайызы ерлердің үлесіне тиеді. Ер­кек­тер денсаулығына қатысты екінші бір үлкен проблема – бедеулік ау­руы­ның белең алып бара жатқандығы. Ма­­мандар­дың айтуынша, жуырда Уро­логия ғылыми ор­талығы ерлердің ре­продуктивтік жү­йе­сінің жай-күйін шынайы бағалау үшін 24 000-нан астам еркекке тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде әрбір екінші еркектің белсіздік ауруына қатысы бар екені, әрбір үшінші еркектің бала ұрықтандыруға қабілетсіз екендігі анықталды.
Тамерлан ҚҰСАЙЫНОВ, Урология ғылыми орталығының андрология бөлімшесінің меңгерушісі:
– Қазір дәрігерлерді ер-азамат­тар­дың денсаулығы алаңдатып отыр. Дегенмен ерлердің барлығын бірдей тексеруден өткізетін бағдарлама әзір­леу мүмкін емес. Қазақстанда 8 мил­лион еркек болатын болса, олардың бә­рін жеке-жеке тексеріп отыру мем­ле­кетке ауыр тиеді. Бұл проблеманы ше­шу үшін жаңаша технология ойлап та­буымыз керек. Алғашқы санаттағы дә­рігерлерді дайындауды қолға алу қажет.
Болат ШӘЛЕКЕНОВ, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты урология және андрология кафедрасының меңгерушісі:
–    Соңғы жылдары елімізде ер­кек­тердің денсаулығын түзету мақсатында біраз шара қолға алынды. Мәселен, әрбір учаскелік емханада ерлердің жағдайын тексеретін арнайы дә­рігерлер жұмыс істейді. Бала болу үшін олар арнайы анализ жасап, тексеру жүр­гізеді. Ең бастысы, ер-азамат­та­рымыз дер кезінде дәрігердің алдынан өтуі тиіс.

Дерек:
ҚР Статистикалық агенттігінің деректеріне қарағанда, 2010 жылдың алғашқы айындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 16 036,1 мың адам өмір сүреді екен, оның 8 миллионға жуығы ерлер болса, қалғандары нәзік жандылардың үлесіне тиеді. Пропорционалды түрде айтар болсақ, елімізде 1000 еркекке 1078 әйелден келеді. Сондай-ақ бұл арақатынас жылдар өткен сайын алшақтап барады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста