Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев енді балаларды шетелге шығару үшін ведомствоның рұқсаты қажет болатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, қазақстандық балаларды Қырымға әкетудің жаңа фактілері жоқ.
«Білім басқармалары мен білім беру ұйымдарына ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеті қойылған. Бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Министрлік балаларды барлық қауіптерден қорғау бағытында әрдайым өз саясатын жүргізеді», деді Ғани Бейсембаев.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz