Еңбегі ерен мұнайшы

Еңбегі ерен мұнайшы

Әлемге қара алтынымен әйгілі болған Атырау өңірінде мұнай өндіруді игерген аға ұрпақтың өмір жолы қашанда келешек үшін үлгі-өнеге болары сөзсіз. Қара алтынды алғаш игерген аталарымыздың ұрпақтарының өзі бүгінде 80-ді еңсеріп қана қоймай, өздерінен тараған ұрпақтың мұнайшы болған қызығын көріп келеді. Қара жердің астындағы қазынаны жер бетіне шығаруда ерең еңбегімен еленген майталман мұнайшының бірі – Байдолла Қожахметұлы.


Бүгіндері 85-ке келген ардагер мұнайшы өзі сан ондаған жыл еңбек еткен Мақат ауданына қарасты Байшонас елді мекенінде тұрып жатыр.
Мұнайлы Ембімен тағдырлас Байдолла Қожахметұлының мұнай саласындағы ал­ғашқы еңбек жолы электр дәнекерлеуші­лік­ке үйренуден басталды. Тіпті сол кездегі білікті кадрларды дайындау мақсатында Ресейге оқуға жіберілетін ұтымды әдістің нәтижесінде Байдолла Қожахметұлы да Мәскеуге барып, 6-разрядтты электр дә­не­керлеуші маманды­ғын алған бойда ауылына келіп, кәсіби білікті маман болып жұмысын жалғастырды. Мәс­кеу­ге барып екі ай оқыған курстық оқу бар болғаны 20 жастағы адамға білімсіз күн жоқ­тығын ескерткен мерзім дей келіп, Байдолла Қожахметұлы еңбек жолында өзі­не қамқор болған Қожахмет Ізімберге­новтің кеңесіне құлақ асып, сол кездегі Гурьев (қа­зіргі Атырау) мұнай техникумы­на оқуға түсіп, техник-механик маманды­ғын алып шығады.
Білімнің өзі тәжірибеден анық көрінеті­ні сөзсіз. Механик Байдолла Қожахметұлы­ның қызметтестерімен бірігіп, 70-жылдар­дың басында сорғы құбырларының бұрандасын жаңғырту тәсілдерін ойлап тапқан­дығы, са­йып келгенде, өн­діріске 10 мың­даған қаржы үнемдеуге жол ашқаны мұнай өндірудің тарихында қатталып қалды.
Жалпы, ардагер Байдолла Қожахмет­ұлының еңбек жолы туралы сөз болғанда аңғарғанымыз, механик мамандығын игер­ген жанның ұңғымаларды жөндеу арқылы мұнай өндіру көрсеткішін арттыру және өзге де ұтымды тәсілдерді ойлап та­бу­да қызмет­тестерімен жасаған тәжіри­белері арқылы мұ­най саласының дамуына қосқан үлесі туралы біліп, қанығамыз.
Тентексор учаскесінде бірнеше ұңғы­ма­лар батпақты сор ішінде тұрды. Аймақ­тың кли­матын білетін адам қыс айларында осы ұңғы­маларды жөндеуде техник-меха­ник­терден қандай күш-жігер талап ететінін біле­ді. Біз сол ұңғымаларға баратын жол­дарға топырақтан дамбы жасадық. Нәти­жесінде ұңғымалар іс­тен шыққан сәтте ол­арға жету жолдары жеңіл­деген соң уақыт ұта алдық. Сөйтіп, 1954 жылы мұнай өнді­ру жоспарын – 102,8 пайызға, 1955 жы­лы 123,5 пайызға орындап шықтық. Сол жылы алдыңғы жыл­мен салыстырғанда ұңғымалар тоқталысын 4200 ұңғыма-са­ғат­қа қысқартып, жүздеген тонна мұнай­дың артық өндірілуіне мол мүм­кіндік туды. Ол кезде құрал-жабдықтар қат мезгіл еді ғой. Қазіргі күні мұнай саласында жасай­тын ұрпақ ол қиындықтардың бірін де көр­ген жоқ. Бүгінде әлем елдеріне «Қаз­Мұ­найГаз» ұлттық компаниясы деген дар­дай ата­ғымен танымал отандық компания зама­науи технологияларды енгізуде көш бастап тұр. Соның нәтижесінде мұнайшы­лар атқа­ра­тын қызмет түрлері жеңілдеді, – деген Бай­долла қария қазақ баласының қара ал­тын­ның нәсі­бін көріп отырғанына шүкіршілік етіп отыр.
Ақиқатында, Байшонас мұнай өндіру басқармасының мұнай өндіру цехында электрмен дәнекерлеуші, слесарь-жөн­деу­ші, шебер-механик, аға инженер, бу­мен, сумен қамтамасыз ету цехының бас­ты­ғы қызметіне дейін білімі мен біліктілігін ұштастырып, мұ­най саласында өзіндік қол­таңбасын қалдыр­ған Байдолла Қожахмет­ұлы өзімен қызметтес болған М.Жұмаға­зиев, Е.Дүйсенғалиев және басқа да май­талман мұнайшылармен бірігіп мұнай айдайтын құбырларды төсеп, резер­вуар­ларды тұрғызуда, газ айыратын торап­тар мен насос стансыларын пайдалануға бе­ру­де үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар ат­қарып, шеберліктерін көрсете алды.
Ембі мұнайының тарихын ақтарып қа­ра­сақ, өндіріске экономикалық пайда, қор­шаған ортаға зияны болмайтын қондыр­ғы­лар­ды, соның ішінде артезиан ұң­ғы­мала­рына 8АПВ,10АПВ насостарын енгізу, элек­тропештің бас қорабын, бөл­шектерін қайта жасау, пайдалану мерзімін ұзарту секілді ұсы­ныстарды мұнай өндіру саласында тәжі­рибеге қолдану жұмыс­та­рын ұсынуда Жәу­кен Досқалиев, Бағыт Серік­баев, Байдолла Қожахметұлының себепкер болғанына куә боламыз.
Қара алтынды игеру кәсібінде орта білім­ді электр дәнекерлеуші болып қыз­метін бастаған Байдолла Қожахметов – Жылыой мен Мақат ауданына қарасты Терең­өзек, Көшкімбет, Тентексор мен Қар­сақ кен орын­да­рын игеруге қатысып, мұнай өнеркәсібі саласында абы­ройлы еңбек еткен жан. Мұ­най өндірудің қиын-қыстау уағымен еңбек жолы қатарлас кел­ген Байдолла Қожахмет­ұлының айтуынша, ҚазКСР-нің еңбек сіңір­ген мұнайшысы Қуа­ныш Құдабаев басшылық еткен жыл­дары Байшонас елді мекені мен Қарсақ кен ор­нында жұмыс жасайтындар үшін барлық жақсы жағдай жасалды. Бала­бақ­ша мен мәдениет үйі, медициналық қо­сын, дүкендер секілді адам үшін ең қажетті нысандардың жұмыс жасауына мүмкіндік ту­ғыз­ды. Сол бір жылдарды еске алған Бай­долла Қожахметұлы сол жылдары мұнай қорының мол болуынан мұнайшы отбасы­лары қоныстанған Байшонас елді мекенінің қазіргі халіне жаны ашиды. Өйткені мұнай қоры сарқыла бастаған Бай­шонас елді меке­нінде бұрынғыдай қызу тірлік бүгінде жоқ. Жағ­дайы бар отбасылар әлде­қашан қалаға не болмаса аудан орта­лығына көшіп кеткен. Бүгінде осы елді ме­кенде жас­тық шағы өткен, ерен еңбектің куәсіндей бол­ған ардагер Бай­долла қария сынды адамдар ғана тіршілік етуде.
 Соңғы жылдары Мақат ауданына қарас­ты Комсомол, Қошқар, Байшонас пен Ескене елді мекендерінің қоңырқай тір­ші­лігі өзекті мәселе болып жергілікті ат­қа­рушы биліктің назарын аударып қана қоймай, бұл мәселе Үкіметке де жеткен бо­ла­тын. Осыдан бірер жыл бұрын Қош­қар және Комсомол елді ме­кендері тұр­ғын­дары Махамбет ауданындағы жайлы пәтерлерге қоныс аударды.
Ал Байшонас пен Ескене елді мекендері тұрғындарын көшіру мәселесі биылғы жылы өзектілігімен ел Үкіметі мен «Қаз­МұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығының наза­рын өздеріне аудар­ды. Байшонас пен Ес­ке­не елді мекенде­рін инфрақұрылым тұр­ғысынан жаңарту бюд­жетке қыруар қара­жат қажет ететіндігі ескеріліп, осы екі елді мекендегі тұрғындарды да көшіру мәселесі өткен жылы оң шешімін тапты.
Саналы ғұмыры Байшонаста өткен Бай­дол­ла Қожахметұлы өзі қимаса да, балалары мен немерелерінің болашағы үшін қалаға көшуге ниетті болды.
Мұнай алғаш табылған жылдары тір­ші­ліктің қайнаған ортасы болған Байшо­нас­тықтардың ахуалы нашарлап кеткені рас. Жол жоқ, қыс айларында көп қиын­дық көре­міз. Заманымыздың жақсарғаны­нан кішкене ауылдарды қалаға, ауданға көшіру мәселесі өз шешімін тауып жатқаны жақсылық қой. Ең бастысы, оған жергілікті биліктен өзге талай жыл маңдай теріміз төгі­ліп қызмет еткен мұнай саласының алпауыты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компа­ниясы қолдап жатқаны туралы естіп, қуа­нып отырған жайымыз бар, – деп ег­емен­діктің арқасында жаңарған жасампаз қазыналы Атырау қаласына жаңа қоныс­қа  ие болу бақытына ие болғалы отырған Бай­долла ақсақал өзінен өрбіген ұрпақ­тар­дың да мұ­най саласында еңбек етіп жат­қанын мақ­та­ныш­пен айтты.
Өмірлік жары Жұмағыздың құр­са­ғынан Бақытжан, Ізғали, Бақтыгерей, Би­сенбай, Асқарбай атты ұлдар мен Лиза, Лида мен Лена есімді қыздары дүниге келді. Алайда ата-ана атану бақыты бұйырған отбасының ота­насы 49 жасында дүниеден озып, Бай­долла ағамыз балаларының бәрін өзі аяқ­тандырды. Әке­лерінің өмір жолында көрген қиындықтарын жіті түсініп ержет­кен ұл-қыздары – бүгінде әкелерін аялап отырған өнегелі ұрпақ. Ұлы Ізғали Атырау­дағы «Емб­імұнайгаз» АҚ-да инженер, Бибі­хандай иман жүзді ке­ліншегі әкесінің қас-қабағына қарап, ал­ды­нан кесе-көлденең жүрмейді Бақ­ты­герей – Бай­шонастағы қара шаңы­рақтың иесі. Мұнай саласында ауысым­дық қызметте опе­ратор болып еңбек етуде. Келіншегі екі ұл мен екі қызды дүниеге әкеп, мұнайшы­лар от­ба­сының династиясын жал­ғас­тыр­ды. Қыз­дары Гүлнәз бен Гүлфайруз гу­ма­нитар­лық білімді қаласа, ұлдары Риза­бек пен Нұр­лы­бек мұнай саласында қызмет етуде. Бай­дол­ла қарияның Асқар­бай есімді ұлы – элек­трик.
Барлық ұлдары мен қыздары өмірде өз орындарын тауып, берекелі отбасы болып отырған үлкен шаңырақта немере мен жиен­дердің, олардан өрбіген ұрпақтардың қызы­ғына бөленіп отырған Байдолла Қожахмет­ұлы қазақтың қара домалақ бала­сына бұ­йырған қара алтынды игеруде өзіндік қол­таңбасы қалған майталман мұнайшы болуы­мен бүгінгі ұрпаққа өнеге болып отырған тұлға екені сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста