Емханаға тіркеу науқаны аяқталды

Емханаға тіркеу науқаны аяқталды

Биылғы қыркүйек айында еліміз бойынша емханаға тіркелу науқаны басталған болатын. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі шараны биыл тұңғыш рет «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ өткізді. Шара барысында бұрын-соңды тіркеуге тұрмаған тұрғындар қалаған емханасына барып тіркелуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бұл науқан азаматтардың медицина мекемесін таңдау құқығын іске асыруға мүмкіндік берді. Қор өкілдерінің дерегіне сүйенсек, қазақстандықтар науқанға үлкен қызығушылықпен қатысқан.

Биылғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық емхана таңдау құқығын пайдаланды. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткішпен салдыстырғанда екі есе көп. Ендеше, бұл жұртшылық тарапынан тіркеу науқанына деген қызығушылықтың артып, азаматтардың кампания мен емхана таңдау құқығы жайлы көбірек біле бастағанын растаса керек.
Қазір Қор медициналық ұйымдардан келіп түскен мәліметтерді сараптаумен айналысып жатыр. Желтоқсанның бірінен кейін жеке меншік және мемлекеттік емханалардың пайыздық ара-қатынасы, олардың аймақтар деңгейіндегі үлесі жайлы толық мәлімет берілмек. Бірақ қазірдің өзінде қазақстандықтардың едәуір бөлігінің жеке меншік клиникаларға тіркелуге ниет білдіргені анықталып отыр.
Тіркеу науқанының әсіресе, жеке меншік кабинеттер, орталықтар мен клиникалар көптеп орналасқан Алматы, Астана сынды үлкен қалалар үшін маңызы зор. Биылғы жылы Қарағанды облысы да үлкен белсенділік танытты. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы облысында да жеке меншік клиникалар науқан барысында ерекше белсенділік көрсетті.
Жалпы, еліміз бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 18 млн астам адам тіркелген. Тәртіп бойынша емханаға тіркелу құқығын пайдаланбаған азаматтар автоматты түрде тұрғылықты жеріндегі денсаулық сақтау нысанына тіркеледі. Тұрғындар өзінің қай емханаға тіркелгенін e-gov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кеңесшілерден анықтап біле алады. Бұл туралы нақты баяндайтын нұсқаулықтар мен инфографикаларды Қордың ресми сайтынан алуға болады: https://fms.kz/ru/content/poleznye-materialy
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Ерік Байжүнісов: «Биылғы науқанның басты артықшылығы – емханаға тіркелу мүмкіндігін пайдаланғандар санының 300 мыңнан асуы. Бұл соңғы жылдардағы көрсеткіштен екі есе артық деуге болады. Яғни, халықтың науқанға деген қызығушылығы артып келеді деген сөз. Бұрын тіркеу науқанын жергілікті басқару органдары өткізетін және ол аймақтық деңгейде ғана жүргізіліп келді. Емхана тіркеген пациенттерінің санына қарай ақша алады. Шын мәнінде, бұл жүйеде ақшаны халық төлейді. Біз жақын болашақта осы жүйені жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Қазір Қордың ұсынысы негізінде Денсаулық сақтау министрінің тіркеу науқанына қатысты бұйрығы әзірленді. Бұйрық күшіне енгеннен кейін тіркелу процесі бұрынғыдан да жеңілдей түседі деп үміттенеміз».

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста