Елордада жыл басынан бері 150-ге жуық бала іс-түссіз жоғалған

Елордада жыл басынан бері 150-ге жуық бала іс-түссіз жоғалған

Алма дегенді алатын, барма дегенге баратын ол, әрине - бала. Ісі оның шала, ойында тек дала. Әдетте, ата-аналар өз балаларына «бөтен адамға жолама, бейтаныс адаммен сөйлеспе» деп айтып отырады. Ал, ойын соңында жүрген бүлдіршін бұл ескертпелерді қаншалықты ескеріп жүр? Осыны тексеру үшін Аstanatv.kz тілшісі әлеуметтік эксперимент жүргізіп көрді - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Тілші ата-аналармен алдын-ала келісіп, балаларын біраз уақытқа жалғыз қалдыруын сұраған.

 

-Чупа-чупс, мороженое жейсің ба? – Воды хотел и мороженое. А, хотел еще коктейль. – Давай, жүр онда алайық магазинге барып. - Іздемейді ма апа? – Ұрыспай ма? – Жоқ! - Саған бәреумен барма деп айта ма? – Ну, да.

 

Бала, баланың ісі шала! Әжесі 5 минут бұрын ғана ешкімнің соңынан ерме десе де, «тәтті» дегенді естігенде бәрін ұмытып кетеді.

 

-Мамаң мен папаң іздейді ғой сені. Не болды? Сосын мен жылаймын ғой. Почему так делаешь? – Что-то не подумал. – Нельзя олай. – Теперь так не буду.

 

Әлеуметтік зерттеуді әрі қарай жалғастырдық. Көздегеніміз - аулада ата-ананың қарауынсыз жүрген мына үш қыз.

 

-Сенің атын кім? – Мариям. Аружан. – Менің де атым Аружан. Кім барады мемен бірге? – Мен, мен.

 

Балмұздақ дегеніме алданып, бұл қыздар да соңымнан ерді.

 

Біреу су алып беремін, мороженое алып беремін десе де, не істейміз? Бармаймыз.

 

Көрші үйдің ауласында да ойнап жүрген бүлдіршін көп. Жақындап барып, әңгімеге тартып едім, тез сеніп қалды.

 

- Жүр магазинге барып келейік мамаң келгенше. Қайда бар магазин?

– Әне, тұр ғой.

 

Эксперимент көңіл көншітпеді. Жанына барып, жылы сөйлегеннің бәрі соңымыздан еруге дайын болды. Осыдан кейін жоғалған баланың саны артпай, қайтсін?

 

ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ӨКІЛІ:

 

– Жоғалған балалардың көбі ата-ана қарауынсыз қалған. Анасы дүкенге кетіп қалады немесе телефонға үңіледі. Міне, дәл осындай жағдайда жоғалған фактілер көп тіркеледі.

 

Елордада жыл басынан бері 150-ге жуық бала іс-түссіз жоғалып кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста