Елорда дәмханаларына ит етін сатқан адам сотталды

Елорда дәмханаларына ит етін сатқан адам сотталды

Шортанды ауданында иттерді заңсыз атумен және олардың етін сатумен айналысқан тұрғынға сот үкімі шықты. Бұрынғы ветеринария қызметкері 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жануарларға қатыгездік жасау туралы қылмыстық іс 20 ақпанда тіркелген. Белгілі болғандай, Шортанды ауданы Дамса ауылының 41 жастағы тұрғыны қаңғыбас иттерді аулап, етін сатумен айналысқан. Полиция ер адамның үйін тінту кезінде 750 келі ит етін тапты.

 

«Полицейлер анықтағандай, ер адам бұрын ветеринария қызметінде жұмыс істеген және иттерді қалай атуға болатынын білген. Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту барысында «Аделин-супер» препараты бар 26 дротик, 190 дротик салынған 19 пластина, инесі бар шприц, тұтқыш табылды және соттан кейін бәрі жойылды», - деп хабарлады ведомстводан.

 

Сонымен бірге, полицейлер Шортанды аудандық полиция бөлімі тергеушісінің жедел жұмысын атап өтті, ол төрт томдық материалды екі апта ішінде сотқа жіберген.

 

«Шортанды ауданы сотының үкімімен ер адамға қатысты 200 АЕК, яғни 690 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Қазіргі уақытта бұл айыппұл төленді. Азаматтарға заңсыз атуға және жануарларға қатыгездікпен қарауға заңмен тыйым салынғанын еске саламыз», - деп түйіндеді полиция.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста