Еліміздегі сүр бойдақтар Қазақстан әскерінен екі есе көп

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Еліміздегі № 1 демограф һәм санақшы Мақаш Тәтімовтің кәрі қыздар проблемасымен қатар, сүр бойдақтардың да тым көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қаққанына да біраз жылдың жүзі болды. Алайда оған үн қатып, үлес қоссам дейтін сүр бойдақ табылмады. Керісінше, сүрленген бойдақтардың саны жыл жылжыған сайын қарасы қалыңдап барады.
Мақаш ағамыз шырылдап, «осы мә­се­лені шешу керек» деп қанша айқай­ла­ға­ны­мен, «жартасқа бардым, күнде айқай сал­дымның» кері болып шықты. Осыдан үш жыл бұрын санақшы көкеміз сүр ­бойдақтардың саны 150 мыңнан асып кет­ті деген-тұғын. Одан бері де дәл осы үй­леніп, үйелменді болуға құмар емес жі­гіт­те­ріміздің санын есепке алған жан жоқ. Ста­тистика агенттігінің сайтын ары ақтарып, бе­рі ақтарып, сүр бойдақтардың санын бі­ле алмадық. Қалың қол әскердей, яғни сол 150 мыңның сапын толтырып жүр­ген­дер­дің дені – 30-дан асып, 50-ге иек ар­тып қалғандар. Бұл – өзекті өртер өкінішті жағ­дай ғана емес, қоғамның да қасіреті. Ма­мандар «соңғы жылдары отбасын құр­ған еркектердің қатары 6 есеге дейін тө­мен­деп кетті» деп дабыл қағуда. Қазіргі жас­тардың 30-40 пайызы отау құруға құ­лықты емес. Олар үшін отбасын құру емес, жан бағу бірінші кезекке шықты. Әуелі материалдық жағдайды ойлайтын олар тұрмыс құруға келгенде тізгінді тарта тұ­руды жөн көреді.
Жастардың отау құруына ынталы емес­ті­гіне бірнеше мәселелер басты себеп. Жа­ла­қының аздығы, баспананың болмауы, ма­териалдық жетіспеушілік... Қыздардың көп­шілігі білім қуып, жастық шағын сарп етсе, жігіттердің дені материалдық жағ­да­йын түзеп алайын деп уақыт өткізіп алады. Бас құрауды ойға алмай, серiлiкпен алтын уа­қытты босқа өткiзiп жүрген сүр бойдақ жiгiттерiмiз өздерiнiң өсiп-өнуiне ғана емес, ұлтымыздың табиғи өсуiне де керi әсер етiп жүргендiктерiн ұғына бермейді. Осы мәселеге тереңірек жіті мән берген бір-екі халық қалаулылары сүр бойдақ са­лығын салайық деп мәселе көтерген еді. Алай­да аяқсыз қалды. Үйленуді аяққа тұ­сау салу, еркiн өмiрден айырылу, өзiн-өзі жа­зықсыз түрмеге айдап тыққанмен бiр­дей деп есептейтіндер өздерінікін жөн са­найды. Мұндай жігіттер әйеліне қоса, ба­ла­сын бағуды мойынға қамыт ілу деп ұғы­нып, одан да азаматтық некеде емін-еркін жүр­генді жөн көреді. Осы себептен де соң­ғы кездері қоғамымызға қауіпті құбы­лыс­тың бірі азаматтық некеге жүгінгендердің са­ны өсіп барады. Халық саны өсімінің ке­ше­уілдеуі экономиканың өркендеуіне де ке­рі әсерін тигізетіні белгілі. Осы орайда айт­пай кетпеуге болмайтын үлкен қауіп бар.
Бүгінде шетелдіктерге, әсіресе қытай азаматтарына тұрмысқа шығып жатқан қыз­дарымыз көп. Оның түпкі мәнісіне те­ре­ңірек үңілсек.... Қазақ халқы сияқты қы­тай­лықтар да ұл баланы ғана ұрпаққа са­най­ды. Осыдан 30 жылдай бұрын әлем хал­қына қауіп төндірер қасірет басталған-тұ­ғын. Аяғы ауырлаған әйел УДҚ (УЗИ) ап­па­ра­ты­на түсіп, шарананың жынысын анық­та­тады. Қыз болса, әрине аборт жа­сатады. 30 жылдан бері үздіксіз жасалған осындай үр­дістен кейін қазір Қытайда «еркек дағ­дарысы» тіптен белең алып кетті. Халқының са­ны 1,5 миллиардтан асып қалған Қы­тай­да жылына 16 миллион бала өмірге кел­се, соның 65 пайыздан астамы – ұл ба­ла. Елдегі ресми мәліметтерге қарағанда, Қы­тайда қазір 20-30 жас аралығындағы үй­ленетін жасқа жеткен еркектер саны 31 мил­лионнан асып кеткен. Осы елдің ста­тис­тиктері енді алдағы 20 жылда аспан асты елінде қыз жетпейтін еркектер саны 70 миллионнан асып-жығылады деп жо­ба­лап отыр. Тепе-теңдік заңын осылайша «шо­лақ саясатпен» бұзған өкімет ба­сын­дағылар енді бұл проблеманы қалай ше­шеміз деп басы қатуда. Бірнеше 100 миллионнан асып-жығылатын сүр бойдақ қытай тек біздің елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне төнген үлкен қауіп екеніне әлем ғалымдары енді назар аудара бастады. Еркек дағдарысынан құтылудың төте жолын тапқан Қытай үкіметі шетел аза­маттығын, басқа мемлекеттің қызын ал­ған өз азаматтарына экономикалық кө­мек көрсете бастады. Өз «қабыландарын» қол­паштаған қытайлықтар өзге елдің аза­матшасына үйленсе, мемлекет тара­пынан мол сый-сияпат тағайындап отыр. Мұн­дай қатерге өз заңымыз есігін айқара ашу­да. «Шетелдік азамат елі­міздің азамат­ша­сымен (?!) некеге тұрса, Қа­­зақстан аза­мат­ты­ғын алуға болады» де­ген заңымыз ал­дағы болашақта үлкен қауіп төндірмек. Тіп­ті бұл әлемдегі №1 мәселеге айналуы да бек мүмкін. Мұндай жағдайда, әрине, өзі­міздің қаракөз сүр бойдақ­та­ры­мыз ау­зын­дағысынан қағылары сөзсіз. Шет­тен кел­гендердің шекемізді шыл­қыт­пасы бе­се­неден белгілі. Шетелдікке кү­йеу­ге тиген қы­зымыз баласын да шетелше тәр­бие­лей­тіні анық. Қытайдан туған жиеннің ел бо­лып жарытпасы тағы анық. Сонда сүр­ бой­дақ синдромымен қалай кү­ресеміз? «Та­қия­лы періштелердің» қа­тарының аза­юы­на көмек қолын қалай со­за­мыз?

Сымбат ҚАЛДАРОВА, дәрігер:
– Кеш некенің кесірі бала санының шектелуіне әкеп соғады. Әйелдің де, еркектің де биологиялық жасын кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан да жігіттеріміз уақытын текке өткізіп, өкініште қалмаса екен деймін. Жасы келген ер адамның ұрық бездері семіп, бала болдыру қасиетінен айырылады.

Шыжық дерек
Қазақ тіліндегі сайттардың бірінде мынадай қасіретті дерек келтіріліпті. Ауылдың атын атауды жөн көрмеген пікір иесі ылғи бойдақтар тұратын ауыл бар екенін қынжыла жеткізіпті. Олардың отау құрмай, соқа басы сопайып қалуына басты себеп экология екен. Ауылдың жанында уран кеніші бар екен. Осы тажал еркек атаулыны белден қалдырып отырған көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста